Батырлар болмысы және тарихи сана (М.Қ. Қозыбаев еңбектері бойынша)



Pdf көрінісі
Дата15.03.2017
өлшемі163,41 Kb.
#9830

Төленова Зирабүбі Маймаққызы, ҚР БҒМ 

ҒК  Ш.Ш:  Уәлиханов  атындағы  Тарих  және 

этнология 

институтының 

аға 

ғылыми 


қызметкері, т.ғ.к., доцент 

 

БАТЫРЛАР БОЛМЫСЫ ЖӘНЕ ТАРИХИ САНА  



(М.Қ. Қозыбаев еңбектері бойынша) 



 

 

Ұлттық тарихи сана халқымыздың ғасырлар бойғы өткен жолы мен дамуы, 



қазақы қоршаған орта туралы, яғни өткені мен бүгінгі жағдайы туралы халықтық 

білімдер  мен  түсініктерден  бастау  алатыны  белгілі.  Егер  жалпы  түсініктер 

бойынша  бұл  тұнба  бастаулар  мен  құндылықтар  тек  тарихи  білімдерден  басқа 

ауыз  әдебиетінен,  дәстүрлі  ауызекі  тарих  айтудан,  батырлар  мен  лирикалық 

жырлардан,  жыраулық  толғаулар  мен  дастандардан,  кейінгі  көркем  әдебиет  пен 

бұқаралық  ақпарат  құралдарынан,  мемуарлық  естеліктерден  де  бастауын 

алатынын  білеміз.  Өйткені  олардың  бойында  тамыры  өте  тереңнен  тартылатын 

халқымыздың  ғасырлар  желісіндегі  жинақталған  өмірлік  тәжірибесі  мен  сол 

күндерден  жәдігер  болып  келе  жатқан  рухани  жадысы  жатыр.  Осындай  рухани 

жадының ерекше түрі, тарих ғылымы тілінде алғанда айрықша дереккөзі  - қазақ 

батырлар  жыры.  Дәл  осы  қазақ  батырлар  жыры  өткеннен  жеткен  тарихи  білім, 

тарихи  дереккөзі  ретінде  де,  бүгінгі  ұрпақ  бойындағы  тарихи  сананы  оятушы 

ақпараттық  ағым  ретінде  де  аса  маңызды  рөл  атқарады.  Осыған  байланысты 

академик  М.Қ.  Қозыбаев  еңбектеріндегі  қазақ  батырлары  жайында  көптеген 

ғылыми-танымдық  мақалалары  ауыз  әдебиеті  мен  нақтылы  тарихи  деректер 

бойынша публицистикалық жанрда жазылған. 

Өйткені олар - қазақ батырлары бүгінгі Қазақстанның қалыптасуы жолында 

үздіксіз  жүргізілген  азаттық  қозғалыстарда  жасындай  ойнаған  –  батыры,  ел 

басқарған  –  көсемі,  қол  бастаған  –  сардары,  сөз  бастаған  -  шешені,  халқын  бір 

ауыз сөзімен ұйыта алған  – данасы да болып танылған өр тұлғаларӨзіндік ерлік 

жолымен, өр тұлғасымен, сан-қырлы даналығымен қазақ тарихының төрінен орын 

алған  батырлар  мен  шешендер  қаншама!  Ұланғайыр  сайын  даламызды  бір 

жағынан патшалық Ресей, екінші жағынан Орта Азия хандықтары, әсіресе, Қоқан 

мен Хиуа өз ықпалына алып, қыспаққа алған шақта Далалық өңірде кеңінен қанат 

жайған ұлт азаттық көтерілістердің бастауында халық арасынан шыққан батырлар 

тұрды.  Ұлт  азаттығы  жолындағы  күресте  олардың  ерлігі  халық  жадында  жыр-

дастан  болып  мәңгілікке  жатталып  қалды.  Себебі,  аумалы-төкпелі  жаугершілік 

заманда  халық  басына  түскен  ауыртпалықты  бірге  көтеріскен  қазақ 

батырларының  барлығына  ортақ  қасиет  –  ұлттық  рухты  терең  ұғынуы,  ұлттық 

сана мен намысты бойына терең сіңіре білуі, жеке бастың қамына емес, ұлт үшін, 

жер  үшін  деген  биік  мұраттың  жолында  қызмет  ете  білулерінде  деп  ойлаймын. 

Осындай  биік  мұрат  пен  ұлт  тұтастығы  жолында  ерлігімен  танылған  Жалаңтөс 

баһадүр

Қабанбай,  Райымбек,  Қарасай,  Уақ  батыр,  Бөгенбай,  Шақшақ  Жәнібек, 

Жәуке,  Қарасай,  Саурық,  Сұраншы,  Сырым,  Исатай,  Махамбет  т.б.  батырлар 


тұлғасы тарихи сана мен ұлтық болмыстың шынайы үлгісі, өнеге мектебі ретінде 

жалпы қазақ батырларына тән ортақ танымды іздейміз.  

Халық  тұрмысымен  біте  қайнасқан  батырлар  бейнесіндегі  ерекше 

мұндалаған  тарихи  сана  көрінісіне  үңіле  қарар  болсақ,  ол  өткеннің,  қазіргі  мен 

болашақтың  арасындағы,  ұрпақаралық  байланысты  береді,  яғни  өткен  мен 

бүгінгінің  ортасындағы  тарихи-әдеби  нысандағы  елші  деп  қабылдауымызға  да 

болады.  

Бүгінгі  Қазақ  тарихында  кеңінен  өріс  алып  отырған  тұлғатану  мәселелері 

бойынша  батырлар  және  олар  өмір  сүрген  кезеңнен  хабар  беретін  құжаттық 

дерекке  молырақ  назар  аударып,  оның  мәліметтерін  талдап  зерттеу  –  тарихи 

ізденіс  үшін  көкейтесті,  ғылыми  таным  үшін  маңызды,  әрі  ұлттық  тарихнама 

тиімділігін  арттыратын  өзекті  сала  ретінде  ғана  емес,  ұлттық  педагогикалық 

білімді  қайта  жаңғыртуда  да  аса  қажетті  методологиялық  ұтымдылығын  тиімді 

қолдана  алуымыз  қажет.  Сондықтан  да  осы  тақырыпқа  қалам  тартарда  М. 

Қозыбаев  еңбектерін  басшылыққа  ала  отырып,  отандық  тарихымызда  әлі  де 

тереңірек зерттеуді қажет ететін батырлар және олардың қазақ қоғамында алатын 

орнына,  тағылымдық  тұстарына  көз  жүгіртсек.  Өйткені,  батыр  мен  ерлік,  ерлік 

пен сана қашанда қатар жүретін ұғымдар. Академик қазақ батырлары туралы ой 

қозғағанда  дастандар  мен  жырлардағы  батыр,  ер,  тарихи  сана  ұғымдарының 

мазмұны  мен  болмысының  санқырлылығын  сипаттайды.  Мысалға,  академиктің: 

«Ер»  деген  ең  алдымен  Отанын  қорғаған  сәтте  жау  шебін  бұзып,  қамал  алған 

қайрат-жігер  иесінің  бейнесі  оралады.  «Арыстандай  жүректі  еді,  жолбарыстай 

білекті  еді»,-  дейді  халық.  Ал  шын  мәнінде,  халық  «ер»,  «батыр»  деген  ұғымға 

көп мағына артқан. Халық жырларында батырлар туралы: 

Әділдікпен құрдас еді, 

Ақиқатпен сырлас еді, 

Жауыздықпен жаны қас,  

Жәбірлімен мұңдас еді, 

Өзі деген бір сөзін

Орындамай тынбас еді,-  

деп айтылуы тегін болмаса керек. 

 

Халық  



 

Кез  келген  батырлар  жырларын,  көркем  туындыларды  дереккөзі  ретінде-

қабылдау барысында зерттеуші, ең алдымен, жылдар бойы тарих ғылымы арқылы 

санаға  сіңісіп  кеткен  мәліметтермен  салыстыра  отырып  қабылдайды.  Екіншіден, 

осы жырлардағы берілген  тарихи  сана көріністерін  сол дүниеге  келген  дәуірінің 

рухани  өмірінде  алған  орнын  бұқараның  жадында  қаншалықты  жатталғанынан 

іздейді.  Қазақ  қоғамында  халықпен  бірге  жасасып  келе  жатқан  батырлық 

жырлардың қай-қайсысын алсаңызда оның мазмұнын да – терең тарих, астарында 

–  тарихи  сана  мен  болмыс,  халықтың  рухани  табиғи  байлығы  жатыр.  Олардың 

мамұнынан көне дәуірдің, ерте кезеңнің ізін, хандық билік тұсындағы қоғамның 

құрылысы мен әлеуметтік көрінісін, ондағы мифтік, діни ұғымдарды да, ғажайып 

ертегілер  әлемін  де,  халықтың  түпкі  арман-тілегін  де,  өмір  шындығының 

көріністерін  де  аңғару  қиындық  туғызбайды.  Батырлар  жырларының 


ерекшеліктерінің бірі, оның астарында халықтық дүниетаным мен әлемді түсіну, 

өзі  өмір  сүрген  қоғамды  рухани  игеру  жатыр.  Сонымен  қатар,  батырлар 

жырларында  қазақ  халқының  философиялық  ойлау  жүйесінің  тұтас  бір  мектебі 

бар.  Ойымызды  айқындай  түсетін,  «Алпамыс»,  «Қобыланды»,  «Қамбар»,  «Ер 

Тарғын»,  «Ер  Төстік»,  «Құбығұл»,  «Құламерген»,  «Айдос  батыр»,  «Мұңлық-

Зарлық»,  Сейпіл-мәлік»,  «Қырымның  қырық  батыры»,  «Едіге»,  т.б.  «батырлық 

ертегі» жырлардың мәні зор. 

Осы  аталған  жырлардың  барлығында  дерлік  түпкі  иеясы  –  ел  тілегі, 

бостандық  пен  тәуелсіздік,  отанын  басқыншылардан  азат  ету.  Сол  арқылы 

батырды,  батырдың  ерлігі  арқылы  тарихи  сананың  мәні  мен  мазмұнын  ашады. 

Мысалға, «Қобыланды» жырындағы:  

Ай, қаш, залым, қасымнан. 

Қиямет салма жасымнан, 

Дәулет құсты ұшты деп

Тіліне дұшпан көнбедім. 

Өшті болған әкеңнен 

Өшімді алмай кетпеймін, 

Кекті болған әкеңнен 

Кегімді алмай кетпеймін. 

Жаз жайлауым – Көзді көл, 

Қыс қыстауым – Қараспан 

Ат  ізінен  адаспан»  [3,  110-б.],  -  деп  Қызылбастың  елінде  тұтқынға  түскен 

кезде  босатпақ  болған  Қарлығаға  берген  жауабының  астарында  ата-анаға,  туған 

жерге деген сағынышпен қатар, батырға тән ерлік пен өр рух жатыр емес пе!?  

Сондай-ақ осы жырда тарихи сананың бір қыры болып табылатын батырлар 

арасындағы достықта биік тұрғыдан суреттеледі. Мына жолдардағы: 

 Қарлығы мен Қоблан, 

Қараман, Ортақ төртеуі 

Бастарын қосып батырлар 

Намыстарын  бермеді»,  -  шайқас  даласындағы  достықтың  қаншалықты 

қымбат екендігін, оның шындалар сәтін көрсетеді [2, 179-б.].   

Тарихи  және  әдеби  зерттеулерге  тереңірек  үңілер  болсақ,  қазақ  батырлар 

жырының шығу тарихы да терең де жатыр. Олардың көпшілігі негізінен ХІІ-ХІV 

ғасырлардан  бастау  алып,  ХІХ  ғасырға  дейін  жалғастығын  тапты  деген  пікірлер 

де  жоқ  емес.  Себебі,  бұл  ғасырлар  қазақ  халқының  тарихында  «Елім-айлап» 

өткізген оқиғалардың тізбесінен тұратын кезең. Сайын даланы жат жерлік жаудың 

қолынан  сақтап  қалуда  өз  өмірін  халқының  тыныштығы  жолына  қиған  ерлердің 

ерлік жолы батырлар жырларына сюжет болып қана қойған жоқ, тарихи сананың 

өшпес белгісіндей болып халық жадында сақталып қалды. Бұдан, қазақ батырлар 

жырының  шығу  тарихын  кезеңдеуді  нақтылауды  ұсынып  отырғанымыз  жоқ. 

Батырлық  эпостарының  тамыры  өте  тереңде  жатқанын  жоғарыда  атап  өткен 

болатынбыз. Академик Әлкей Марғұланның зерттеулеріне сүйенер болсақ жалпы 

қазақ эпосы өзінің қалыптасу және даму тарихында ХІІІ ғасырға дейін екі үлкен 

кезеннен  өткен.  Алғашқысы,  көне  заман,  екіншісі  –  VІ-ХІІ  ғасырлар  арасы  [4]. 

Шындығында, батырлар жырының алғашқы үлгілері ежелгі қазақ қоғамындағы ру 


бірлігін қорғау жолындағы ерліктерін паш ету, ел мен жер намысын биік ұстаған 

тұлғаның өрлігін жырлау негізінде туындағандығы анық. 

Қазақ  батырлар  жырының  тарихы  –  ұлт  тарихының  ең  маңызды  құрамдас 

бөлігінің бірі, бай дереккөзі болып табылады. Батырлар жырында ұлттық таным 

мен  сана,  болмыс  пен  рух  жатыр,  әрі  ұлттық  идеялық  ізденістері,  сол  жолдағы 

ерлікке  толы  күрес  жолы,  бай  тарихы  мен  рухани  құндылықтары,  ұлттық 

философиясы мен ой-толғамдарының шынайы айшықтары бейнеленген. Сондай-

ақ батырлар жыры қазақ тарихын, ұлттық тарихи сананы жан-жақты оқып, түсіну 

үшін негіз және методологиялық құрал ретінде де үлкен мәнге ие. Халқымыздың 

ұлт-азаттық  қозғалыстарымен  тығыз  байланыста  қалыптасып,  дамып  келген 

батырларының  жырының  мазмұнын  тарихи  тұрғыдан  терең  түсінбейінше,  ұлт 

тарихын,  оның  құрамдас  бөліктерін,  қазақ  далалық  қоғамын,  ондағы  саяси 

идеология  мен  ішкі  тартысын,  ұлт  өнері  мен  әдебиетін,  ұлтымызға  ғана  тән 

адамгершілік  пен  ерлік,  рух  пен  өрлік,  батырлық  пен  қайсарлылық  табиғатын, 

болмысы мен санасын, жалпы өмірлік қағидаларын пайымдау мүмкін емес.  

Сонымен  қатар,  батырлар  жырында  көшпелі  шаруашылыққа  негізделген 

дәстүрлі қазақ қоғамы да суреттеледі. Дегенменде, ауыз әдебиетінің өзге түрлері 

сияқты,  батырлар  жырын  да  тарихи  дереккөзі  ретінде  пайдалану  үшін,  ең 

алдымен,  сақтықпен,  содан  кейін  қосымша  салыстырмалы  материалды 

пайдалануды қажет етеді. Себебі, ол ұрпақтан ұрпаққа ауызша таралды, ғасырдан 

ғасырға  жетті,  сөйтіп  ол  халықтың  төлтумасына,  көп  нұсқалы  ұжымдық 

шығармаға айналды.   

Халық  ауыз  әдебиетін,  жыр-дастандарын  жинақтап,  зерттеген  академик  Ә. 

Марғұланның  пайымдауына  сүйенер  болсақ,  оларда  қазақтың  тарихы  мен 

дәстүрлі мәдениетінің түп қайнары жатыр [5]. 

Сондай-ақ батырлар жырындағы жер пен отан қорғаудан кейін жырланатын 

ерлік – батырдың өзіне тең, ақылына сұлулығы сай келетін жар іздеу жолындағы 

ерліктерін  жырлау  бұл  тек  қазақ  батырлар  эпосына  ғана  тән  дүние  емес.  Ол 

әлемдік  деңгейдегі  «Одиссея»,  «Манас»,  «Жолбарыс  тонды  батыр»  «Давид 

Сасунский» және өзгеде эпостарда кеңінен жырланған тақырып.  

Ал, ХІХ ғасырдың екінші жартысында Жетісу мен Оңтүстікті қоқандықтар 

мен орыс патшалығының саяси ықпалынан сақтап қалуға, ел мен жерін азат етуге 

күш жұмсаған Сұраншы батыр мен Саурық батыр туралы ел арасында сақталған 

жырда да, жыр алыбы Жамбыл баба нұсқасында да сайын даланың мінезіндей күй 

кешкен,  кеңдікте  шашырап  жатқан  қазақ  халқының  басын  біріктіруге  ұмтылған, 

ұлт  азаттығын  көксеген  қос  батырдың  бойынан  ұлттық  сана  мен  рухтың, 

болмыстың жарқын бейнесін көреміз. Мысалға,  

«Қайратыма мінгенім, 

Қалың елдің қамы үшін. 

Сүттей елді ірітпей, 

Таза майды шірітпей», - деген жолдардан оның батырларға ғана тән жоғары 

парасаттылығымен  қатар,  ел  бірлігі  мен  тыныштығын  алыстан  ойлаған 

даналығын  да  танимыз.  Сондай-ақ  азаттық  жолында  ары  мен  жанын  пида  еткен 

қас батырдың ұлт намысын жоғары қойғандықтан, ұлт мүддесі үшін хан алдында 

да, жау алдында бас имей өтуінің өзі үлкен ерлік. Егер, ерлік пен батыр егіз ұғым 


деп  қабылдасақ,  онда  батырдың  тұлғасын  тану,  ерлік  жолын  дәріптеу  арқылы, 

өткенге  тағзым,  ертеңге  қызмет  жасағанымыз.  Осы  тұста  академик  М.Қ. 

Қозыбаевтың  «Батыр  еңкейсе  иен  еліне,  шалқайса  тарих  иығына  сүйенген, 

халықпен  біте  қайнасып  кеткен  ол  қоғамның  саяси  құрылымында  хан  қасынан 

орын  алар  мәртебеге  ие  болған.  Қарадан  шығып  хан  ордасына  жеткен  ол.  Елдің 

бірлігінің, тірлігінің дәнекері болған ол еркіндік туын ұстар дәрежеге көтерілген. 

Батырлардың  батыры  бұл  дүниеден  өткенде  халық  аза  тұтып,  қаралы  болған  ел 

баһадүрді әулие атаған, бүкілхалықтық пантеон Түркістанға жерленген. 

Батыр  ...  ғажайып  құбылыс.  Бұл  құбылыс  түркі  текті  тайпалардың  ішінде 

тек  қазақ  халқына  тән  құбылыс  екендігі  шынында  ғажап  емес  пе?!»  [6,  17-б.],  - 

деген батырлар жайында жасаған тұжырымдамасының ұстанымы да мазмұны да 

тереңде жатқандығын ұғынамыз. Және сол сипаттама біз бүгін ерліктеріне тағзым 

етіп, еске алып отырған Сұраншы мен Саурық батырларға да ортақ.  

Қазіргі  заманға  еліміздің  рухани  дамуында,  ұлттық  идеяны  қалыптастыру 

мен жаңғырту бағытында батырлар жырындағы ұлттық дүниетанымды зерделеп, 

оның тарихилық пен дәстүршілдік қағидаларының алғышарттарын орнықтыруда, 

ұлттық  құндылықтарымызды  жаңғырта  отырып  қастерлеуде  ондағы  тарихи 

сананың  көріністерін  өз  деңгейінде  сипаттауымыз  үлкен  рөл  атқаратыны  сөзсіз. 

Сондай-ақ, қазақ халқының өзіндік тарихи санасын, рухын танып-білуде батырлар 

жырындағы  ұлттық  дүниетанымды  талдаудан  өткізе  отырып,  өткенімізді  тану 

арқылы болашаққа сенімді қадам жасай аламыз. 

Бүгінгі  жастар  бойындағы  тарихи  сананы  қалыптастыру  мен  оятуда  сайын 

далада  қалыптасқан  өркениеттіліктің  асқар  биігі  болып  танылатын  сөз  өнерінің 

құдіреті  ретінде  халықтық  жырлардың  рөлі  өте  зор  болғандықтан,  оларды 

насихаттау  мен  тарату  үлкен  шеберлікті  талап  етеді.  Қазақтың  сөз  өнеріне 

барынша назар аударғаны соншалық, бала тәрбиесінде де ұлттық діл мен рухты, 

тарихи зерде мен сананы бесіктегі күнінен тал бойына егуге ерекше мән берген. 

Осы  жайында  Н.Ә.  Назарбаев:  «...  Қазақты  этномәдени  тұтастық  ретінде  танып-

түсіну үшін халықтың ауыз-екі сөзінің құдіреті айрықша мәнді.  

... Қазақ даласының дүйім жұртында кең құлашты тарихи сана болған себебі 

бұл даладағы әрбір жұмыр басты пенденің жады бала кезінен ауызша айтылатын 

қисапсыз  мол  дерекке  әбден  жаттығып,  көз  қанық  болып  өскен.  Халық  тарихын 

түсініп-білу әрбір адамның өз басындағы сезім-түйсікпен астасып отырған»,- деп 

нақтылы тұжырымдама жасаған [7].  

Қазақ  жыр-дастандарындағы  көтерілген  ұлттық  тәуелсіздік  жолындағы 

ерлік пен өрліктен өрілген батырлар тұлғасы, бостандық жолындағы күресі саяси 

тәуелсіздік  пен  егемендікке  қол  жеткізген  Қазақстанның  жаһандану  үдерісінің 

көшіне  еруіне  ықпалын  тигізері  анық.  Осынау  ғаламдық  міндетке  айналып 

отырған  мақсатты  жолда  бар  рухани-мәдени  құндылықтарымыз  бен 

байлығымызды  сақтай  отырып,  өз  үстемдігін  жасауға  талпынған  жаһандану 

үдерісі  кең  құлашын  жайған  тұста  ұлттық  болмысымызды,  ұлттық 

ерекшеліктерімізді,  ұлттық  тіл  мен  ділімізді  сақтап  қалуда  ата  тарихымыз  бен 

ғасырлар  қойнауынан  келе  жатқан  ата-баба  даналығы  мен  дәстүрін,  мәдени 

мұрасы  мен  ауызекі  төлтумаларының  өміршеңдігін  дәлелдеп  қана  қоймай,  оның 

терең мазмұнын келер ұрпаққа жеткізу үлкен абыройлы міндет.  


 

Пайдаланылған әдебиеттер: 

 

1.

 



Жеті ғасыр жырлайды. ХІV ғасырдан ХХ ғасырдың бас кезіне дейінгі қазақ 

ақын-жырауларының шығармалары / Құрастырған: Е. Дүйсенбайұлы. 2 томдық – 

Алматы. Жазушы, 2004. – т.1. – 7-б. 

2.

 



Валиханов Ч. Киргизское родословие // Собр. соч. в 5-ти томах. – А., 1985. – 

Т.2. – С. 148-166. 

3.

 

Батырлар  жыры.  /  Алғы  сөзін  жазған  Қ.  Жұмалиев  және  М.  Ғабдуллин.  – 



Алматы: Көркем баспа, 1963. – т І. – 110-б. 

4.

 



Маргулан А. О характере исторической обусловленности казахского эпоса // 

Известия КазФан СССР. – 1946. - №2. 

5.

 

Марғұлан Ә. Ежелгі жыр, аңыздар. – Алматы: Жазушы, 1985. – 368 б. 



6.

 

Қозыбаев М.Қ. Батыр – ел қорғаны // Тұлғалар тұғыры / Құраст.: І. 



Қозыбаев. – Алматы: ҚазАқпарат, 2009. – 540 б. 

7.

 



Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында. – Алматы: Атамұра, 2003. – 28-31-бб. 

 

 




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет