19-параграф. Өзгерістерді басқару жүйесі 729. Инновациялар, үнемі жақсарту, процестің тиімділігі мен өнімнің сапасын бақылау нәтижелері және CAPA жүйесі (түзету және ескерту әрекеттері, corrective action and preventive action, CAPA түзету және әрекеттер) өзгерістерге әкеледі. Осы өзгерістерді дұрыс бағалау, бекіту және енгізу үшін кәсіпорында өзгерістерді басқарудың тиімді жүйесі болуы керек. 730. Жалпы жағдайда, егер берілген құжаттарға өзгерістер белгіленген нормаларға сәйкес талап етілуі мүмкін болса, уәкілетті органға құжаттарды бастапқы бергенге дейін және осындай тапсырудан кейін өзгерістерді басқару процестерінің формальды жағын сақтауда айырмашылықтар бар. 731. Өзгерістерді басқару жүйесі тұрақты, уақтылы және тиімді жақсартуды қамтамасыз етеді. Ол өзгеріс күтпеген салдарға әкелмейтініне сенімділіктің жоғары дәрежесін қамтамасыз етуі керек. 732. Өнімнің өмірлік циклінің кезеңдеріне байланысты өзгерістерді басқару жүйесі мыналарды қамтиды: 1) ұсынылатын өзгерістерді бағалау үшін пайдаланылуы тиіс сапа үшін тәуекелдерді басқару. Бағалау кезінде қабылданатын іс-әрекеттер мен формальдылықтарды сақтау тәуекелдер деңгейіне сәйкес келуі тиіс; 2) жобалау параметрлерінің кеңістігін (егер олар белгіленсе) және (немесе) өнім мен процестерді ағымдағы түсінуді қоса, тіркеу дерекнамасына қатысты ұсынылатын өзгерістерді бағалау. Бағалау белгіленген нормаларға сәйкес тіркеу деректеріне өзгерістер енгізу талап етілетіндігін анықтау үшін жүргізілуі тиіс. Жобалық параметрлер ішіндегі жұмыс нормативтік талаптар тұрғысынан өзгеріс болып саналмайды. Алайда, фармацевтикалық сапа жүйесі тұрғысынан барлық өзгерістерді кәсіпорындағы өзгерістерді басқару жүйесінің көмегімен бағалау керек; тиісті салада (мысалы, фармацевтикалық әзірлеу, өндіріс, сапа, медицина, уәкілетті органдармен өзара іс-қимыл саласында) қажетті тәжірибесі мен білімі бар сарапшылар тобы ұсынған өзгерістерді бағалау. Өзгерістердің техникалық тұрғыдан негізделетініне кепілдік берілуі керек. Ұсынылған өзгеріс үшін болашақ бағалау өлшемшарттарын белгілеу керек; өзгерістердің мақсатына қол жеткізілгенін және бұл өнімнің сапасына теріс әсер етпегенін растау үшін оларды енгізгеннен кейін жүргізілген өзгерістерді бағалау.
3-кесте
Өнімнің өмірлік циклі бойына өзгерістерді басқару жүйесін қолдану
Фармацевтикалық әзірлеу
Технологияны ауыстыру
Өнеркәсіптік өндіріс
Өнімнің өндірісін тоқтату
Өзгеріс әзірлеу процесінің ажырамас бөлігі болып табылады және құжатпен ресімделуі тиіс. Өзгерістерді басқару процесінің формальділік дәрежесі фармацевтикалық әзірлеу сатысына сәйкес келуі тиіс
Өзгерістерді басқару жүйесі технологияны ауыстыру кезінде процеске енгізілген түзетулерді басқаруды және құжаттауды қамтамасыз етеді.
Өнеркәсіптік өндіріс кезінде өзгерістерді басқарудың ресми жүйесі енгізілуі керек. Сапа бөлімі жүзеге асыратын бақылау тәуекелдерді талдау бойынша ғылыми білім мен білімге негізделген тиісті бағалауды қамтамасыз етеді
Өндірісті тоқтатқаннан кейін кез-келген өзгерістер өзгерістерді басқарудың тиісті жүйесі арқылы өтеді