208
Жауабы:
1. Студенттер мерекелік кеш ұйымдастырды. 2. Қазақ
әдебиетінің тарихын екі жыл
оқыдық. 3. Әдебиетшілер ХХ ғасырдың соңында жазылған шығармаларды талдады.
4. Асхат биыл домбыра үйірмесін құрды.
5. Оқушылар көрмеден суретшінің өнерін тамашалады. 6. Туристер Қытайда
Император қамалын тамашалады. 7. Алма қан
құрамындағы холестеринді
төмендетеді. 8. Ғалымдар құс тұмауынан сақтану жолдарын іздестіруде.
Жалпылау есімдігі
1-жаттығу
Көп нүктенің
орнына тиісті сөздерді қойып, сөйлемдерді көшіріңіз.
Перепишите предложения, вставив вместо многоточия нужные слова.
1. Әзиза ауылдағы ... туыстарын тойға шақырды.
2. Гүлнәр кездескен таныстарының ... ертең үлкен алаңда жарыс болатынын айтты.
3. Аманғали досынан ...
көмегін аямай, оған қолынан келгенінше жәрдемдесті.
4. Табиғатты қорғау – ... адамзатқа ортақ іс.
Қажетті сөздер: барша, бар, бәріне, барлық
Жауабы:
1. Әзиза ауылдағы барлық туыстарын тойға шақырды.
2. Гүлнәр кездескен таныстарының барша ертең үлкен
алаңда жарыс болатынын
айтты.
3. Аманғали досынан бар көмегін аямай, оған қолынан келгенінше жәрдемдесті.
4. Табиғатты қорғау – барша адамзатқа ортақ іс.
Достарыңызбен бөлісу: