Тиісті фармацевтикалық практикаларды бекіту туралы


-параграф. Материалдар мен еріткіштерді регенерациялау



бет135/309
Дата07.09.2023
өлшемі0,97 Mb.
#106574
түріКодекс
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   309
Байланысты:
Òè³ñò³ ôàðìàöåâòèêàëû? ïðàêòèêàëàðäû áåê³òó òóðàëû 3

66-параграф. Материалдар мен еріткіштерді регенерациялау

556. Реактивтерді, аралық өнімді немесе БФС регенерациялау (мысалы, жатырлық сұйықтығынан немесе сүзгілерден) бекітілген регенерация процедурасы және регенерацияланған материалдардың оларды болжамды пайдалануы үшін келетін спецификацияларға сәйкестігі болған жағдайда жол беріледі деп есептеледі.


557. Регенерация рәсімін қайта пайдалану немесе мақұлданған басқа материалдармен араластыру алдында еріткіштердің тиісті стандарттарға сәйкестігін қамтамасыз ету үшін бақылаған және тексерген жағдайда сол немесе басқа процестерде еріткіштерді регенерациялауға және қайта пайдалануға жол беріледі.


558. Тиісті сынақтар барысында олар пайдаланылуы мүмкін бүкіл технологиялық процестер үшін жарамдылығы көрсетілген болса жаңа және регенерацияланған еріткіштер араластырылады.


559. Регенерацияланған еріткіштерді, жатыр сұйықтықтарын және басқа да регенерацияланған заттарды пайдалану құжатпен ресімделеді.

67-параграф. Кері қайтару

560. Кері қайтарлыған аралық өінмді немесе қайтарылған БФС тиісті түрде таңбалайды және карантина жағдайында ұстайды.


561. Егер кері қайтарылған аралық өнімді немесе кері қайтарылған БФС сақталған немесе тасымалданған жағдайлар оларды кері қайтару процесіне дейін және одан кейін немесе олардың контейнерлердің (қаптаманың) жағдайы олардың сапасына қатысты күдік тудырса онда кері қайтарылған аралық өнім немесе қайтарылған БФС нақты жағдайға байланысты қайта өңдеу, қайта өндіру және жою керек.


562. Аралық өнімді кері қайтару немесе БФС кері қайтару жазбалары жүргізіледі. Әрбір кері қайтару үшін құжаттамада мыналар көрсетіледі:


1) жүк алушының атауы және мекенжайы;


2) аралық өнімді немесе БФС атауы, серия нөмірі және кері қайтарылған мөлшері;


кері қайтару себебі;


3) кері қайтарылған аралық өнімді немесе БФС пайдалануға немесе жоюға нұсқау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   309




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет