ТекТі өнерДің
Тері сіңген ақ ОТау
құралай СЕЙСЕНБЕКқЫзЫ
Театрдың 80 жылдық мерей-
тойы Астана, Алматы және басқа
да қалалардан ат артып келген
құрметті қонақтарының қатарында
Қазақстанның халық әртісі, про-
фессор Есмұхан Обаев, өнертану
ғылымының кандидаты Еркін
Жуасбек, Қазақстанның еңбек сіңірген
қайраткері, сыншы Әлия Бөпежанова
және Қазақстан театрларының бас-
шылары, көркемдік жетекшілері мен
өнер жанашырларын қарсы алудан
бастау алды.
Салтанатты жиын барысында
мерейтойға арналып шығарылған «Бір
сәт – бірегей ғұмыр» атты фотошежіре
кітап пен Жанат Төлендиевтің
театрдың 80 жылдық тарихынан сыр
шертер «Өнердастан» атты кітабының
тұсаукесері болды. Сонымен қатар,
қонақтарды театр мұражайы мен ме-
рекеге арналған ақпараттық бұрыш,
фотостендтермен таныстыру рәсімі
өтті. Мұнда көненің көзіндей болған
көріністердің көшін бастаған, бүгінде
өмірден озса да, әрбірінің есімі жүректе
жатталып қалған бақилық әртістерден
бастап, кеше мен бүгінді жалғаған орта
буын мен олардың жолын қуған жас
әртістердің суреттері жинақталыпты.
Сарғыш тартқан ескі афишалар да
менмұндалап тұр. 80 жылдың 80
тамшы сырындай мәні мен мазмұнын
ішіне тартып, көзі кеткен саңлақтардың
үні киелі өнердің өлмейтінін мойында-
тып, сан жылдардың куәсіне айналған
күйтабақтан күй болып төгіліп, саз
болып саңқылдады. Сахна ардагерлері
қатысқан қысқа фильмдер ұсынылып,
театр тарихына шолу да жасалды.
Салтанатты кеш облыс басшыла-
ры мен басқа да мемлекеттік және
қоғамдық ұйымдардың театрдың
мерейтойына арнайы құттықтауы мен
марапаттауынан жалғасын тапты.
Қазақстанның халық әртісі, профес-
сор Есмұхан Обаев:
- Бұл - бағы жанған театрдың бірі.
Бұл - тек осы театрдың мерекесі емес,
бүкіл қазақтың театр әлемінің мерекесі.
Бүгінде 58 театрдың бірі де бірегейі -
Жамбыл облыстық драма театры. Барша
өнерсүйер, өнерге жанашыр жандарды
осынау мерекесімен құттықтаймын,-
деп ақжарма тілегін ақтарды.
- Былтыр ғана Қызылорданың
Нартай Бекежанов атындағы қазақ
музыкалық драма театры 60 жылдығын
тойлаған. Міне,енді Тараз төріндегі
аға театр 80-ге келіп жатыр. Ғабит
Мүсірепов: «Театр хас сұлудың
көзінен тамған жас сияқты» деген еді.
Театр өнері өлмесін. Жамбыл өңірінің
өнерпаздарын мерейлі мерекесі
қарсаңында шынайы жетістіктерге
жетіп, тек биіктерден көрінгенін
қасірет пен
қасиет, өтірік
пен шындықтың
шымылдығын
түріп, айна-қатесіз
көрерменге ұсынып,
жүректерден жол
таба білген Жамбыл
облыстық қазақ
драма театрына 80
жыл. сән-салтанаты
жарасқан мерекелік
мерейтой дүркіреп
өтті.
қалайтынымды айтқым келеді, - деді
ҚР Еңбек сіңірген әртісі, Қызылорда
облыстық Н.Бекежанов атындағы
қазақ музыкалық драма театрының бас
режиссері Бақытбек Алпысбаев.
Тарихи театр өзінің алғашқы
шымылдығын 1936 жылы Бейімбет
Майлиннің «Келін мен шешей» ко-
медиясымен ашса, 80 жылдыққа
орай ұйымдастырылған кеште сах-
на шымылдығын бүкіл ұжымның
және театр ардагерлерінің түгелдей
қатысуымен «Театр өткелдері» атты
театрландырылған композициялық
қойылымымен ашты. «Отелло», «Еңлік-
Кебек», «Ана - Жер ана», «Сыған сере-
надасы», «Қазақтар» атты көріністерден
қойылған үзіндіде өнерпаздар көрермен
жүрегіне жол салардай шынайы да
әсерлі образдарымен көзге түсті.
Кеш барысында облыс әкімінің
Құрмет грамоталарымен ҚР Мәдениет
қайраткері, Жамбыл облыстық қазақ
драма театрының І дәрежелі әртісі
Нұрсифат Салықова, Қазақстанның
еңбек сіңірген әртісі Майра Әлімбетова
және облыс әкімінің Алғыс хаттарымен
ҚР Мәдениет қайраткері Несіпкүл
Омарбекова, театр әртісі Мәкен
Райсханова марапатталды. Сондай-ақ
облыс басшылығы театр ұжымына
«Mersedes Sprinter» автокөлігінің
кілтін табыстады. Содан соң, Қазақстан
Республикасының 25 жылдығына
және Жамбыл облыстық қазақ драма
театрының 80 жылдығына арналған
«Ішкі театр фестивалінің» ашылуы
жарияланып, фестиваль аясында
көрсетілетін қойылымдар және қазылар
алқасының құрамы таныстырылды.
Түскі үзілістен соң, кеш қонақтары
көне Тараздың тарихи орындарына
экскурсияға шықты.
«Ішкі театр фестивалі» өз кезегінде
көрсеткен спектакльдерінің алғашқысы
ҚР Мәдениет қайраткері Қуандық
Қасымовтың режиссерлігімен
қойылған Шыңғыс Айтматовтың
«Ана - Жер ана» символикалық драма-
сынан бастау алды. Сұрапыл соғыстың
кесірінен ер азаматын, арысын жоғалтса
да, арын жоғалтпаған Толғанай Жер
анамен тілдесіп, бақытқа апарар
жолды адамзат өз қолымен қопарып,
тамаша тағдырының тас-талқанын
шығарғанына қан жылайды. Бұлбұл үні
сайраған бақта, бомбалардың атылуы
да жан қынжылтады. Спектакльдегі
өзекті мәселелер көрерменін қалың
ойға жетелері сөзсіз. Басты рөлдерді
сомдаған Жер ана Анар Сағымбекова
мен ана Мәкен Рахымжанованың
образдарының дәлме-дәлдігі жүрек
қылын дөп басты. Одан кейін
сахналанған «Рахмет, сізге!» муль-
тимедия қойылымының авторы әрі
режиссері - Камат Касенов. Пьеса
қазіргі күннің күрделі тақырыбының
бірі тастанды балалар мен оларды
жетім атандырған ата-аналар тағдырын
маңызды мәселе етіп көтерді.
Ақын Исраил Сапарбайдың саз
сүлейі Шәмші Қалдаяқовтың өмірінің
беймәлім қырларынан сыр шертіп,
«Сыған серенадасы» деп атаған ту-
ындысы сыған қызы Изольда мен
қазақ қызы Сағыныш арқылы музыка
әлемінің ноталарын махаббат құдіретіне
жалғады. Бұл сазды драманың да
қоюшы режиссері - Қуандық Қасымов.
Одан кейін Қалихан Ысқақ пен
Ш а х и м а р д е н Қ ұ с а й ы н о в т ы ң
авторлығынан «Қазақтар» атты тарихи
драмаға кезек берілді. Шығарма идея-
сы қазақ хандары мен сұлтандарының
Қазақ мемлекетін құруда төл тари-
хымызда айшықты іздері бар тарихи
тұлғалардың сол кездегі өз орындарын
танытумен қатар, бүгінгі ұрпақты
патриоттық сезімге тәрбиелейді.
Жазушы Мұхтар Әуезовтің повесінің
желісі бойынша жазылған ақын Нұрлан
өнер ошағындағы мереке. суреттерді түсірген а.қартабай.
Оразалиннің «Қилы заман» драма-
сына Қазақстанның еңбек сіңірген
қайраткері Болат Ұзақов режиссерлік
етті. Халқымыздың 1916 жылы
бастаған ұлт-азаттық күресі - елімізде
тәуелсіздік орнауының бір баспалдағы.
Тарихи драма халқымыздың азаттық
жолындағы күресін көрсетеді.
Фестиваль жүлдегерлеріне Жамбыл
облыстық қазақ драма театрында әр
жылдары қызмет атқарып, бүгінде
өмірден озған өнер қайраткерлерінің
атындағы 13 номинация бойын-
ша жүлделер белгіленген болатын.
Қазақстанның халық әртісі, профес-
сор Есмұхан Обаев, Қазақстанның
еңбек сіңірген қайраткері, сыншы
Әлия Бөпежанова және өнертану
ғылымының кандидаты, театр сын-
шысы Еркін Жуасбектің қазылық
етуімен мерейлі тойдың да сын сағаты
өз мәресіне жетті. Қазылар алқасының
шешімімен Қазақстанның халық әртісі
Шәріпбай Сәкиев атындағы «Үздік ер
адам ролі үшін» Мәлік Ақүрпеков,
сондай-ақ Қазақстанның халық әртісі
Алтын Ружева атындағы «Үздік әйел
адам ролі үшін» жүлдесіне Анар
Сағымбекова лайық деп танылды. Және
де Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі
Мұхаметқали Табанов атындағы «Үздік
эпизодтағы ер адам бейнесі үшін» ата-
лымы Жүніс Әлімбеков, Қазақстанның
еңбек сіңірген әртісі Фатима Нұрымова
атындағы «Үздік эпизодтағы әйел
адам бейнесі үшін» жүлдесіне
Майра Әлімбетова ұсынылды. Және
де Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі
Гүлжамал Батырғалиева атындағы
«Үздік характерлі кейіпкер ролі үшін»
жүлдесі Асқарбек Сейілханға, дәл
сол дәрежедегі Сатылған Атамқұлов
атындағы «Үздік тарихи кейіпкер ролі
үшін» жүлдесіне Кенен Ақүрпеков,
Қарабай Сатқанбаев атындағы «Ерек-
ше актерлік шеберлігі үшін» аталы-
мы Мәмбет Қожалиевке бұйырды.
Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі
Мақсұт Салықов атындағы «Үздік
пластикалық әрекеті үшін» Қажыбай
Айтибаев және де осы дәрежедегі
Жорабек Шүленбаев атындағы «Үздік
музыкалық драма кейіпкері бейнесі
үшін» аталымы Анар Алтыбаеваға
берілді. Ал ҚР Еңбек сіңірген мәдениет
қайраткері Тұрар Дүйсебаев атындағы
«Актер өнеріне қосқан үлесі үшін»
жүлдесі Мәкен Рахымжановаға,
« Қ ұ рм е т » о рд е н і н і ң и е ге р і
Спандияр Мұқышев атындағы «Үздік
батыр бейнелі кейіпкер ролі үшін»
номинациясы Нұрсифат Салықоваға
бұйырды. «Ерен еңбегі үшін»
медалінің иегері Үмбет Әлжанов
атындағы «Үздік лирикалық ер адам
ролі үшін» Жандар Қырықбаев және
Жадыра Құлтаева мәдениет қайраткері
Шәмшәгүл Жәменкеева атындағы
«Үздік лирикалық әйел адам ролі үшін»
жүлдесін алды.
Таңғы шықтай мөлдір, саф ал-
тындай тазалығымен ғана өлшеніп,
шынайылығымен ғана шыңдалар өнер
ғана шың басында. Өмір көшінің бет-
бейнесін сомдап, өзге болып у ішсе де, өзі
болып жылайтын киелі өнердің жүректері
аман болсын. Әрқашан сахнаның
шымылдығы түріліп, күні күліп тұрғай!
ӘлЕуМЕТ
12
// «Жамбыл - Тараз» // №45 (1333), 9 қараша 2016 Жыл //
«Жаңа-ру» жастар коалициясының
қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі
Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту
басқармасының қолдауымен тамыз айында
қоғамдық тіл инспекциясын құрды. инспекция
құрамында белгілі жазушылар, журналистер,
білім және ғылым саласының мамандары,
мәслихат депутаттары, үеҰ көшбасшылары,
бизнес өкілдері және қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мамандары бар. барлығы 22 адамнан
құралған.
инспекция жұмысы
жандануда
Шынболат СЕЙДУАЛИЕВ
Қоғамдық тіл инспекциясының негізгі мақсаты – мемлекеттік емес
мекемелер, оның ішінде ҮЕҰ, ұлттық компания, кәсіпорын, ЖШС, АҚ
және т.б. заңды тұлғалар қызметіне мемлекеттік тілді ендіру, сыртқы
көрнекі ақпарат, жарнама, деректемелер тілі, кіріс-шығыс, бухгалтерлік-
есеп, қаржы-статистикалық және техникалық құжаттарды мемлекеттік
тілде жүзеге асыру бағытында шаралар ұйымдастыру және мекемелерге
ақпараттық көмек көрсету.
Қоғамдық тіл инспекциясы жыл ішінде облыс орталығы Тараз қаласы
және екі ауданда (Сарысу, Талас) тіл саясатын жүзеге асыру мақсатында
әдістемелік көмек көрсетіп, барлығы 200 мекемеде ақпараттық түсіндіру
жұмыстарын жүргізуі қажет.
Қоғамдық тіл инспекциясының төрағасы қызметіне коалиция вице-
президенті, «Жамбыл облыстық қоғамдық бақылау және мониторинг
орталығы» қоғамдық қорының президенті, Тараз қалалық мәслихатының
депутаты, заң ғылымдарының магистрі Серікбол Берікқожа сайланды.
Тамыз айында Тіл инспекциясының негізгі ұйымдастыру жұмыстары
толық аяқталды. БАҚ өкілдерінің қатысуымен Қоғамдық тіл
инспекциясының тұсаукесер салтанаты мен алғашқы отырысы өткізілді.
Мемлекеттік емес мекемелерде мемлекеттік тіл саясатын жүзеге
асыру мақсатында Қоғамдық тіл инспекциясы «Тіл саясатын жүзеге
асыру және сыртқы көрнекі ақпараттарды әзірлеу, орналастыру бары-
сында қолданылатын заңнамалық нұсқаулық» атты 300 дана кітапша,
«Мемлекеттік тілде іс жүргізу бойынша көмекші нұсқаулық» атты
300 дана брошюра, Қоғамдық тіл инспекциясы туралы ақпараттық
бүктемеден 1000 дана басып шығарды.
Бекітілген жоспарға сәйкес, инспекцияның 2 отырысы, барлығы
91 заңды тұлғаларға ақпараттық талдау және түсіндіру жұмыстары
жүргізілді. Атап айтар болсақ, Сарысу ауданынан 60 мекеме, Талас
ауданынан 60 мекеме қамтылды. Бұл дегеніміз жұмыстың 60 пайызы
іске асырылғанын көрсетеді.
Ерман ӘБДИЕВ
Осы мақсатта Тараз қаласы әкімдігі
жанынан құрылған діни экстремизм мен
терроризмнің көріністерін алдын алуға
және болдырмауға бағытталған №8
мобильдік топ бекітілген кестеге сай
жұмыс жүргізуде. Топ жетекшісі Жеңіс
Пәрімбековтің айтуынша, №8 мобильдік
топ аумағына бекітілген дін картасына
сәйкес, қаланың 5 мөлтек ауданы кіреді
екен. «Жайлау» (3), «Салтанат» (4),
«Талас» (6), «Самал» (7), «Мыңбұлақ»(9)
мөлтек аудандарында тұратын халық саны
64000-нан астам. Аймақта 210 көп қабатты
тұрғын үй орналасқан.
- Аумақта орналасқан мекемелер
мен кәсіпорындар саны 45, оның ішінде
7 білім беру мекемесі, 9 балабақша,
емдеу орталығы, 2 кіші сауда базары,
Абай атындағы кітапхана, 150 кіші
сауда дүкендері шоғырланған. Бекітілген
аумақта 2 ғибадат үйі орналасқан.
Біріншісі - Төле би көшесі №89 «А»
мекенжайындағы облыстық орталық
«Һибатулла Тарази» мешіті ҚР Діни
басқармасы– (ҚМДБ) филиалы. 2012
жылы мемлекеттік тіркеуден өткен.
Оған күнделікті шамамен 100-200 адам
келеді. Ал жұма намазға келушілер
саны 1300-1400 адамға дейін артады.
Келетін контингенттің 60 пайызын 29
жасқа дейінгі жастар құрайды. Мешітте
mуftiat.kz ресми сайты арқылы ҚМДБ
бекітілген тақырыптық жоспарына сәйкес,
«Тәуелсіздік – баға жетпес байлық»,
«Перзенттің ата-ананың алдындағы боры-
шы», «Білімді болу – мұсылманның діни
міндеті», «Құмар ойынға құмартпа», «Ата-
ананың қадірі» және т.б. тақырыптарда
насихат шаралары жүргізіледі. Сондай-ақ
мешіт маңында орналасқан медреседе
ислам негізі мен араб тілінің әліппесін
үйрететін курстар ашылған. Ал екінші
ғибадат үйі - «Самал» мөлтек ауданындағы
«Әзірет әлі» мешіті. Жалпы сыйымдылығы
650 адамға дейін есептелген. Күнделікті
шамамен 70-75 адам келеді. Ал жұма
намазға келушілер саны 600 адамға дейін
артады. 2014 жылдан «Самал» мөлтек
ауданында «Бәйдібек» қайырымдылық
мекемесі жұмысын атқарады. Жедел
мәлімет бойынша, аталған қайырымдылық
мекемесінде барлығы 30 оқушы білім
алады. Мекеме ғимаратында жататын және
жуынатын бөлмелері, оқу бөлмелері, асха-
налар, ұстаздар бөлмесі және мәжіліс залы
орналасқан. Мұнда «Һибатулла Тарази»
мешітінің бас имамымен бекітілген Тараз
қаласы қайырымдылық мекемелеріндегі
тәрбиеленушілерге арналған имандылық
сабағының оқу бағдарламасы арқылы
жүзеге асырылады. Аталған бағдарлама
бойынша оқушыларға Құран Кәрім,
Ғылымхал, Жаттау, Ақида, Фикх
пәндері бойынша сабақтар жүргізілуде.
Ағымдағы жылы ақпараттық-насихаттық
топ бекітілген аумақта орналасқан
мекемелердің ұжымдарымен кезде-
сулер өткізіп, жиналыс барысында
діни экстремизм мен терроризмнің
көріністерін алдын алуға бағытталған,
қоғамда радикалдық идеологияға қарсы
иммунитетті қалыптастыру-түсіндіру
жұмыстары мен тақырыпқа қатысты
бейнефильмдер көрсетіліп, қосымша бро-
шюралар таратылды. Атап айтқанда, 2016
жылы мобильдік топтың іс-шараларының
желілік кестесіне сәйкес, «Мыңбұлақ»
мөлтек ауданында орналасқан №47,
«Салтанат» мөлтек ауданындағы №30
және «Жайлау» мөлтек ауданындағы №35
орта мектептердің шамамен 100-ге жуық
қызметкерлерімен кездесулер өткізілді.
«Самал» мөлтек ауданында орналасқан
№10 «Еуразиялық банк» АҚ Жамбыл
облыстық филиалының №1001 бөлімшесі,
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ Жам-
был облыстық филиалының №169-909
бөлімшесі және «ForteBank» АҚ Жамбыл
облыстық филиалының ұжымдарымен,
«Салтанат» мөлтек ауданында орналасқан
«Салтанат» базарының саудагерлерімен,
«Мыңбұлақ» мөлтек ауданындағы кіші
базар маңындағы жергілікті тұрғындармен
және «Диана» сауда үйі саудагерлерімен
кездесулер өткізілді. Өзге де дәстүрлі емес
қозғалыстардың құлшылық ету орындары
біздің назарымыздан тыс қалып отырған
жоқ. Атап айтқанда, «Свидетели Иего-
вы» протестанттары Петров көшесі №1,
«Адвентисты 7-го дня» Свердлов көшесі
№170, «РОЕХЦ Голгофа» Верстовский
№1, «Евангелские христиане-баптисты»
Қалауыр ақын және Репин көшесі №4
мекенжайында орналасқан. Дәстүрлі емес
дін ұстанушы оқушылардың есебі де
жүргізілуде. Мысалы, бекітілген аумақта
10 орта білім беру ұйымының оқушылары
«Иегова куәгерлері», «Евангелские
христиане-баптисты»ағымының ықпалына
түскен.Талдау барысында мектептегі
тәрбие берушілердің мәліметі бойынша,
аталған оқушылардың ұстанған бағыты
білім үлгеріміне аса кедергі болып отырған
жоқ. Біздің басты мақсатымыз - қоғамды
қараусыз қалдырмау. Қоғам тәрбиесін
қоғам мүшелерінің өз қолына берген тиімді
болатын іс деп есептеймін. Сондықтан
мобильдік топ құрамына есті сөз айтатын
ақсақал, беделді тұлғалар мен белсенді
жастарды, қалам ұстаған қайраткерлерді
көбірек тарту қажет. «Жас шыбықты қалай
исең, солай бой түзейді» деген халық
даналығы бар. Қазақ жастарының санасына
уытты уағыздарын жүргізіп келе жатқан
секталарға қоғам болып дерттің ортақ емін
табуымыз керек,- дейді топ жетекшісі
Жеңіс Қуанышұлы.
ел тұтастығы мен татулығына сызат түсіріп, біртұтас бірлігі бекем
мұсылман бауырлардың арасында алауыздық тұтатып, діннің атын
жамылып, жастарды тура жолдан тайдырып жүрген ағымдардың
қатары бой көрсетуде. бұл мәселе жалпы қоғамның бас ауруына
айналып отыр.
Діни сауаТТылық
Тура ЖОлға басТайДы
Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту
басқармасының Тілдерді оқыту орталығының
аудандық бөлімшелері арасында облыстық
байқау өтті.
үлгілі бөлімше – 2016
Аудандық оқыту бөлімшелерінің жұмысын жандандырып, мемлекеттік
қызметшілерге және басқа да тіл үйренушілерге тілдерді үйрету үрдісін
дұрыс жолға қою, бөлімшелердің қоғамдық мәртебесі мен бөлімше
оқытушыларының кәсіби біліктілігін, беделін арттыруды мақсат еткен
байқау жоғары деңгейде өтті.
Байқауға оқыту орталығының Меркі, Қордай, Шу, Сарысу, Талас,
Байзақ, Жамбыл, Жуалы аудандық бөлімшелері қатысты. Байқау 2 кезеңнен
тұрды. 4 адамнан құралған қазылар алқасы бірінші кезең бойынша
бөлімше құжаттарын сараптады. Бірінші кезең барысында әр бөлімше
тыңдаушыларының белсенділігі мен сабаққа қатысу мониторингісі,
мекемелердің курсқа тартылуы, 2016 жылға бөлімше құжаттарының
түгелділігі ескерілді. Екінші кезең бойынша әр меңгеруші бөлімше
өмірінен 3-5 минуттық бейнеролик пен мемлекеттік тілде іс қағаздарын
жүргізу бойынша жеребе арқылы таңдалынған тақырыптарға 30 минуттық
панорамалық сабақ үлгілерін көрсетті.
Байқаудың нәтижесінде, Жамбыл аудандық бөлімшесі «Үлгілі
бөлімше – 2016» байқауының жеңімпазы атанса, Талас аудандық
бөлімшесі «Үздік кабинет» номинациясымен марапатталды. Байқаудың
жеңімпаздарына диплом және бағалы сыйлықтар берілді.
Шынар БАХЫТБЕК,
Тілдерді оқыту орталығының аға ғылыми әдіскері.
Бағалау сәті.
Облыс орталығындағы халық көп шоғырланған «ауыл береке» базарында
мамандар тұрғындармен кездесіп, оларды алаңдатып жүрген діни мәселелерге
қатысты танымды жауаптар айтты.
егер заң актілері бұзылса...
Нұржан СЕРІКХАНҰЛЫ
Жамбыл облысы әкімдігі «Дін проблемаларын зерттеу
орталығы» КММ-і «Діни радикализмнің алдын алуға бағытталған
іс-шаралар ұйымдастыру» тақырыбындағы әлеуметтік маңызы
бар жобасы шеңберінде «Жамбыл облыстық еріктілер қозғалысы»
қоғамдық қорының ұйымдастыруымен аталмыш сауда ордасында
«Дін саласындағы заң актілерін бұзғаны үшін қолданылатын
шаралар» тақырыбында кеңес беру жұмысын жүргізді. Игі
шараға Жамбыл облыстық прокуратурасының өкілі, облыстық
дін проблемаларын зерттеу орталығының қызметкері, Қазақстан
мұсылмандары діни басқармасының Жамбыл облысы бой-
ынша жастар өкілі, теолог Ержан Аманбаев, Тараз қалалық
мәслихатының депутаты, заңгер Серікбол Берікқожа қатысып,
базар сатушылары мен шаһар тұрғындарының діни және заңды
сауалдарына жауаптар айтты. Қабылдауға жиналған халықтың
басым көпшілігін ұрпақтың тәрбиесі, радикализмнің себептері,
массондық белгілердің бүгін мен келешекке кесірі және жат
ағымдағылардың тым көбейіп бара жатқандығы алаңдатады екен.
Теолог Ержан Аманбаев шариғат шарттары бойынша түйіткілді
мәселелердің түйінін тарқатты. Қоғамға төнген қауіптің алдын
алу, онымен күресу жолдары, діни сауатты толықтыру, саудадағы
сауапты істер, кісіге қиянат жасамау, саудаласу барысында кісі
ақысын жемеу, жат ағымның жетегіне еріп кетпеу секілді өзекті
тақырыптарды да тілге тиек етті. Тұрғындар да өздерінің жеке
бастарына қатысты сұрақтарын қойып, ойларын ортаға салды.
|