Көркем сөз. Авторы: Ақгүл Тұрсынай «Қайрат Рысқұлбековке арнау»
Оқитын:Байсын Жансұр
І-жүргізуші:
Жас арудың жанарында – Желтоқсан
Қанды ғасыр табанында – Желтоқсан
Қаралы өмір қайыстырған халқымның
Қара тұман қабағында – Желтоқсан
Ән «Желтоқсан жел
Орындайтындар: 6 – сынып оқушылары Шардарбек Нұрсезім, Әуесбек Ұлсая
ІІ-жүргізуші:
Мен қазақпын,биікпін байтақ елмін
Қайта тудым,өмірге қайта келдім
Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске
Айта бергім келеді,айта бергім.
Көркем сөз: Сұлтанмахмут Торайғыров «Мен қазақпын»
ІІ-жүргізуші:
- Қазақстан! Туды алтын дәуірің,
Алғандайсың жұлдыздардың жарығын
Алтын заңың құтты болсын қымбаттым
Туған күнің құтты болсын алыбым!
Армандарды жақындатқан тым алыс
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс
Егемендік ел бақыты ертеңі
О, халайық құтты болсын қуаныш.
Ән: «Туған ел» 6 – сынып оқушысы Сағындыққызы Альмира
І-жүргізуші:
Міне, біздің Қазақстанымыз өзінің тәуелсіздігін алды. Қазақстанның тәуелсіздік алғанына биылғы жылы 31 жыл толғалы отыр. Басы аяғы 31 жылда еліміз ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктер биігінен көрінді.
Атасы_мен_немересі)_Ақырын_басып_қарт_шығады._Орындыққа_келіп_дем_алып_отырады._Осы_кезде_жүгіріп_немересі_келеді.)_Немересі'>Көрініс: «Егемендік деген не?»
(Атасы мен немересі) Ақырын басып қарт шығады. Орындыққа келіп дем алып отырады. Осы кезде жүгіріп немересі келеді.) Немересі: - Ата, не ойлап отырсыз? Атасы: - Ә, балам, атаң не ойлайды дейсің! Сенің болашағыңды ойлаймын, еліміздің болашағы жайлы, өткен өмір жайлы ойлаймын.
Немересі: - Ата, өткен өмір деген не? Атасы: - Ә, балам, «Өткен өмір» сонау ежелгі ата-бабаларымыздың ерте кезден белгілі өткен өмір жолы, тарихы емес пе?
Немересі: - Ал, ол қандай болған? Атасы: - Ендеше, тыңда балам, атаң бір сөйлесін. Болмаса да оқыған тарихшы атам, Жинады ескілерден тарих хатын. Мақсатым, кейінгі ұрпақ ұмытпаса, Айтылған аталардың аманатын. Сондықтан балам, сен де өз тарихыңды білуге тиістісің, сонау ерте кезде біздің ата-бабаларымыз Қазақ руларының басын қасып, халық болып қалыптасуынан басталады бұл тарих. Ал, балам, тарихты тыңдайық.
Достарыңызбен бөлісу: |