«Коммуникация» ұғымы (латынның «communicare» - байланыстыру, біріктіру деген сөзінен) ақпаратты алу, өңдеу, жеткізу және сақтау процестерінің жиынтығы болып табылады.
Бұл процестерді жеке бастық-тұрмыстық деңгейден ғаламдық-әлеуметтік деңгейге дейінгі ауқымда қарастыруға болады.
«Коммуникация» - бұл тілдесу (вербальды) және тілдеспей, ыммен түсінісу (вербальсыз) ақпарат алысу.
Вербальды ақпарат – сөйлем арқылы түсінісу немесе сезімді, ойды, байқағандарын жазу арқылы жеткізу.
Вербальсыз ақпарат – ақпаратты сөз құрамдарынсыз немесе жазбай-ақ жеткізу.
ХІХғ коммуникация техникалық мағынада «байланыс орнындағы жолдар, құралдары» деп қолданылған. ХХғ әлеуметтік мағынаға ие болған.
Л.С.Выготский, В.Н.Курбатов, А.А.Леонтьев т.б.көптеген энциклопедиялық сөздіктерде «коммуникациялық ұғымы хабарлау жолы, қарым-қатынас деп түсіндірілді.
Т.Парсонстың пікірінше коммуникацияны адамдар арасындағы қарым-қатынас, өзара әрекет деп түсінуге болады. Т.Парсонстың пікірінше коммуникацияны адамдар арасындағы қарым-қатынас, өзара әрекет деп түсінуге болады. К.Черридің пікірінше, коммуникация сан алуан байланыс жүйесін пайдаланатын әлеуметтік қарым-қатынас, оның ең маңыздысы тіл және сөз дейді.
Тиімді коммуникация – ақпарат алмасу барысында қолайлы қарым–қатынас орнату, алынған ақпаратты қабылдап сенімнен шығу, әңгімелесушіге құрметпен қарап оны мұқият тыңдау, әңгімелесушінің ойын түсіне білу.