«Тәуелсіздік – Мәңгілік елдің тұғыры» Жүргізуші-1: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар! Жүргізуші-2



бет6/11
Дата07.04.2022
өлшемі26,01 Kb.
#30260
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Тәуелсіздік- Мәңгілік елдің тұғыры тәрбие сағаты

10- оқушы. 1998 жылы елордамыз Ақмолаға Астана аты берілді. Сондай-ақ осы жылы елімізде зейнетақы реформасы басталды. Мемлекет зейнетке шығу жасын әйелдер үшін 58 және ерлер үшін 63 жасқа дейін ұзартты.

1999 жыл Ұрпақтар бірлігі мен жалғастығы жылы. Астана қаласы ЮНЕСКО-ның 
«Әлем қаласы» сыйлығымен марапатталды

11- оқушы. 2000 жылдың 10 қазанында Астанада халықаралық экономикалық ұйым ретінде кеден одағына қатысушы мемлекеттердің басшылары қол қойған Еуразиялық экономикалық қоғамдастық құрылды. Аталған қоғамдастықты құру туралы келісімге Қазақстан, Ресей, Беларусь, Тәжікстан және Қырғызстан мемлекеттері қол қойды. Кейін Еуразиялық экономикалық одақ құрылып, қоғамдастық алынып тасталды.

2001 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан халқы Тәуелсіздіктің 10 жылдығын атап өтті. Осы жылы көптеген ауқымды шара ұйымдастырылып, Рим папасы Иоанн Павел II Астанаға келді.

2002 жылы Тараз қаласының 2000 жылдық мерейтой ЮНЕСКО көлемінде аталып өтті. Сонымен қатар осы жылы киелі Түркістанда Дүниежүзі қазақтарының екінші құрылтайы өтті.

2003 жылы Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер жетекшілерінің бірінші құрылтайы өтті. Тарих жүзінде бұған дейін дәстүрлі үш бағыттағы дін басшыларының бір жерде бас қоспағанын ескерсек, бұл Қазақстанның басты жетістіктерінің бірі саналары анық.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет