Тіл – құрал. Қазақ тілін меңгеру деңгейін тестілеу əдісімен бағалау емтиханына дайындық үшін оқу-əдістемелік құралы



Pdf көрінісі
бет101/162
Дата16.12.2023
өлшемі3,42 Mb.
#140056
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   162
Байланысты:
КАЗТЕСТ Учебно-методическое пособие (Тіл – құрал) B1

1-мәтін
1
2


162
Мәтіндегі басты тірек сөздерді табыңыз.
Найдите главные ключевые слова текста.
А) Дәурен, әке, шәкіртақы, дәстүр
В) әже, жезде, отбасы, әке, аға, Дәурен
С) дос, отбасы, дәстүр, қонақжайлылық
D) ата, дос, дастарқан, дастарқан, Дәурен 
Мәтін бойынша толық және нақты ақпаратты табыңыз.
Найдите наиболее полную и точную информацию по тексту.
А) Дәурен – адал дос. 
В) Дәурен досымен бірге тұрады. 
С) Досымның отбасы – шағын әрі өзара тату отбасы.
D) Дәуреннің отбасы – үлкен, үлгілі және қонақжай отбасылардың бірі.
Мәтін мазмұнына сәйкес жауапты табыңыз.
Выберите ответ на вопрос, соответствующий содержанию текста.
Дәуреннің отбасы қайда тұрады?
А) Шоқан ауылында
В) ата-анасынан бөлек тұрады
С) Құрманғазы атындағы көшеде
D) Шоқан Уәлиханов атындағы көшеде тұрады 
Мәтіндегі негізгі ойды анықтаңыз.
Определите основную мысль текста.
А) Ұлттық университет туралы ақпарат беріледі.
В) Үлгілі, қонақжай отбасы туралы ақпарат беріледі.
С) Шоқан Уәлихановтың ескерткіші туралы ақпарат беріледі.
D) Құрманғазы Сағырбаевтың күйлері туралы мәлімет беріледі.
Мәтінге нақтырақ тақырып таңдаңыз.
Выберите наиболее подходящий заголовок текста.
А) Шағын отбасы
В) Менің отбасым
С) Досымның отбасы 
D) Қонақжайлық белгісі
3
4
5
7
6


163
Оқылым бөлігі
8
9
10
Мәтінде жауабы бар сұрақты таңдаңыз.
Выберите вопрос, ответ на который присутствует в тексте.
А) Ақынның қандай өлеңдерін білесің?
В) Мұқағали Мақатаев қай жерде дүниеге келді?
С) Жазушылар Одағының ғимараты Мұқағали Мақатаев көшесінде ме?
D) Мұқағалидың Фариза Оңғарсыноваға арнап жазған өлеңі қалай аталады?
Мәтінге сәйкес ақпаратты таңдаңыз.
Выберите информацию, соответствующую содержанию текста.
А) Мәдени орындарға бару – менің сүйікті ісім.
В) Менің сүйікті ақыным – Фариза Оңғарсынова.
С) Маған дәстүрлі ән айтқан және тыңдаған ұнайды.
D) Кеше Жазушылар Одағында Мұқағали кітаптарының көрмесі болды.
Мәтіндегі басты тірек сөздерді табыңыз.
Найдите главные ключевые слова текста.
А) Мұқағали, поэзия, шығармашылық, шабыт 
В) қойылым, сүйікті іс, би, Жазушылар Одағы
С) концерт, биші, фильм, Жазушылар Одағы, кеш
D) бос уақыт, сүйікті іс, Мұқағали, кеш, концерт
Мен бос уақытымда қазақ ақын-жазушыларының шығармаларын оқығанды жақсы 
көремін. Үйде өзімнің кітапхана қорым бар. Мен қазақ ақын-жазушыларының 
шығармаларын, қазақ әдебиеті тарихы мен тіл білімі туралы жазылған кітаптарды 
сатып алып, жинап жүремін.
Менің сүйікті ақыным Мұқағали Мақатаев. Мұқағали Мақатаев 1931 жылы 
Алматы облысының Нарынқол ауданында дүниеге келген. Оның шығармаларының 
қайнар көзі туған жері, замана тынысы. Ол өз шығармалары арқылы қазақ 
поэзиясын жаңа биіктерге көтерді, мазмұнын байытты. Мұқағали поэзиясы оның 
өлмес өнері, қанатты поэзиясы қазақ халқының парасатын көтерді.
Мұқағали аударма саласында да еңбек сіңірді. Ол Дантенің «Құдіретті 
комедиясының» «Тамұқ» атты бөлімін, Шекспирдің «Сонеттерін», Уолт Уитменнің 
өлеңдерін қазақ тіліне аударды. Кеше Жазушылар Одағында қазақ поэзиясының 
алып тұлғасы Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған кеш өтті. 
Қазақстан Жазушылар Одағының ғимараты Алматы қаласында Абылай хан 
даңғылының бойында орналасқан. Жазушылар Одағының үлкен залы көрермендерге 
толы болды. Кешке халқымыздың біртуар ақын қызы Фариза Оңғарсынова мен 
ақынның ұлы Жұлдыз және ақын шығармашылығын зерттеуші ғалымдар қатысты. 
Кеш барысында Мұқағали Мақатевқа арнау өлеңдер мен ақиық ақынның өлеңдері 
оқылды. Ақынның «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы бойынша қойылым көрсетілді. 
Кеш қызықты да тартымды өтті. 
Бүгін Республика сарайында концерт болады. Онда кәсіпқой бишілер би билеп, 
дәстүрлі әндер орындалады. Классикалық би билеу үлкен өнер. Жуырда «Сарыарқа» 
кинотеатрынан «Көшпенділер» фильмін көрдім. Қазақ өнерін жоғары бағалаймын. 
Мен бос уақытымда кітап оқып, ән тыңдап, мәдени орындарға барғанды ұнатамын. 
2-мәтін


164
Мәтін бойынша толық және нақты ақпаратты табыңыз.
Найдите наиболее полную и точную информацию по изложению текста.
А) Мұқағали өлеңдерін жатқа білемін. 
В) Мен қазақ өнерін жоғары бағалаймын.
С) Жазушылар Одағында түрлі кештер өтеді.
D) «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы – үздік туынды.
Мәтін мазмұнына сәйкес жауапты табыңыз.
Выберите ответ на вопрос, соответствующий тексту.
Мұқағали Мақатаевқа арналған кеш қайда өтті?
А) Жазушылар Одағында 
В) Республика сарайында 
С) ақынның туған жерінде
D) «Сарыарқа» кинотеатрында 
Мәтіндегі негізгі ойды анықтаңыз.
Определите основную мысль текста.
А) Жазушылар Одағы туралы толық ақпарат беріледі.
В) Қазақ әдебиетіндегі поэзия жанры насихатталады.
С) Бос уақытында айналысатын сүйікті істері жайлы баяндалады.
D) Қазақ ақын-жазушыларының шығармашылығы таныстырылады.
Мәтінге нақтырақ тақырып таңдаңыз.
Выберите наиболее подходящий заголовок текста.
А) Би өнері 
В) Ақиық ақын
С) Менің сүйікті ісім 
D) Жазушылар Одағы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет