өңірдегі жасыл аймақты қорғауға бөлінген қаржы көлемі жыл
санап артып келеді.
Табиғат қамқорлығы бақылауда
зере қУАНЫШ
Өңірлік коммуникация алаңында облыс әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат
пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Серік Қойбақов брифинг өткізді. Жиында
орман шаруашылығының тыныс-тіршілігін тілге тиек еткен басқарма басшысы бірқатар
шаруашылықтардың жай-күйін баяндап берді. Өңірдегі орманды қорғау, олардың қорын
молайту және жаңадан орман өсіру шаруаларымен 14 орман шаруашылығы мекемелері
мен «Орманды қорғау жедел қызметі» айналысады екен. Бүгінде орман қорының жалпы
аумағы 4,4 млн. гектарды құраса, оның 2,2 млн. гектары орманды жерлер. Өткен жылы
аталмыш салаға жергілікті бюджеттен 703,0 млн. теңге бөлінсе, биыл 89,1 млн. теңге
бөлінген. Қазір кестеге сай жұмыс жасап отырған басқарма алдағы уақытта Тараз қаласы
мен аудандарда 1456 гектар аумаққа «Жасыл белдеулер» жасалынады деп жоспарлап отыр.
Сондай-ақ орман өртінің жылдам таралуына тосқауыл қоюда жаңа техникалар алынып,
құрал-саймандар сақадай сайланған. Ағымдағы жылдың мамыр айынан бастап «Қазақ
Авиациялық Орман Күзету» мекемесінің 1 ұшағы мен тікұшағы облыс орман қорының 3,2
млн. гектарын әуеден күзетеді. Өрт көлемі де сәйкесінше өткен жылмен салыстырғанда
3 пайызға азайған. Ал мемлекеттік орман қоры аумағында орман ағаштарын заңсыз кесу,
жануарлар мен өсімдіктер дүниесін қорғау мақсатында 891 тексеру мен рейд жүргізіліп,
табиғат қорғау заң талаптарын бұзғандарға барлығы 431 хаттама толтырылған. Оның ішінде
орман заңнамаларын бұзғандары үшін 343, заңсыз аң ату оқиғаларына 58 және заңсыз
балық аулағандары үшін 30 хаттама тіркелген. Сонымен қатар 29 жеке тұлғаға қылмыстық
іс қозғалып, табиғат заңнамаларын бұзушылардан 79,2 текше метр сексеуіл отындары
тәркіленген. Табиғатқа келтірілген залалдың 2,9 млн. теңгенің 1,9 млн. теңгесі өндірілген.
Ал заңды белінен басқан азаматтарға 3,3 млн. теңге көлемінде айыппұл салынып, оның 2,7
млн. теңгесі қайтарылған. Қоршаған ортаны зиянкес, жыртқыш аңдардан қорғауға бөлінетін
қаржының жүйеленуінің арқасында 2013 жылы 355 бас, 2014 жылы 613 бас, өткен жылы
450 бас, биылғы жылы 522 бас қасқыр мен шибөрі жойылған.
– Атқарылған жұмыстар өз жемісін беруде. Жабайы тұяқты аңдардың саны тұрақталып,
кейбіреулерінің өсімі байқалады. Мәселен, 10 жылдың ішінде «Қызыл кітапқа» енгізілген
Қаратау арқарының саны 11, 6 пайызға, қарақұйрық пен үнді жайрасының саны 1,8 есеге
көбейген, – деді Серік Қойбақов.
Сонымен қатар, басқарма басшысы бүгінде балық шаруашылығы су тоғандарының
тізбесі 117-ге жеткенін айтты. Уылдырық шашатын шақта балықтарды тиісінше қорғауды
ұйымдастыру және қамтамасыз ету мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар да жіті назар-
да. «Жер қойнауын пайдалануда да аз жұмыстар жасалынып жатқан жоқ. Инвестиция тарту
және облыстың минералды-шикізат қорын ұлғайту мақсатында биыл 30 нысан бойынша
барлау мен өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын алуға арналған конкурс жарияла-
нып, нәтижесінде 11 нысан бойынша жеңімпаздар анықталды» – деді Серік Мамыртайұлы.
Арайлым ШАБДЕНоВА
Еліміздің Инвестициялар және даму
министрлігі Индустриялық даму және
өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің
ұйымдастыруымен Тараз қаласындағы
«Arai Plaza» қонақ үйінің мәжіліс залын-
да «Беларусь Республикасы мен Қазақстан
Республикасындағы химия өнеркәсібінің
объектілерінде қадағалауды ұйымдастыру
және жүзеге асыру бойынша тәжірибе алма-
су» тақырыбында семинар өтті. Семинар-
ды Индустриялық даму және өнеркәсіптік
қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары
Нұрбек Құнанбаев ашып, халықаралық мәні бар
ауқымды шараның мақсатына тоқталды. Ол өз
кезегінде еліміздегі инвестициялық жобалар
бойынша химия өндірісінде іске қосылып
жатқан өндіріс ошақтарын атап көрсетіп, жалпы
өндіріс орындарындағы төтенше жағдайлардың
алдын алу, апат орын алған жағдайда оған
Тараздың төрінде қазақстан республикасы мен беларусь республикасындағы
химия өнеркәсібінің білікті мамандары тәжірибе алмасты.
қауіпсізДік - екі елге ОрТақ
алқалы жиын.
жұмылдырылатын тиісті құрылымдардың
қа лай әрекет ететінін жеткізді. Ал
Беларусь Республикасының Төтенше жағдайлар
министрлігі Өнеркәсіпте жұмысты қауіпсіз
жүргізуді қадағалау департаментінің бастығы
Александр Кудрияшов химия өндірісіндегі
қауіпсіздік шаралары арнайы заң талаптары
арқылы жүзеге асатынына назар аударып, слайд
арқылы республикада әр жылдары өндіріс
орындарында орын алған апаттарды баяндады.
Апатты ауыздықтауда арнайы құрылымдардың
қалай әрекет ететіндіктері де жиында сөз болды.
Индустриялық даму және өнеркәсіптік
қауіпсіздік комитетінің салааралық қадағалау
басқармасының басшысы Нұрлыбай
Нұрғалиев дүние жүзіндегі химия өндірісінде
орын алған алапат оқиғаларды бейнеролик
арқылы көрсетіп, оның мыңдаған адамның
жанын қиып кеткенін, апаттан келтірілген
материалдық залалды әңгімеледі. Сонымен
қатар Беларусь Республикасының Төтенше
жағдайлар министрлігі Химия өнеркәсібі
кәсіпорындары және астық өңдеу қауіпсіздігін
қадағалау басқармасының бастығы Александр
Сазонко, Ресей Федерациясының «Ростех-
надзор» өнеркәсіптегі жалпы қауіпсіздікті
қадағалау басқармасының кеңесшісі Вячеслав
Жарков, «ЕвроХим-Удобрения» ЖШС-і Жаңатас
қаласындағы филиалының директоры Болат
Каримов және республиканың түкпір-түкпірінен
келген сала мамандары баяндама жасап, ойла-
рын ортаға салды. Баяндамашыларға семинар
жұмысына қатысушылар тарапынан көптеген
сұрақтар қойылып, нақты жауаптар қайтарылды.
– Семинар Беларусь Республикасы Төтенше
жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптегі
жұмыстың қауіпсіз жүргізілуін қадағалау бой-
ынша департаменті мен ҚР Инвестициялар және
даму министрлігі Индустриялық даму және
өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің 2015-2017
жылдарға арналған бірлескен іс-шараларын
іске асыру бойынша биылға арналған жоспарды
іске асыру үшін өткізілді. Ал көршілес Ресей
Федерациясының өкілі семинарға қонақ ретінде
қатысып отыр. Бұл - химия өнеркәсібіндегі
қауіпсіздік шараларын жан-жақты талқылауға,
өз саласының майталмандарымен пікір алмасуға,
тәжірибе бөлісуге үлкен мүмкіндік, – деді төраға
орынбасары Нұрбек Сейтқамзинұлы.
Осындай алқалы басқосу былтыр Бела-
русь Республикасында өтіпті. Семи-
нар жұмысына қатысушылар келесі күні
Жаңатас қаласындағы «ЕвроХим-Удобре-
ния» ЖШС-і және «Қазфосфат» ЖШС-і
«Минералды тыңайтқыштар зауыты» Тараз
филиалының жұмыстарымен танысты. Осында
кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару
қызметінің оқу-жаттығу сабақтары өтті.
// «Жамбыл - Тараз» // №45 (1333), 9 қараша 2016 Жыл //
ҚОҒаМ
5
елДік басТамаларДың ТҰТқасы
Тәуелсіз қазақстанның ширек ғасырлық тарихында «нұр Отан» партиясы
мемлекеттік бағдарламалардың бастауында тұрды. ел игілігі үшін атқарылып
жатқан игі істердің жүзеге асуына «нұр Отан» партиясы Тараз қалалық филиалы
да ұйытқы болып отыр. Осы аптада, 11 қараша күні «нұр Отан» партиясы
Тараз қалалық филиалының кезекті ХVііі есеп беру-сайлау конференциясы
өтеді. ал облыс орталығында партиялық жобалардың және мемлекеттік
бағдарламалардың орындалуы партия белсенділерінің назарынан тыс қалған
емес.
Асқар АбдуАлы,
М.Х. дулати атындағы ТарМу проректоры:
- Негізгі мақсаттары мен
алға қойған міндеттерін
мерзімінен ерте орындаған
«Нұр Отан» партиясы ел
сенімінен шығып келеді.
«Қазақстан-2021: Бірлік.
Тұрақтылық. Жасампаздық»
Сайлауалды бағдарлама
талаптарын орындау об-
лыс орталығында партия
белсенділерінің қатысуымен
жүзеге асуда. Елбасы, Партия
Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың
«Бізді біріктіретін жеке бастың қамы емес, бізді біріктіретін
егемен еліміздің бүгіні мен болашағына қатысты
ортақ мүдделер» деген өміршең қағидасын тараздық
«нұротандықтар» жадында сақтап келеді. Өйткені күнделікті
өмірмен етене байланысты әлеуметтік жобалар да «Нұр
Отанның» бастамасымен жүзеге асуда. Қарапайым халыққа
етене жақын партия өкілдері сондай әлеуметтік маңызы бар
жобалардың жүзеге асуына атсалысуы - елдік шаралардың
бел ортасында жүргендігінің дәлелі.
Нариман МАулеНов,
«DIAMOND» халықаралық әмбебап тауар биржа-
сы» АҚ-ы президенті, Тараз қалалық мәслихатының
депутаты:
- Мемлекеттік «Нұрлы жол»
бағдарламасы аясында Тараз
қалалық мәслихатындағы пар-
тия фракциясының жанынан
5 бағыт бойынша комиссия
жұмыс жасайды. Олардың
құрамына депутаттар-фрак-
ция мүшелері, Партиялық
бақылау комиссиясы мен Сы-
байлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл жөніндегі қоғамдық
кеңес мүшелерінің өкілдері,
бастауыш партия ұйымдарының
төрағалары, «Жас Отан» Жастар қанатының белсенділері
және қоғамдық ұйымдар мен БАҚ өкілдері енгізілген.
Комиссиялар бекітілген Ережеге сәйкес, Тараз қаласы
аумағында «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша құрылыс
жұмыстары жүргізіліп жатқан нысандарды ай сайын ара-
лап, отырыстарда проблемалы мәселелерді зерделеп және
қаражаттың игерілуіне бақылау жүргізуде. Бұл шаралардың
барлығы ел мүддесі үшін.Үстіміздегі жылы «Нұрлы жол»
мемлекеттік бағдарламасы арқылы 17 нысанға 8 млрд.
073,8 млн. теңге бөлініп, биылғы оқу жылы қарсаңында
«Құмшағал» алқабындағы 300 орындық мектеп, «Салтанат»
мөлтек ауданындағы балабақша пайдалануға берілсе, бүгінгі
таңда М-5, М-8, ТК-225 жылу жүйелері іске қосылды. Ал
қалған нысандар бойынша құрылыс жұмыстары кестеге сай
атқарылуда. Бұл «Нұр Отан» партиясының Тараз қалалық
мәслихаттарындағы депутаттық фракцияларының мүшелері
Елбасы, Партия Төрағасы Н.Ә.Назарбаев жүргізіп отырған
мемлекеттік саясатқа кең қолдау көрсетіп, партияның
бағдарламалық құжаттары талаптарын жүзеге асыру
мақсатында жоспарлы жұмыстар жүргізіп отырғандығын
көрсетеді. Әсіресе құрылыс нысандарының күнделікті
бақылануы және тұрғындардың талап-тілектерінің назарға
алынуы бұл партияның басты ұстанымы екенін қарапайым
халық сезініп отыр. Ел сеніміне ие болған партия мүшелері
бұл жауапкершілікті жүрегімен сезінеді.
Жанар орыНбАевА,
Жамбыл политехникалық колледжінің директоры,
Тараз қалалық мәслихатының депутаты:
- Т а р а з қ а л а л ы қ
мәслихатында партияның
д е п у т а т т ы қ ф р а к ц и -
я с ы қ ұ р ы л ғ а н ж ә н е
депут аттық фракцияда
«Нұр Отан» партиясының
24 мүшесі тіркелген. Бұл-
депутаттардың 96 пайы-
зы.Қалалық мәслихаттағы
партияның депут аттық
ф р а к ц и я м ү ш е л е р і
ө з д е р і н і ң д е п у т ат т ы қ
міндеттерімен қатар, Елбасы
Н.Ә.Назарбаевтың Жолда-
уын, партия Доктринасын,
«Нұрлы жол» бағдарламасын, «Бес институционалдық
реформа» талаптары мен «100 нақты қадам» Ұлт жоспары
міндеттерін жергілікті тұрғындар, партиялық әріптестері
арасында кеңінен насихаттау және түсіндіруге, өңірдегі
қоғамдық-саяси, мәдени-көпшілік шараларға белсене
қатысып, партиялық жобалардың жүзеге асуына атсалы-
суда. Ағымдағы жылдың 9 айында партияның қалалық
мәслихаттағы депутаттық фракциясының мүшелері қала
бойынша қоғамдық қабылдауға келген азаматтардың 58
өтінішінің 36-сын толық шешсе, 14 өтініші бойынша
түрлі кеңестер беріп, 8 өтінішін жергілікті атқарушы билік
органдарына жолдап, орындалуын бақылауға алған. Фрак-
ция жұмысына жариялылық беруге бұқаралық ақпарат
құралдарының әлеуетін кеңінен пайдалану мақсатында
БАҚ-тарда «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес - ортақ іс»,
«Поставить на контроль», «Жұмысқа орналасты», «Все, что
символизирует республика», «Мәселелерге оң көзқараспен»,
«Жемқорлыққа жол жоқ», «Тегін кәсіптік-техникалық білім
орта буынды қалыптастырады», «100 нақты қадам» - елдің
және халықтың игілігіне арналған реформа» тақырыптары
көтерілді. Мұндай қоғамдық-ақпараттық қозғалысқа партия
мүшелері белсенді түрде атсалысуда.
Жазира ЖидебАй,
Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының
студенті:
- Ме н « Н ұ р О т а н »
партиясының «Ардагерлерді
ардақтайық!», «Бақытты
ба ла лық шақ», «Сәтті
қадам», «Кедергісіз келе-
шек», «Сыбайлас жемқорлық
жоқ ел – өркендеуші ел»,
«Жастар Отанға», «Ұлы
Дала Елі», «Айқын тариф»
сияқты аса маңызды жобала-
ры қала жастарының үлкен
қолдауына ие болғандығын
мақтанышпен айтар едім.
Жобалардың шеңберінде
көптеген қоғамдық-саяси және танымдық шаралар өткізілді.
Жастар осы ауқымды шаралардың бел ортасынан табыла
білді. Әсіресе «Нұр Отан» партиясы Тараз қалалық фили-
алы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
жөніндегі қоғамдық кеңесі өз жұмысын сыбайлас жемқорлық
әрекеттердің алдын алу және жол бермеу мақсатына
бағыттады. Ел ертеңі жастар арасында қоғамның дертіне
айналған жемқорлықтың алдын алу шаралары да белсенді
түрде жүргізіліп келеді. Қалалық филиалдың жанындағы
«Жас Отан» Жастар қанаты да аға буын өкілдерінің баста-
масына қолдау білдіруде. Жастар партия тарапынан қолға
алынған «Біз жемқорлыққа қарсымыз!», «Жемқорлық - қоғам
дерті», «Жемқорлықсыз болашақ», «Жастар жемқорлыққа
қарсы» тақырыбындағы акцияларға қатысып келеді. Осын-
дай ауқымды акциялардың негізгі мақсаты - қоғамда және
жастардың арасында жемқорлық фактілерін болдырмау.
Ендеше, ел болашағы жастар «Нұр Отан» партиясының
әлеуметтік жобаларының барлығына дерлік қатысып, таза
қоғамның негізін қалайтынына сенімдімін.
Дайындаған Ерман ӘБДИЕВ.
8 қарашада қазақстанда статистика күні аталып өтеді. биыл қазақстанның
мемлекеттік статистикасына 96 жыл толып отыр.
сандармен санасқан сала
Нұржан СЕРІКХАНҰЛЫ
Ғасырға жуық сараптамалық
сала соңғы 5 жылда заманауи
ақпараттық технологияларды енгізу,
статистикалық әдіснаманы жетілдіру
және есепке алу мен есеп беру фор-
маларын оңтайландыру секілді
жүйелі бағыттарда жұмыс атқарып
келеді. Бүгінде еліміздің әлеуметтік-
экономикалық өсімі, жан-жақты
жетілуі шынайы көрсеткіштердің
негізінде жүзеге асып жатқандығы
анық. Айта кетсек, сонау 1920
жылы Қазақ АССР Статистикалық
б а с қ а р м а с ы н ы ң қ ұ р ы л у ы
Қазақстанның барлық аумағында
ауқымды және мақсатқа бағытталған
статистикалық қызметтің басталуына
себеп болды. Содан бері ел дамуының
барлық кезеңінде мемлекеттік ста-
тистика органдары қызметкерлері
қоғам өміріндегі күрделі мәселелер
мен міндеттерді табысты шешуге
үлкен үлестерін қосып келеді. Кәсіби
мереке қарсаңында кеше ҚР Ұлттық
экономика министрлігі Статистика
комитеті Жамбыл облысының Ста-
тистика департаментінде салтанатты
шара өтті. Мерекелік жиынды ашып
берген департамент басшысы Сырым
Мәдиев өзі басқарған жылдардағы
жағымды жаңалықтар мен жемісті
жетістіктерді, оң өзгерістер мен
салмақты серпілістерді атап өтіп,
қомақты еңбек етіп, салаға маңдай
тері сіңген мамандарды жіпке тізіп
шықты. Мемлекеттік статистиканың
маңызын да тілге тиек етті. Сы-
рым Өскенбайұлының айтуынша,
облыстық басқармада 30-40 жылдан
астам уақыт қызмет етіп келе жатқан
мамандар да аз емес екен. «Ұзақ
жылдар қызмет атқарған азаматтар
саланың бүгінгі тұрақтылығы мен
деңгейі, ал 2-5 жыл қызмет атқарған
жас мамандар статистикамыздың
болашағы» - деді басқарма басшы-
сы. Тіпті салада бар-жоғы екі ай
уақыт қызмет еткен жас мамандар
да баршылық. Салтанатты шара
барысында Сырым Өскенбайұлы
бірқатар мамандардың еңбегін елеп,
аттарын атап, түсін түстеп, жеке-жеке
марапаттады. Марапатталған маман-
дар арасында екі қызметкерге облыс
әкімінің Құрмет грамотасы және тағы
екеуіне өңір басшысының Алғыс
хаты, төрт маманға қала әкімінің
Құрмет және Алғыс хаты, төрт
Нақты көрсеткіш - нәтижелер негізі. суретті түсірген н.Тұрғынбек
азаматқа «Нұр Отан» партиясының
Құрмет грамотасы, тағы төрт маманға
қалалық мәслихаттың Алғыс хаты,
төрт қызметкерге ҚР Статистика
комитеті министрінің Құрмет және
Алғыс хаты және 12 сала маманына
департамент басшысы С. Мәдиевтің
грамоталары табысталды. Шара соңы
басқарма қызметкерлерінің мерекелік
концертіне жалғасты.
МӘңгілік Ел
6
// «Жамбыл - Тараз» // №45 (1333), 9 қараша 2016 Жыл //
ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы
қарсаңында Жамбыл политехникалық
колледжінде «Туған мектепке тағзым!»
атты акция өтті. аталған акцияда колледж
түлектері дәріс берген ұстаздарына құрмет
көрсетіп, студенттерге танымал түлектердің
табысты өмір жолы үлгі етілді.
Түлектердің
табысты жолы
өнеге
құралай СЕЙСЕНБЕКқЫзЫ
Жас ұландардың өркен жайып, қабілет-қарымын арт-
тырып, білімге деген құштарлығын ояту мақсатында бұл
білім ошағында түрлі іс-шаралар өткізіліп тұрады. Кейінгі
толқын інінің болашаққа жасар қадамы нық болуы үшін
кешегіні үлгі етіп, өнеге көрсету үлкенге парыз саналады.
Жамбыл политехникалық колледжін 2009 жылы бітірген
түлек, «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігінің негізін
қалаған пікірсайысшы, қазіргі уақытта «Жамбыл облысы
қоғамдық бақылау және мониторинг орталығы» қоғамдық
қорының президенті, Тараз қалалық мәслихатының депу-
таты Серікбол Берікқожа, 2011 жылы тәмамдаған, қазіргі
уақытта «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық фили-
алы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанатының төрағасы
Уалихан Болатбек, «Қазақстан-Тараз» телеарнасының
тележүргізушісі Шерхан Абделиев, 2009 жылғы түлек,
2015 жылдың «Өз кәсібінің үздігі» республикалық
байқауының «Үздік технолог» аталымының жеңімпазы,
Біз қазіргі кезде тұрақтану кезеңінде
өмір сүрудеміз деп сеніммен айтуға
болады. 1997 жылы алға қойылған
міндеттерді орындау арқылы жүріп
өткен жолымызға көз жүгіртуге,
еліміздің даму жолын анықтауға, мем-
лекет құру тәжірибесін толықтыруға,
экономикалық және саяси реформалар-
ды жүзеге асыруға мүмкіндіктер алдық.
Біздің тұрақты алға жылжуымыздың
басты шарттары – алға қойған
міндеттерді орындаудағы қоғам бірлігі,
дұрыс белгіленген басымдықтар,
қоғамның және халықтың барлық
топтарының көздейтін мүддесін жалпы
міндеттерді шешу жолында халықтың
бірлігі.
Елбасы ұсынған «Еуразиялық одақ
құру» идеясын жүзеге асыру саяси
тұрақтылықтың басты шарты болды.
Бұл Одақтың болашағы зор екендігін
өмір көрсетуде. Ішкі саяси тұрақтылық
пен халықтар бірлігін сақтау және
нығайту арқылы экономикалық өсуге
қол жеткіздік. Жоғарғы технологиялы
өндіріске негізделген шетелден ин-
вестициялар тартылды, ашық нарық
экономикасы құрылды. Мемлекеттік
басқарудың сапасы және тиімділігі
артты, жеке сектордың белсенділігі
артты, шағын және орта бизнестің
ролі әлемдік экономикалық деңгейге
сәйкестенді. Мемлекет еркін эконо-
мика құрудың кепіліне айналды. 5
институционалдық реформаны жүзеге
асырудағы «100 нақты қадам» Ұлт
жоспары жүзеге асырылуда.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары
еліміздің экономикалық стратегиясы
макроэкономиканы тұрақтандыруға
бағытталды. Тәуелсіздік жылда-
ры біз көптеген жетістіктерге қол
жеткіздік, бірақ ауыл шаруашылығы
және өндірістің кейбір салалары
мен әлеуметтік секторда нарық
қатынастары әлі төмен деңгейде.
Табиғат ресурстарын пайдалану,
инфрақұрылым, коммуникация мен
ақпараттану салаларының еліміздің
дамуындағы ролі үлкен. Осы сала-
ларды қарқынды дамыту еліміздің
экономикалық өсуіне, әлеуметтік
сфераға, Қазақстанның әлемдік
қауымдастыққа енуіне мүмкіндік
жасайды. Бұл салаларға инвестиция
тартуды мемлекет қатаң өз қарауына
алған. Осы шаралар негізінде шетел
инвестицияларын тартуда Қазақстан
алдыңғы қатарлы елдердің қатарына
қосылды.
Әлемдік тәжірибені тиімді пайдалана
отырып индустриалды-инновациялық-
технологиялық стратегия құрылды.
Индустриялық-инновациялық стра-
тегияны жүзеге асырудың алғашқы
бесжылдығы аяқталды. Тұрақты даму
моделі жасалды, экономиканы шикізат
экономикасынан шикізатты өңдеу
экономикасына көшіру, яғни экономи-
каны диверсификациялаудың жолдары
анықталды.
Қазақстан жеңіл және тамақ
өнеркәсібін, инфрақұрылымды, мұнай
және газ өңдеу, мұнай және химия,
машина жасау, қызмет көрсету және
туризм салаларын басымдықпен да-
мыта бастады. Мысал ретінде, Жам-
был өңірінде фосфор өнеркәсібінде
Еурохимнің қатысуын, «Тараз химия
паркі» еркін экономикалық аймағы
құрылғандығын айтуға болады. Біз
шикізат өндірісінен бәсекеге қабілетті
өндіріске қарай бет бұрдық. Еліміздің
тиімді географиялық орналасуын
пайдалана отырып, отандық көлік-
коммуникациялық кешен құруға
кірістік, ол біздің еліміз арқылы өтетін
көліктер санын арттырып, сауданы да-
мытады. Көлік логистикасы еліміздің
қазынасына түсетін пайданы арттыр-
ды. Оларға жаңа темір жолдар жүйесі,
көне Жібек жолын қайталайтын «Ба-
тыс Қытай –Батыс Еуропа» автомобиль
жолдары жатады.
2014-2015 жылдары шағын және
орта кәсіпкерлікті дамытуға 1 трилли-
он теңге, «Нұрлы жол» бағдарламасына
2,7 триллион теңге бөлінді, 2,7 трилли-
он теңгені Қазақстанға халықаралық
қаржы ұйымдары берді. Қытай Халық
Республикасы Қазақстанға 2,7 мил-
лиард доллар көлемінде несие берді.
Жобаларды жүзеге асыру үшін жалпы
7,2 триллион теңгеден астам қаржы
тартылды. ҚХР-мен шикізат емес
секторға 23 млрд. доллар алу тура-
лы келісімшарт жасалды. Бұл 40-
тан астам жаңа кәсіпорын салуға
мүмкіндік береді. Елбасының Париж
және Лондонға барған сапарларының
нәтижесінде жалпы 11,5 млрд. дол-
лар көлемінде келісімшарттарға қол
жеткіздік. Сауд Арабиясымен де
келіссөздер жүргізілуде. Ең бастысы,
біздің еліміз халықаралық қаржы
институттарының сеніміне ие болды,
соның нәтижесінде 9 миллиардтан
астам доллар қаржы тартылды.
Елбасының барлық бағдарламалық
құжаттарындағы басты идея, біздің
басты инвестицияларымыз – адам
капиталын дамытуға арналған ин-
вестициялар екендігі көрінеді. Осы
жылдар аралығында жүздеген мек-
тептер мен балабақшалар салынды,
шетелдік даңқты оқу орындары секілді
Назарбаев университеті, Қазақ-Британ
университеті, Назарбаев интеллек-
туалды мектептері ашылды. Жас
отбасыларға арналған миллиондаған
шаршы метр тұрғын үйлер пайдалануға
берілді, «Мердігерлік тұрғын үй»
бағдарламасы жүзеге асырыла баста-
ды. Экономиканың дамуы нәтижесінде
халықтың табысы артуда, әлеуметтік
жәрдемақы мен зейнетақы мөлшері,
жалақы деңгейі өсуде, жұмыс орын-
дары көбеюде.
Еліміздің БСҰ-на мүше болып
қабылдануы Қазақстанның бәсекеге
қабілеттілігін арттырды. Қазақстанның
БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының
Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес
мүшесі болып сайлануы ерекше
оқиғалар қатарына қосылады.
Осы жылдар аралығында жоғары
оқу орындарында да елеулі өзгерістер
болды. Біз әлемдік білім беру
қауымдастығына кірдік. Біздің жоғары
оқу орнымыз Болон процесіне кіру
және Қазақстанда білім берудің кредит
жүйесін ендірудің бастамасы ретінде
көрінді. «Мемлекеттік жастар саяса-
ты» бағдарламасын жүзеге асыруда
басты назар студенттерге қазақстандық
отансүйгіштікті қалыптастыруға
бағытталған. Университетіміздің
материалдық-техникалық базасы күн
өткен сайын жақсаруда, оның 70%-
нан астамы жаңартылды, барлық
жатақханаларда күрделі жөндеу
жұмыстары жүргізілген. Университетте
басты назар студенттерге аударылған.
Биыл 1200-ден астам студентке оқу
төлемақысына 15-тен 100%-ға дейін
әлеуметтік көмек қарастырылған. Бұл
мақсатқа 40 млн. теңгеден астам қаржы
жұмсалды, 500-ден астам студент
спорттағы жетістіктері үшін ақшалай
сыйлықтармен марапатталды.
Ширек ғасыр ішінде жаңа мемлекет
пайда болды. Ол жаңа саяси және
экономикалық жүйеде өмір сүруде.
Қазақстандықтар нарықтық экономи-
ка мен демократиялық мемлекеттің
қаншалықты мүмкіндіктері бар
екендігін, еркіндік пен гүлденуді
қамтамасыз ете алатындығын
сезінуде. Саяси тұрақтылық пен
қоғам бірлігі, қазақстандықтардың
толеранттылығы мен шыдамдылығы
басты факторлардың бірі болып сана-
лады. Осы жылдар аралығында біздің
елімізде нақты демократиялық инсти-
туттары бар қоғам құрылды. Еліміздің
егеменді, еркін, нарықтық эконо-
мика мен демократияға негізделген
мемлекетке айналуы, оны әлемдік
қауымдастықтың мойындауы осы
жылдардың ең басты нәтижесі болып
саналады.
Достарыңызбен бөлісу: |