2-диалог - Әмин аға, спорт мектебі жоқ ауылда оқып, үлкен спортқа қалай келдіңіз?
- Менің бала кезімде біздің ауылда мектеп болған жоқ. 7-10 шақырым
қашықтықтағы көрші ауылға жаяу қатынап оқыдық. Бір топ бала ауылдан жаяу-
лап шығамыз. Кейде тым ерте барып алып, таң ағарып атқанша күтеміз. Сабақтан
кештеу шыққан күндері ауылға күн батпай жету үшін, аяғымыз аяғымызға тимей*
жарыса жүгіреміз. Мен сол, о бастан жаяу жүргенді, жүгіргенді ұнататын едім.
Үлкен спортқа келуіме А.М. Куликова деген жаттықтырушым себепкер болды.
- Бұл студент кезіңіз ғой?
- Иә, 1956 жылы Атырау педагогикалық институтында оқып жүрген кезімде
республикалық спартакиадаға жолдама алдым. Сол жолы Қазақстан құрамасына
қабылдандым. 1959 жылы 100-200, 400 метрге жүгіруден Қазақстанның чемпи-
оны атандым. 1965 жылы 200 метрге жүгіруден Кеңестер Одағының рекордын
жаңарттым.
* аяғы аяғына тимеу – тез жүгіру, жылдам жүру Диалог мазмұны бойынша тапсырмалар
Задания по содержанию диалога
Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
Ответьте на вопросы по содержанию текста.
1. Сұхбат беруші кім?
2. Әмин Тұяқов спорттың қай түрінен рекорд жаңартты?
3. А.М. Куликова кім?
4. Ә. Тұяқов қайда оқыған?
Сәйкесін табыңыз.
Найдите соответствие.
1 2 1956 жылы
1956 жылы
1959 жылы
1965 жылы
Қазақстанның чемпионы атанды.
Қазақстан құрамасына қабылданды.
Кеңестер Одағының рекордын жаңартты.
республикалық спартакиадаға жолдама алды.
3-диалог - Мамырдың 24-і күні Астанада қыздар арасындағы бокстан Азия чемпионаты
басталды. Еліміздің бас қаласында өтіп жатқан сыннан қандай үмітіңіз бар?
- Қазақстан боксшылары 3 алтын алуға дәмелі. Осымен бесінші рет ұйымдастырылып
отырған қыздар арасындағы бокстан Азия чемпионатында 11 салмақ бойынша
жүлде сарапқа салынады. Астанадағы бокс бәсекесіне 16 елден 86 спортшы келген.
Әрине, өткен жылдармен салыстырғанда бұл спорт түріне қызығушылықтың артып
отырғанын байқауға болады. Оның басты себебі – Лондон Олимпиадасына қыздар
боксының еніп отырғандығы екені белгілі.
- Құрамалардың жағдайы туралы не айтасыз?
- Азияда Үндістан қыздары жақсы нәтижелерімен топ бастап жүр. Мысалы, бұл
елдің Мэри Ком есімді қызы әлемнің төрт дүркін* жеңімпазы. Оңтүстік Корея мен
Қытай спортшылары да Азиядағы үздіктердің қатарында. Бұл елдер Астанаға мықты
құраммен келген. Соған қарамастан, біздің қыздар да алдарына үлкен мақсат қойып
отыр.
- Біздің құраманың басты қарсыласы кімдер?
- Үндістан, Қытай, Солтүстік Корея елдерінің боксшылары. Әзірше жеребе
отандастырымыздың бағына орай, біз үшін оңтайлы* түскен. Үндістан құрамасымен