Тəуелсіз қоғамдағы тұлғаның «ерік бостандығы» тұжырымдамасы Орындаған: Хасенханов Нургиса Тексерген: Ералина Айгуль



бет3/3
Дата10.03.2022
өлшемі23,07 Kb.
#27399
1   2   3
Байланысты:
Ерік бостандығы 4 аптаа

Ерік бостандығы

Адамның өз болмысын меңгеріп, ерік-жігері арқылы табиғи жəне əлеуметтік шектеулерді еңсеріп шыға алу қабілеті. Философияда бұл ұғымды адамның таңдау мүмкіндігін жүзеге асырудың құралы ретінде қарастырады. Адам баласы тумысынан еркін, өз тағдырын өзі шешуге тиіс. Бірақ оның көздеген мақсаттарына жету жолында əр түрлі кедергілер кездеседі. Əрине, дұрыс таңдау, əрекеттік шешім қабылдау үшін білім қажет.



Ерік бостандығы — істі біле отырып, шешім қабылдау қабілеті. Алайда, Ерік бостандығы көп жағдайда түйсіктік-тылсымдық деңгейде жүзеге асады. Ол дұрыс шешім қабылдау мен оны жүзеге асыру, бастаған істі соңына дейін жеткізу, тəжірибе, білім, мəдениет, т.б. алғышарттардан қуат алады. Ерік бостандығы адамның дамып, жетілуі нəтижесінде қалыптасады. Көне рулық қоғамда Ерік бостандығының өрісі тар болды. Жеке адам үшін Ерік бостандығы, белгілі бір қауымдастықтың мүшесі болып, жат бірлестіктерден азат болумен шектелді. “У ішсең — руыңмен” деген қанатты сөздің мəні осында. Тоталитарлық қоғамдарда да ерік бостандығының аясы тар, шектеулі болады. Себебі, бəрін де жеке тұлғадан тыс тұрған əлеуметтік күш, мемлекет, партия, көсем, т.т. шешіп отырады.

Ерік бостандығы шын мəнісінде адам құқыларын қастерлейтін қоғамда ғана жүзеге асады. Тек азаттық бар жерде жеке тұлға өз еріктілігін көрсете алады. Филос. əдебиетте ерік бостандығы сан түрлі пікірталастың нысаны болды. “Адамның еркі сыртқы себептермен айқындала ма, əлде адам өз əрекетінде толық азат па” деген сұрақтың жауабы əр түрлі. Детерминизм теориясы бойынша, əрбір əрекеттің жеке себебі бар, ерік бостандығы шектеулі. Барлық əрекет сыртқы күштердің əсерімен алдын ала айқындалып қойылған делінген пікірді фатализм деп атайды. Тағдыр, жазмыш сияқты ұғымдар осыған сүйенген. Шексіз ерік бостандығын дəріптейтін көзқарасты волюнтаризм деп атайды.

Б) Үстамдылық дегеніміз адамның оқыс қимыл-қозғалыстан, орынсыз сөйлеуден, босқа күйіп-пісуден бойын тежей алу қабілеті. Үстамды адам əр кез терең ойланып, істің тетігін аңғара отыра əрекет етеді. Ол агат істерге бара бермейді, көрсе қызар, яғни нəпсінің қүлы емес. Мүндай адам өзінің бар күш-жігерін тек алдындағы мақсатын орындауға гана арнап отырады. "...нағыз зор ерік дегеніміз бірдемеге тек тілек етіп, соған қол жеткізу емес,— дейді А. С. Макаренко,— сонымен бірге керек болған жагдайда қажетсіз нəрседен өзін бас тарта білуге мəжбүр етуі керек. 



В) Тəртіптілік пен жинақылық Тəртіптілік дегеніміз адамның өз қимыл-қозғалысын, ойы мен тілегін əр уақытта үжымның ырқына бағындыра алу қабілеті. Адам негүрлым өз қылығының қоғамдық мəнін жақсы үғынса, соғүрлым зор сеніммен, белсенділікпен əрекет етіп, өзінің Отан алдындағы жауапкершілігін жақсы түсінёді. Жекешіл, үжымнан оқшауланып жүретін адамда тəртіптілік жағы аз болады. Кісінің тəртіптілігі оның жинақылығымен, іс-əрекетінің жоспарлығымен тығыз байланысты. Адам əр уақытта бір іске кірісерде оны мүқият жоспарлап алады. Адамның тəртіптілігі мен жинақылығы оның қоғамдық əрекетімен қатар жеке өмірінде де ерекше маңыз алады.

г) Ерлік Ерлік дегеніміз алға қойған мақсатына шексіз сенген, сол жолда ақтық демі біткенше бел байлаған, моральдық рухы жоғары адамның  қолынан келетін қасиет. Сонымен қатар, ерлік — батылдық пен үстамдылықтың, табандылық пен тез тоқтамға келгіштіктің адамның басында ойдағыдай тоғысуы.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет