Тәуелсіздік кезеңіндегі әҢгімелер: идеялық- тақырыптық ерекшеліктері


  Тәуелсіздік Тудырған Тың Тақырыптар



Pdf көрінісі
бет3/9
Дата05.12.2022
өлшемі0,67 Mb.
#54867
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
- [#898323]-1643723

1. 
Тәуелсіздік Тудырған Тың Тақырыптар 
Қазіргі қазақ прозасы, оның ішіндегі әңгіме жанры – 
ұлттық және жалпы әлемдік әдеби үдеріс қозғалысы жүйесіндегі 
шығармашылық еңбектің нәтижелері болып табылады. Қазақ 
тарихының кезеңдерін қамтыған алдыңғы толқын суреткерлер 
ізімен кесек туындылар жазған кейінгі толқын қаламгерлер 
шоғыры қазіргі қазақ оқырмандарының ұлттық-тарихи санасын 
оятуға, жаңаша қалыптастыруға ықпалын тигізері сөзсіз. 
Осындай жаңашылдық тек тың идеялық-көркемдік ізденістер 
нәтижесінде 
келеді. 
Табысқа 
жету 
үшін 
тақырыптың 
жаңашылдығы жеткіліксіз. Жаңалық жазушының белгілі бір 
идеяны жеткізу ерекшелігінен, өмірге деген көзқарасынан, 
көрген-білгендерін ой-санасында қорыту мен оны суреттеу 
ұстанымдарынан, әлеуметтік талдау пайымынан аңғарылмақ. 
Бұған сюжет, композиция құру, кейіпкер таңдау, мәтіндегі сөз 
таңдау, сөз әрлеу тәрізді суреткердің дара стиль өзгешеліктері де 
жатады. Алайда, әр автордың жаңалығы мол тың шығарма 
тудыруға ұмтылысы әрдайым дәстүр сабақтарымен астасып 
жатқанда ғана жемісті. Тәуелсіздігіміздің бастауы болған 
Желтоқсан көтерілісі – еліміз егемендік алғанға дейінгі тыйым 
салынған, “жабық” тақырыптардың бірі болып келді. Талай 
қазақтың 
қыз-жігіттерін 
қыршынынан 
қиған, 
жазықсыз 
жандардың көз жасынан тұратын бұл тақырыпқа біраз 
жазушылар қалам тарқаны белгілі. Әңгіме-повестерде бұл 
тақырыпқа – А.Алтай, М.Байғұтұлы, Қ.Түменбай мен 
Ж.Қорғасбектер тыңнан түрен салды. 
Мархабат Байғұттың “Жоғалған жұрнақ” атты әңгімесінде 
1986 жылы сотталып, қоғамнан аластап, шеттетілген, желтоқсан 
қасіретінің құрбаны болған жас жігіттің тағдыры бейнеленген. 
Қаламгер бұл образ арқылы ұлтсыздану мен жаһандану 
қасіретіне душар болған жоғалған ұрпақ трагедиясын суреттеген. 
“Ол Айқұмырсқадан көшпей қалған жеті-сегіз үйден сәл 
былайырақтағы Тақиятөбенің тепсеңінде, өзі туған үйдің 
орнында шапанының етегінен тас төгіп отырған күйінде қатып 
қапты... Жұрнақ қатып қалған түні Қамбар ата кесенесі түбіндегі 


TUDAD - Cilt 4 - Sayı 2 - Nisan 2021 - А. Б. Көрегенова, Г. Ж. Болатова 
66
айналасына ақ сәуле шашатын ақшылтым тас түп-түгел қарайып 
кетіпті деседі.” (Байғұт, 2009: 157). 
Асқар Алтайдың “Прописка” атты әңгімесінің тақырыбы да 
желтоқсан. Әңгіме Арқат есімді жігіттің жеті жылдан кейін өзінің 
туған ауылына қайтып келуінен басталады. Мұндағы мақсаты 
паспорт үшін пропискаға тұру әрі желтоқсан оқиғасына қатысты 
қудалаудан бассауғалау болатын. Бірақ жолдың бойында 
жолаушы тиеген автобус омбы қар мен боранның кесірінен 
аударылып қалады. Автобус қайтадан жолға шыққанымен Ертіс 
өзенінің арғы бетіне өте алмай кейін қайтады. Урбанизация 
қалаға қуған қазақ ұлтының наласы мен шері, пропискаға 
отырудың соры. Алайда бұл жеке бастың қайғысы емес, бүкіл 
қазақ қоғамының басына түскен ауырпалықты таңбалайды. Ол – 
қазақ қоғамындағы ащы шындық. 
Тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ әдебиетінің қарымды 
қаламгерлерінің бірі Қуандық Түменбай да желтоқсан 
тақырыбынан айналып өтпеді. Оның “Қобыздың мұңы”, “Мұнар 
күн”, “Қазанама оқушы” әңгімелері желтоқсан оқиғасының ел 
басына тудырған зардаптары, халықтың жай-күйіне, адамдардың 
сан қилы тағдырына арналды. 
Бүгінгі әлеуметтік өмір шындығы Б.Қанатбаевтың “Ескі 
жұрт” әңгімесінде де шеберлікпен беріледі. Дүние өзгеріп, ұрпақ 
ауысқан кездегі ұлттық құндылықтардың жұтаңдауына назар 
аударады автор. “Тәуелсіздік кезеңі тіршілігіміздің алуан 
саласындағы жаңа да жарқын бетбұрыстарға, жаңғыруларға 
бастап отыр. Сондықтан өмір шындығын, өмірлік материалдарды 
авторлық концепция мен өткір проблемалдарға сабақтастыра 
таңдау мен толғаудың мән-маңызы айырықша” (Қабдолов, 1983: 
94). 
Рахымжан Отарбаевтың “Американың ұлттық байлығы” 
әңгімесіндегі әлеуметтік мазмұны қарапайым ауыл тіршілігі 
арқылы ашылады. Әңгімеде болмашы бір күлкілі оқиға арқылы 
халқымызда ұлттық идеология жоқтығы көрсетіледі. Кейiпкердiң 
рухани дүниесiндегi, характерiндегi өрлеу мен әлеуметтік 
шындықты шебер көрсетеді.
“– Аллам-ау, – деді амалы таусылған аңшы үні тозып, 
мұржаға сүйене кетіп. – Шәуіл деген жаман ши бөрі Американың 
ұлттық байлығы болсын. Мен сонда Қазақстанның кімімін?” 
(Рахымжанов, 2012: 11). Жазушы ши бөрі мен ел-жұртты 
салыстырады отырып бейнелейді. Шығармада суреткер қазақ 
жерінде тұратын өзге ұлттарды ши бөрі бейнесіне қойып, 


 
Тәуелсіздік Кезеңіндегі Әңгімелер: Идеялық-Тақырыптық Ерекшеліктері
 
67 
әсірелеп 
төбемізге 
көтерудің 
тұспалы 
бар. 
Қаламгер 
шығармасының тақырыбында үлкен мағына жатыр. 
М.Мағауиннің “Ұлт аралық жанжал” атты туындысының 
қаны қазақ, рухы қазақ сүйсініп оқитын шынайы әңгіме екендігі 
көркемдік қуатының кемелділігінен көрінеді. Тілді, елді, рухты 
қорлағысы келіп, менсінбеу, қазақтың кеңдігін ұдайы бас 
пайдаларына пайдалану, қазақтың қашан да ерен төзімділігі, 
балақтағы биттің басқа шығуы – бәрі сатиралық уытты тілмен 
әшкерелеген. “Ал, қазақ... Тәуелсіздік алдың, енді атаңның басы 
керек пе?! Ел иесі екеніңді қашан ұғасың?” (
Елеукенов
, 2012: 24). 
Әңгіме аяғы оқырманның ұлттық рухының көтерілуіне 
түрткі болатын сауал әрбір саналы қазақ жүрегіне ой қалдырады. 
“Ұлттық идея біздің ортақ тағдырымыздан туындайды. Ол ащы 
болсын, тәтті болсын-біздің бүгін де, ертең де өмір сүруіміздің 
бірден-бір шарты”, – деп түйіндейді. 
Қазақстанның тәуелсіздік ел атануы – тамыры тереңде 
жатқан 
қазақ 
халықтығының, 
ата-бабаларымыз 
аңсаған 
егемендіктің тұғыры нығая түскенін айқындайтын маңызды 
кезең. Тәуелсіздіктің арқасында қайта жаңғырған төл 
тарихымыздың жаңа беттері ашылды. Ендігі мақсат – 
тарихымыздың кешегісі мен бүгінін терең зерттеп, зерделеу. 
Әдебиетіміздің тарихы да осындай талғаммен қайта қарауды 
керек етеді. “Тәуелсіздік жылдары” деп аталатын кезеңнен 
басталған жаңашыл ізденістер рухани жаңғырудың жаңа бір 
кезеңі болды да, қазақ әдебиетіне көркем ойлаудағы жаңа 
ұстанымдарды алып келді (Назарбаев, 1996: 36). 
Халық бойындағы ұлттық рухтың сөнуі, көріне алмауы 
жақсылыққа апармайды. Сөнген рухты қайтадан маздата жаға 
білу тек қана әдебиеттің қолынан келетіні туралы қаламгер Д. 
Әшімханұлы мынадай пікір білдірген: “Ұзақ жылдар бойы 
ағылшындардың отарлауында болған үнді халқы тәуелсіздік 
алған кезде Джавахар Нерудің “Бәрін қалпына келтіреміз. 
Кедейшіліктен құтыламыз, байлыққа да жетеміз, қираған мүлік-
мүкәмалдың да орны толады. Ең жаманы отарлық езгінің 
әсерінен халқымыз рухын жоғалтып алды. Орны толмас 
өкінішіміз де осы” деп мұңаятыны бар. Осыған ұқсас, көп жылғы 
отарлық пен бодардық қазақ халқын ың да рухын жасытып, сағын 
сындырып кетті. Ал енді халқымыздың жасыған рухын кім 
көтереді. Меніңше, мұны тек әдебиет көтереді. Сондықтан да 
әдебиетіміздің қазіргі кездегі міндеті, парызы-халқымыздың 
рухын көтеруге бағытталуы керек” (Қазақ әдебиеті, 2001: 9). 


TUDAD - Cilt 4 - Sayı 2 - Nisan 2021 - А. Б. Көрегенова, Г. Ж. Болатова 
68
М.Мағауиннің 
“Құмырсқа 
қырғын”, 
“Коммунистік 
реализм”, “Қасқыр – Бөрі”, “Қисық ағаш”, “Қос Ағаш”, 
Т.Нұрмағамбетовтің “Кене”, А.Алтайдың, т.б. шығармалары 
әлеуметтік өмірдің ең бір өзекті мәселелерін, сыншылық-
философия саралайды. Жазушыларымыз өз шығармаларындағы 
айтар ойын, суреткерлік көзқарасын тұспалдап, психологиялық 
тұрғыда жеткізуі немесе әлеуметтік символикаға ден қоюы – 
заңдылық. “Астарлап, ишарамен сөйлеу, сөзге сараңдық, үкім 
айтудан, соңғы ақиқатпен кездесуден қашу – постмодернистік 
рухтағы бүгінгі қазақ прозасына тән басты қасиеттердің бірі” 
(Елеукенов, 2012: 24). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет