Тіл – құрал. Қазақ тілін меңгеру деңгейін тестілеу əдісімен бағалау емтиханына дайындық үшін оқу-əдістемелік құралы



Pdf көрінісі
бет97/162
Дата16.12.2023
өлшемі3,42 Mb.
#140056
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   162
Байланысты:
КАЗТЕСТ Учебно-методическое пособие (Тіл – құрал) B1

Оқылым бөлігі
Мәтіннің бірінші азатжолына дәлірек тақырыпша таңдаңыз.
Выберите наиболее подходящий заголовок для первого абзаца.
А) Еңбектің зая кетпеуі 
В) Ақ бидай мен Адамның кездесуі
С) Бидайдың Адамға берген сыйлығы 
D) Бидайдың адам ағзасына тигізетін пайдасы
37
1) Мәтіннің бірінші азатжолына еңбектің зая кетпеуі деген ақпарат тақырыпша сәйкес келмейді, 
өйткені ондай ақпарат мәтіннің келесі азатжолында қамтылған.
2) Аталған бөлікте Ақ бидай мен Адамның кездесуі – негізгі ой, ең маңызды ақпарат.
3) Мәтіннің бірінші азатжолында Ақ бидайдың Адамға берген сыйлығы туралы ақпарат 
берілмеген. 
4) Мәтіннің бірінші азатжолында бидайдың адам ағзасына тигізетін пайдасы туралы 
айтылмайды.
Мәтіннің екінші азатжолына дәлірек тақырыпша таңдаңыз.
Выберите наиболее подходящий заголовок для второго абзаца.
А) Баданадай дән
В) Адамның қамқорлығы
С) Ақ бидайдың Адаммен достығы
D) Ақ бидайдың Адамға берген сыйы
38
1) Мәтіннің екінші азатжолында баданадай дән деп, бидайдың берген сыйын мапаздап 
отырғандықтан, ол қосымша ақпарат болып саналады. 
2) Мәтіннің екінші азатжолында адамның бидайға жасаған қамқорлығы жайлы ақпарат 
қамтылған.
3) Мәтіннің екінші азатжолында Адам мен Ақ бидайдың достығы жайлы жайлы ақпарат 
берілмеген. 
4) Мәтіннің екінші азатжолында Ақ бидайдың Адамға берген сыйы айтылады, бірақ ол тақырып 
бола алмайды, себебі, әлсіреп қалған бидайға адамның көмек бергені жөнінде толығырақ 
ақпарат беріледі. 
Мәтіннің үшінші азатжолына дәлірек тақырыпша таңдаңыз.
Выберите наиболее подходящий заголовок для третьего абзаца.
А) Адамның көмегі
В) Ақ бидайдың өтініші 
С) Адам еңбегінің нәтижесі 
D) Бидай мен адамның кездесуі
39
1) Мәтіннің үшінші азатжолына адамның көмегі емес, еңбегі туралы айтылған.
2) Мәтіннің үшінші азатжолында Ақ бидайдың өтініші туралы ақпарат берілмеген. 
3) Мәтіннің үшінші азатжолында адам еңбегінің зая, яғни бекер кетпеуі, нәтижесі туралы 
айтылады.
4) Мәтіннің үшінші азатжолында бидай мен адамның кездесуі жайлы ақпарат жоқ.
Мәтіндегі негізгі ойды анықтаңыз.
Определите основную мысль текста.
А) Ақ бидай мен қаскөй тікеннің арпалысы
В) Адам мен Ақ бидайдың достығы туралы
С) Адам найзаның ұшымен топырақты қопарады.
D) Қуаңшылық жылғы өсімдіктердің тіршілік үшін жанталасы
40
1) Қуаңшылық жылғы өсімдіктердің тіршілік үшін жанталасы басталғанда бидай мен тікеннің 
арпалысы оқиғаның шиеленісуін білдіреді. 
2) Адам мен Ақ бидай достығы деген ақпарат мәтіннің негізгі идеяны білдіріп отыр. 
3) Мәтінде адамның найза ұшымен топырақты қопарып, бидайға көмектесуі, қосымша ақпарат.
4) Мәтінде қуаңшылық жылдың басталғаны, өсімдіктердің тіршілік үшін жанталасы оқиғаның 
басталуына себеп болған жағдай, ол негізгі ойды білдірмейді.


156
Досым Сәлімнің отбасы үлкен. Олар Панфилов ауданындағы Қоңырөлең ауылында 
тұрады. Сәлімнің отбасында жеті адам бар. Олар: әкесі, анасы, әйелі, қарындасы, 
інісі және ұлы. Әкесі Мәлік мектепте мұғалім. Анасы Сара балалар дәрігері. 
Әйелі Салтанат кітапханашы. Қарындасы Ақниет заңгер. Ол әл-Фараби 
атындағы Қазақ ұлттық университетінің түлегі. Қазір Ұлттық банкте заңгер болып 
жұмыс істейді. Інісі Әлім Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық 
университетінің студенті. Ол президенттік шәкіртақы иегері. Досым Сәлім
байланыс бөлімшесінің меңгерушісі. Оның ұлы Әлішер бастауыш мектеп оқушысы. 
Ол сыныбындағы озат оқушылардың бірі. 
Қазақ отбасында ата-ананың орны ерекше. Әкені отбасының тірегі деп есептеген. 
Сондықтан «Әке асқар тау, ана бауырындағы бұлақ, бала жағасындағы 
құрақ», деп, әкені тауға, отбасының ұйытқысы ананы бұлаққа, баланы өсіп 
келе жатқан құраққа, шөпке теңеген. Досымның отбасы да ата-анасын ерекше 
құрметтейді. Сәлімнің әйелі Салтанат атасы мен енесін өз ата-анасындай жақсы 
көреді. Оларға үнемі шын ниетімен қызмет етеді. 
Қазақ қонақжай халық. Қазақтар дәмдісі мен жұмсағын қонағына сақтайды. 
Сәлімнің отбасы да өте қонақжай. Үйлеріне келген қонақты сыйлап, құрметтеп 
төрге шығарады. 
Салтанат шебер аспаз. Ол ұлттық тағамдарды дәмді дайындайды. 
Салтанаттың пісірген бауырсағын бүкіл отбасы жақсы көреді. Салтанат сиыр 
сауып, айран ұйытады. Одан құрт-май жасайды. Әкелері Мәлік келінінің жасаған 
жентін сүйсініп жейді. «Менің Салтанатымның жасаған женті бала күнімдегі 
әжемнің жентіне ұқсайды», деп, келінін үнемі мақтап отырады. Отбасындағы 
ерке қыз Ақниет те жеңгесін ерекше сыйлайды. «Ақ жеңгетай, маған да ас әзірлеуді 
үйретсеңші», деп жеңгесінің жанынан қалмайды. Салтанат та өз білетінін 
Ақниетке үйретуден еш жалықпайды. 
Тәні саудың жаны сау. Отбасы мүшелерінің барлығы спортпен шұғылданады. 
Олар таңертең ерте тұрып, спорттық жаттығулар жасайды. 
9-мәтін
Мәтіндегі негізгі ойды анықтаңыз.
Определите основную мысль текста.
А) Әке мен бала арасындағы татулық 
В) Келін мен ата арасындағы сыйластық 
С) Үлгілі отбасы мүшелері арасындағы сыйластық
D) Сәлімнің отбасында ата-аналарын ерекше құрметтейді.
41
1) Әке мен бала арасындағы татулықты білдіретін ақпарат мәтіннің негізгі ойын білдіре 
алмайды.
2) Мәтін мазмұнына сүйенетін болсақ, келін мен ата арасындағы сыйластық мәтін 
мазмұнындағы негізгі ой болмайды. 
3) Үлгілі отбасы мүшелері арасындағы сыйластықты білдіретін ақпарат мәтіннің негізгі ой 
болып табылады.
4) Мәтінде Сәлімнің отбасы мүшелері ата-аналарын ерекше құрметтейтіндігі туралы ақпарат 
болғанымен, негізгі ойды білдірмейді.


157


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет