Тіл – құрал. Қазақ тілін меңгеру деңгейін тестілеу əдісімен бағалау емтиханына дайындық үшін оқу-əдістемелік құралы



Pdf көрінісі
бет127/162
Дата16.12.2023
өлшемі3,42 Mb.
#140056
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   162
Байланысты:
КАЗТЕСТ Учебно-методическое пособие (Тіл – құрал) B1

қОС
ым
ША
л
АР
1-мәтін
Қазақтың ұлттық ойындары бес түрге бөлінеді. Олар: аңға байланысты, малға 
байланысты, түрлі заттармен ойналатын, зеректікті, ептілікті және икемділікті 
қажет ететін, соңғы кезде қалыптасқан ойындар. Олардың негізгілерінің 
өзі жүзден астам. Бұл ойындардың көбісінің ежелден қалыптасқан арнайы 
өлеңдері бар. Өлеңдер ойынның эстетикалық әсерін арттырып, балалардың 
өлең-жырға деген ыстық ықыласын оятып, көңілін көтереді, дүниетанымын 
арттырып, еңбекке баулиды, ширықтырып, шынықтырады.
Этнограф-ғалымдардың 
пайымдауынша, 
ата-бабаларымыздың 
бізге 
жеткен ұлттық ойындарымыздың тарихы Қазақстан жерінде б.з.б. бірінші 
мыңжылдықта-ақ қалыптасқан. Олардың ішінде тоғызқұмалақ, қуыршақ, асық 
ойындары Азия елдерінде тайпалық одақтар мен алғашқы мемлекеттерде 
кеңінен тарады. Біздің қоғамымыздың ұлттық ойындардың негізі, шығу тегі 
халқымыздың көшпелі дәстүрлі шаруашылық қарекеттерінен бастау алады.
Бұлардың көбісі мал шаруашылығына, аңшылыққа, жаугершілікке негізделген. 
Ахмет Жүнісовтың айтуынша (Фәниден бақиға дейін, - Алматы: «Қайнар», 
1994), «Өзге халықтар сияқты қазақтың да ертеден қалыптасқан, атадан балаға 
мұра болып жалғасып келе жатқан ұлттық ойын-сауық түрлері бар. Зер салып 
байқап отырсақ, ол ойын-сауықтар қазақтың ұлттық ерекшелігіне, күнделікті 
тұрмыс-тіршілігіне тығыз байланысты туған екен және адамға жастайынан 
дене тәрбиесін беруге, оны батылдыққа, ептілікке, тапқырлыққа, күштілікке, 
төзімділікке т.б. әдемі адамгершілік қасиеттерге баулуға бағытталған екен»
Ал енді, «Қазақстан Ұлттық энциклопедиясында» қазақтың ұлттық ойындарының 
мән-маңызы туралы былай деп жазған: «Қазақ ұлты негізінен ұрпақ қамын 
басты мақсат етіп қойып, балалардың нағыз азамат болып қалыптасуына аса 
зор мән берген. Нәтижесінде дәстүрлі бала тәрбиесінің басты құралы ретінде 
ұлттық ойынды орайластырып, дамытып отырған»
А
В
С
D
Кесте бойынша тапсырмалар
Задания по таблице
Төменде берілген ақпараттар мәтіннің қай бөлігінде екенін анықтаңыз.
Определите, к какой части текста относится информация, приведенная ниже.
1
1. Ұлттық ойындардың тарихы _____
2. «Қазақстан Ұлттық энциклопедиясындағы» қазақтың ұлттық
ойындары туралы пікір _____
3. Қазақтың ұлттық ойындарының түрлері _____
4. Ұлттық ойындар туралы пікір 
Сәйкесін табыңыз.
Найдите соответствие.
_____
_____
_____
__С__
2
Мәтін тақырыбы
Мәтіндегі негізгі идея
Мәтіннің түйіні
Қазақтың ұлттық ойындарын жаңғыртып дамыту
Қазақтың ұлттық ойындары
Ұлттық ойындардың тәрбиелік мәні зор


204
Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
Ответьте на вопросы по содержанию текста.
Мәтінде қазақтың қандай ұлттық ойындары аталады?
Қазақтың ұлттық ойындарының қандай тәрбиелік мәні бар?
Қазақ ұлттық ойындарының тарихы қай кезден басталады?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет