9,10,11 сыныптарға арналған стационарлық дайындық
Тыңдаушылардың стационарлық дайындық үлгілері:
1.
«Шығыстың алтын қоры» ЖОО дейінгі дайындық орталығы – түсу
емтихандарына пәндер бойынша 8, 6, 4 айлық даярлау курстары
2.
Шетел қазақ диаспорасы өкілдері (оралмандарға) мен шетел азаматтарына
арналған дайындық бөлімшесі
3.
Базалық курстар, арнайы курстар, жоғары сынып оқушыларына арналған
факультативтер. «Алтын белгі» мен «Бәрі тек қана 5–ке» атты ерекше үлгі
аттестатына үміткерлерге арналған бағдарлама
4.
Студенттерге арналған сертификат немесе диплом (сұрақтың заңдық жағынан
өңделуі қажет) беретін қосымша дайындық курстары.
Жоғары сынып оқушылары мен талапкерлерге арналған стационарлық
дайындықтың ерекшеліктері:
Сабақты университеттің тәжірибелі мұғалімдері жүргізеді;
Тыңдаушылар әңгімелесу мен тестілеудің нәтижесінде қабылданады;
Университетке түсу емтихандарына 9 пән бойынша қазақ және орыс
тілдерінде университет оқытушыларының авторлық білім бағдарламалары
негізінде дайындау;
Оқудың әртүрлі мерзімдері (9, 6, 4, 3 және 1 айлық курстары);
Оқуға 9-10-11 сынып және колледж оқушылары мен жұмысшы жастар
қабылданады;
Сабақтар жалпы және аз санды топтарда жүргізіледі;
Оқу ақысын сатылы төлеу мүмкіндігі;
Таңдау пәндері бойынша оқыту;
Оқудың қорытындысы бойынша сертификат беріледі.
«Шығыстың алтын қоры»ЖОО дейінгі дайындық орталығының оқуды сәтті
аяқтаған тыңдаушыларына университетте /ақылы бөлімде/ бірінші оқу жылы үшін
жеңілдік жасалады.
Стационарлық дайындық шегінде ШҚМУ-дың көпсалалы олимпиадасы
өткізіледі. Бұл оқытудың 15 бағыты және бейіні бойынша жүргізілетін олимпиада
(Олимпиадалар 2008 жылдан бері өткізіліп келеді).
«Akme» жетістіктер клубы
«Akme» жетістіктер клубы – бұл ең және сапалы білім алуға ұмтылушы 12-13
жас мөлшеріндегі мектеп оқушылары үшін алғашқы баспалдақ. Бұл - 7-9 сынып
оқушыларын жаратылыстану, әлеуметтік – экономикалық және әлеуметтік –
гуманитарлық салалар бойынша алдын – ала дайындық.
Клуб – бұл әртүрлі жас деңгейіндегі азаматтардың еркін түрде мүше бола
алатын білім алу – көңіл көтеру ұйымы. Клуб мүшесі карточкасын алған сәттен
бастап оның құқықтары мен міндеттері пайда болады.
Клубқа мүшелік жеке немесе ұжымдық түрде де (команда) болады.
Клубтың құрметті мүшелері ШҚМУ-дың жетекші ғалымдары болып
табылады.
Дайындық нысаны: мини – курстар, тренинг – семинарларға қатысу, болашақ білім
жолын таңдау туралы психологпен кеңес жүргізу, «Эрудит» зияткерлік мектебі.
Өскемендегі 2011 жылдың жазғы мектебі!
Естен кетпес демалысты Шығыс Қазақстанның орталығы –
Кенді Алтайдың інжу–маржаны - Өскемен қаласында өткізіңдер,
оқыңдар, демалыңдар және Алтайды танып біліңдер!
Жазғы мектеп ең алдымен келешекте С.Аманжолов атындағы ШҚМУ –
да жоғары білім алу мүмкіндігін қарастырып жүргендер және ағылшын тілін
меңгеруді немесе меңгеру дәрежесін жақсартуды қалағандар үшін қызықты
болмақ. Курстар тек қана ҰБТ–ның байқау пәндерінен білімді тереңдетіп
ғана қоймай, Өскемен мен Шығыс Қазақстанның қызықты жерлерін өз
көзімен көру мүмкіндігін береді. Сонымен қатар, курсқа қатысушылар
ШҚМУ – ды көріп, студенттермен әңгімелесіп, университет ұсынып отырған
бағдарламалар толық ақпаратты ала алады.
