Арман egov.kz порталынан «Тұрғылықты жерінен мекен-жай анықтамаларын беру» мемлекеттік қызмет түрін пайдалып, анықтама алғысы келді. Порталға кіру үшін ЭЦҚ көмегіне жүгінді. Алайда, egov.kz порталына енгізген құпия сөзі қате болып шығып, жүйеге ену мүмкіндігі болмады. Арман сыныптасы Аңсардан ЭЦҚ қайта жаңарту үшін порталға өтініш беру жолдарын сұрады. Аңсар ЭЦҚ қайта алу үшін өтініш берудің қадамдарын айтып берді. Аңсардың ұсынған ақпараттарынан кейін Арман ЭЦҚ қайта жаңартып, ноутбугіне жүктеп алды.
|