«Мәңгілік ел» немесе «Рухани жаңғыру» философиясы Бүгінгі таңда әлем көз ілеспес жылдамдықпен өзгеріп жатыр. Әлемнің бағыты, болашағы тұманды болып тұрған сәтте, Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы елді жарқын болашаққа бастайтын даңғыл жол болмақ.
Рухани жаңғырудың негізі — халықтың, жеке адамның тұлғаға айналуы. Әр заманның өз міндеті, ұрпаққа қояр талабы бар демекші, мемлекеттің дамуы — ұрпақтың уақыт талабына сай бейімделіп, мәдени ортаға қалыптасуға деген ұмтылысына байланысты.
Рухани жаңғыру – адам баласының оның ішкі жан дүниесінің жаңғыруы, санасы, түсінігі жаңа өзгерістерді саралап, дұрыс қабылдай білуінде. Рухани жаңғыру бастауын бүгін алған мәселе емес. Бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстар да аз емес.
Қазір білектінің емес, білімдінің салтанат құрған уақыты. Табысты болудың кілті – білімде. Саналы ұрпақ тәрбиелеп, білім беру — Елбасы саясатының басты және негізгі бағыттарының бірі. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап, мыңдаған жасты әлемнің маңдайалды жоғары оқу орындарында білім алуға мүмкіндік беретін «Болашақ» бағдарламасы жүзеге асырылуы, елімізде жоғары деңгейде бірқатар университеттердің ашылуы, зияткерлік мектептер жүйесінің қалыптасуы білім беру саласындағы жетістіктің нақты көрсеткіші бола алады.
Ежелден ұлы дала қойнауын мекен еткен халқымыз қашан да көзі ашық, көкірегі ояу болған. Заман ағымынан қалмай, басқалардың оң өзгерістерін бойына сіңіріп, өзге елдермен терезесін тең ұстауға тырысқан. Дана Абай айтқандай, дүниеден өз тетігін тауып, қаланған. Демек, бабалардан мирас болып, қанымызға сінген ұлттық – рухани тамырымыздан нәр алып, заман талабына сай қоғамдық санамыздың өзгеруі заңды құбылыс. Жаһандану үдерісі барысында өткен тарихымызды ұмыту, өткенімізден қол үзіп қалу адасудың басы болмақ. Дегенмен, дәстүрдің озығы бар, дәурені өткен тозығы бар екенін ескеріп, кері тартпа көзқарастардан арылудың маңызы зор.
бож тапсырмасы
Рухани жаңғыру идеясы және ұлттық рух» тақырыбында шығармашылық жұмыс.
Рухани жаңғыру, яғни кез келген қоғамның, ұлт болмысының мәдени дамуы мемлекеттің рухани өміріндегі қоғамдық сана түрлерінің заман талабына сай жетілуі арқылы көрінеді. Қоғамдық сана дегеніміз мемлекеттің қалыптасуы мен даму жолында, ұлттың тұлғалануында ұлттық мүддені қалыптастыру, қорғау және нығайтуда мәдени құбылысқа айналып отыратын тәжірибелер мен білімдердің, рухани - әлеуметтік құндылықтардың жиынтығы. Мемлекетті қалыптастыру мен дамытуда, ерекше құбылысқа ие қоғамдық сананың тарихи формалары тіл, мәдениет, тарих, дін, өнер, дәстүр, ғылым, білім, экономика, құқық, саясат және т.б. Философия тарихында ірі ойшылдардың ілімдерінде зерделенгендей, жеке адам өзінің рухани қалыптасуында мемлекет азаматына айналуы үшін қоғамдық сананың барлық формаларын толық меңгеру тиіс. Егер бұлардың барлығы жеке адамның танымында, қоғамдық ортада өмір сүретін болса қоғам тегістей дамиды. Қоғамдық ортада әділеттілік, шынайылық дәстүр, білімді, өнерді кәсіп ету қоғамның ұстанымына айналады. Әлихан Бөкейханов айтқандай, «Өзін-өзі қасқырша шауып отырған жұртта оқу-өнер болмайды». Уақыт өзгерген сайын адамзат қоғамы да өзгереді, өзгеру үстінде. Қазақ даналығындай айтылған, «елу жылда ел жаңа» деген өсиет қоғамның уақыт талабына сай өзгеріп отыратындығын зерделеуден туындаған. Осы тұрғыдан қарайтын болсақ (тарихтағы бабаларымыздың ұғымымен зерделесек), қоғамдық сананың рухани жаңғыруы дегеніміз, ұлттың және оның мемлекетінің қалыптасу жолындағы құндылықтар мен мәдени игіліктерді сақтай отырып, жаңа уақыттың өрісінде қалыптасып жатқан дүниелерді игеруі, қабілеті, білімі және өнері арқылы бағындыру, соған ұмтылу. Мәселен қазіргі таңда адамзат қоғамының әлеуметтік, мәдени және саяси дамуы, дамудағы ерекшеліктер әдемдік экономикадағы бәсекеге қабілеттілік арқылы көрінуде. Ал бәсекеге қабілеттілік қазіргі әлемдік өркениетте биікке қол жеткізген мемлекеттердің тарихында осыдан біраз уақыт бұрын басталып кеткен. Бүгінгі адамзат әлемінде қоғамдық сананың тарихи формаларының қатары бәсекеге қабілетті болудың жаңа дүниелерімен толығуда. Осындай жағдайда уақыт болмысы, қоғамның болашағы өскелең ұрпақтан жаңа дүниелерді меңгеруді талап етуде. Тағыда алаш зиялысы Әлихан Бөкейхановтың сөзіне жүгінсек, «Бұл заманда жылап мұратқа жетем деу – аш түйенің күйсеуі сынды дәрменсіздік». Бүгінгі заманда мұратқа жетудің талабы адам бойында ұлттық сананың, рухтың, білімнің және жігердің болуы. Бұлар адамның бойына тәрбие, адамның ақыл-парасатымен келмек. Ұрпақтың өз заманындағы жаңа дүниелерді бағындыруға ұтымды ұмтылысын және осы жолда халыққа игілігі ортақ дүниелерді бағындырудың тәсілдерін меңгеруін рухани жаңғыру дейміз.