Өскемендегі жазғы курста өткізілген 2 апта әркім үшін естен кетпес,
тартымды және пайдалы демалыс болмақ!
1 айдағы академиялық сағаттар саны
7 сынып – 16 сағат
8 сынып – 20 сағат
9 сынып – 28 сағат
7-8 сынып оқушылары үшін
-
Жалықтырмайтын информатика
- Қызықты математика
- Ежелгі тарихқа саяхат
- Риторикалық сауаттылық
- Экономика әлемінде
- Құқық әліппесі
- Балғын журналистердің
шығармашылық шеберханасы
Іскерлік қатынастар әлемі (элективті
курстарды қамтиді)
Мамандық таңдау
Конфликтология
Салтанатты кештерге арналған
хореография
Іскерлік этикет
9 сынып оқушылары үшін
Іскерлік қатынастар әлемі
Информатика
Қазақстан тарихы
Математика
Экономикаға кіріспе
Құқықтану негіздері
Риторика элементтері бар орыс тілі
9 және 10 сынып оқушылары үшін
Екі курстың құрамына мыналар кіреді:
- университетке түсуге қажетті байқау пәндерін және ағылшын, қазақ, орыс
тілдерін меңгеру (оқытудың жаңа технологияларын қолдана отырып);
- Өскемен қаласы мен Шығыс Қазақстан облысы бойынша бай мәдени
бағдарламаны игеру.
Жаратылыстану – математика бейіні + ағылшын тілі жазғы курсы
Жаратылыстану – математика бейіні жазғы курсында оқу – бұл
жаратылыстану – математика циклі және ағылшын тілі бойынша өз
деңгейіңді жақсарту және ҰБТ–ға дайындалуда ілгері басу, сондай-ақ,
Қазақстанның ең әдемі қалаларының бірі - Өскеменде тамаша демалыс
өткізудің ең тиімді әдісі.
Жазғы оқу курсының қызыққа толы бағдарламасында таңдау пәндері
бойынша күнделікті сабақтар және сыныптан тыс өткізілетін шаралар,
спорттық жарыстар, қызықты экскурсиялық бағдарлама қамтылған. Сабақ
қызықты, еркін түрде жүргізіледі, курсқа қатысушылар университеттің
академиялық және ғылыми – зерттеу зертханаларында ізденімпаздық және
ғылыми – зерттеу жұмысын жүргізу дағдыларын қалыптастырады. Ағылшын
тілінен сабақ беретін барлық мүғалімдер АҚШ, Ұлыбританияда сынақ ісінен
өткен және олардың ағылшын тілін шет тілі ретінде оқытуда бай
тәжірибелері мен арнайы халықаралық біліктілігі бар.
Қоғамдық- гуманитарлық бейін жазғы курсы
Қоғамдық–гуманитарлық бейін жазғы курсы ең алдымен болашақта
ШҚМУ–да жоғары білім алу мүмкіндігін қарастырып жүргендер үшін
қызықты болмақ. Оқу курсы тек қана гуманитарлық бейін пәндерін
тереңдетіп оқытумен ғана шектелмейді, сонымен қатар, курсанттардың
танымдары мен шығармашылық мүмкіндіктерін оятады, табысты кәсіпқой
заңгерлермен,
аудармашылармен,
тілшілермен,
саясаттанушылармен
кездесуге, Өскеменнің қызықты жерлерін өз көздерімен көруге мүмкіндік
береді. Сонымен қатар, курсқа қатысушылар белгілі ғалымдарды көріп,
студенттермен әңгімелесіп, университеттің білім беру бағдарламалары
МЖБ1 курсы
Биология + ағылшын тілі
Физика + ағылшын тілі
Химия + ағылшын тілі +
Математика + ағылшын тілі +
орыс тілі
Математика + география +
ағылшын тілі
ҚГБ 2 курсы
Тарих + ағылшын тілі
Тарих + қазақ тілі+ орыс тілі
Тарих + орыс тілі+ қазақ тілі
Ағылшын тілі+ қазақ тілі
Ағылшын тілі+ орыс тілі
туралы толық ақпарат ала алады. Өскемендегі жазғы курста өткізілген екі
апта естен кетпес, тартымды және пайдалы демалыс болмақ!
Курстың мақсаттары
o
ЖОО-ға түсуге мақсатты дайындық
o
Қазақ, ағылшын, орыс тілдерін үйрену
o
Шығыс Қазақстанмен, оның мәдениетімен, тарихымен, заманауи
өмірімен танысу
o
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-мен танысу, Қазақстанда жоғары
білім алу мүмкіндіктері жайлы ақпарат алу
o
Белсенді демалыс
Курстың негізгі өлшемдері
Ұзақтығы: 20.06.2011-03.07.2011(МЖБ 1-ші ағым), 11.08.2011-24.08.2011
(ҚГБ 2-ші ағым)
Академиялық сабақтардың қарқындылығы:
o
Жаратылыстану - математика бейіні жазғы курсы + ағылшын тілі –
аптасына 30 академиялық сағат, оның ішінде 6 сағат - ағылшын тілі
o
Қоғамдық гуманитарлық бейін жазғы курсы аптасына 30 академиялық
сағат, оның ішінде,тілдерді меңгеру – 8 сағат
Оқу күндері: дүйсенбі – жұма
Сабақ уақыты: таңертеннен түске дейін жарты күн
Мәдени бағдарлама
Курс барысында қатысушылар Өскемен мен Шығыс Қазақстанның қызықты,
көрнекті жерлерімен танысады, оның ішінде:
o
Шығыс Қазақстанның облыстық этнографиялық мұражайы
o
Шығыс Қазақстанның облыстық өнер мұражайы
o
Үлбі металлугия зауытының көрме залы
o
А.С.Пушкин атындағы облыстық кітапхана
o
Облыстық тарихи - өлкетану мұражайы
o
Ашық аспан астындағы «Жастар» архитектуралық-этнографиялық
кешені
o
Сол жақ жағалаудағы экологиялық парк
o
«Үлбі» ОМҮ
o
«Алтай Альпілері», «Көгілдір бұғаз» демалыс айлақтарына бару және
тағы басқалар!
Курсқа қатысушыларға жетекшілік жасау
Ұшақтан/поездан/автобустан түскен сәтінен бастап кусанттарды
кураторлар бірге алып жүреді және оларға барлық мәселелерін шешуге және
уақыттарын ыңғайлы өткізуге көмектеседі. Кураторлар барлық мәдени іс-
шаралар кезінде, қажет болған кезде сабақ барысында және одан кейін де
курсанттардың қасында жүреді. Курсқа қатысушылардың ата-аналары өз
баласының қал-жағдайы туралы әркезде біле алады, кураторларға сұрақ
қойып, тілек білдіре алады.
Курсқа жазылу кезінде қатысушыларға қойылатын талаптар:
o
Ең кіші жас мөлшері -15 , ең үлкен жас -18
o
Бюджет қаржысына оқитын, іріктеу байқауынан өткен қатысушылар
үшін білім беру орындарының кепілдемесі
Базалық мектептер
Базалық мектептердің міндеті:
o
Бейіндік пәндер бойынша оқушыларға сапалы білім беру, шет тілдерін
оқыту,
o
Олимпиада және басқа да зияткерлік жарыстарға қатысу
мүмкіндіктерін туғызу,
o
Университетке мақсатты түрде дайындалуды қамтамасыз ету,
o
Өздігінен білім алу, қажетті ақпаратты табу, оны талдау, өз көзқарасын
дәлелдеу қабілеттерін дамыту.
Тіректік және бейіндік мектептерде оқу үрдісі университет пен мектеп
оқытушыларының бірігіп құрған бағдарламалары бойынша жүргізіледі.
Сонымен қатар, университет оқытушылары базалық мектептердің
мүғалімдері үшін бейіндік пәндер тақырыптары бойынша кеңес жүргізеді.
ЖОО дейінгі дайындық факультетінің базалық мектептерінде оқу
сапасын күшейту мақсатында:
o
әр оқушының рейтингісін белгілей отырып, түсу сынақтарының
барлық пәндері бойынша диагностикалық тестілеу түрінде базалық
мектеп оқушыларының үлгерімін аралық бақылау жүйесін жүзеге
асырады;
o
базалық мектептердің оқушыларын қажетті әдістемелік құралдармен
қамтамасыз етеді;
o
мектептерге бейіндік пәндері бойынша оқытушылық құрамды таңдаған
кезде көмек көрсетеді.
Базалық мектептердің 10 - 11 сыныптарының оқушылары үшін
диагностикалық тестілеу әр пән бойынша міндетті рейтинг жасау арқылы
жүргізіледі. ЖОО дейінгі дайындық факультетінің тыңдаушылары мен
базалық мектеп оқушыларының бірыңғай рейтингісінің нәтижелері бойынша
бакалавриатқа түсетін кезде талапкерге жеңілдіктер жасалатын болады.
«Оқытушы - оқушы» зерттеу жобаларының байқауы
Зерттеу бағыттарының тізімі:
o
информатика
o
математика
o
химия
o
менеджмент
o
құқық
o
саясаттану
o
психология
o
әлеуметтану
o
экономика
o
пәнаралық зерттеулер
Зерттеушілер
ұжымына
жетекші
(университет
ғалымы)
және
орындаушылар (базалық мектеп оқушылары) кіреді. Жетекшіні қосқанда
ұжым мүшелерінің жалпы саны 7 адамнан артық емес. Пәнаралық жобалар
үшін екі жетекші болуы және жетекшілерді қосқанда ұжым мүшелерінің
жалпы санын 10 адамға дейін көбейтуге рұқсат етіледі.
Жоба орындаушылары «Оқытушы - оқушы» жобасына қатысушылардың
нәтижелерін нәтижесін ақпан - наурыз айларында базалық мектептердің
бірлескен
семинарында
көрсетеді.
Байқау
нәтижелері
бойынша
жеңімпаздарға ұжымдық грант тапсырылады.
«KazUniEntrant» интернет–мектебі
Оның құрамына мыналар енеді:
Биология мен психология бойынша интернет–мектеп;
Экономикалық–менеджерлік интернет–мектеп;
заңгерлік интернет–мектеп;
әлеуметтік – саясаттану интернет–мектебі;
журналистика бойынша интернет–мектеп;
математика бойынша интернет –мектеп және басқалары;
тарих бойынша интернет–мектеп;
ағылшын тілі бойынша интернет–мектеп;
орыс тілі бойынша интернет–мектеп және басқалары.
Интернет – мектептің негізгі міндеттері:
Дарынды оқушыларды іздеу және оларға қолдау көрсету;
Бейіндік оқытудың элементтерін іске асыру және кәсіптік бағдар беру
қызметі;
Жалпы білім беретін пәндер бойынша терең ЖОО дейінгі дайындық;
Тұратын орнына қарамастан мүмкіндіктердің теңдігі;
Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) нысанына сәйкес келетін нысандағы
білім мониторингі.
Оқыту ережелері:
Интернет – мектеп өздігінен білім алуды қалайтындар үшін қолжетімді
және ашық оқыту қағидалары негізінде жұмыс істейді.
Жұмыс істеу мерзімдері: қазан айынан сәуір айына дейін (оқу үрдісіне
кез келген уақытта қосылуға болады).
ЖОО
дейінгі
дайындық
факультетінің
оқу
жоспары
мен
бағдарламаларының тақырыптары бойынша материалдар жылына 4 рет
беріледі.
Диагностикалық тестілеу - бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдау
арқылы тестілеу түрінде жүргізілетін бақылау.
Интернет–мектепте форумдар жұмыс істейді.
Жыл сайын наурыз айында дайындықтың барлық бағыты бойынша
Интернет–олимпиада ұйымдастырылып, өткізіледі.
Оқу-кеңес беру орталықтары
ЖОО дейінгі дайындық факультетінің шегінде оқу–кеңес беру
орталықтары ШҚО аймақтарында жұмысын ұйымдастырады. Оның негізгі
мақсаты келешекте оқу орны ретінде ШҚМУ–ды таңдайтын 10-11 сынып
оқушыларына арналған бір немесе екі жылдық дайындық курстарының
тармақталған желісін құру.
Сондай–ақ, оқу–кеңес беру орталықтарының міндеттеріне:
Мектеп оқушыларына кәсіптік бағдар және кәсіпқойлық кеңес
беруді ұйымдастыру;
Қалалық, аудандық білім беру бөлімдері мен университет және
ынтымақтастық жүргізуге ынталы басқа ұйымдар арасында оқу–
кеңес беру қызметі мәселелері бойынша өзара әрекеттесуді
ұйымдастыру;
Педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру мәселелері жөнінде
оқу орындарымен өзара әрекет жасау;
Тәжірибе бөлісу
үшін, біліктілікті
арттырып, туындаған
проблеманың
ортақ
шешімін
табу
үшін
педагогикалық
қызметкерлердің арасында кездесу ұйымдастыру кіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |