қОС
ым
ША
л
АР
Императивтік ишара одағайларының берілуі
1-жаттығу
Берілген сөйлемнен адамға арнай айтылған сөздердің астын сызыңыз.
Из данных предложений подчеркните слова, обращенные к человеку.
1. Әй, бәрің маған неге қарап қалғансыңдар?
2. Ау, халайық! Шешімін айтыңдар.
3. Түу, болар-болмас нәрсені айтып отыра береді екенсің.
4. Қаз-қаз, балам, қаз балам!
Қадам бассаң, мәз болам.
5. Кәне, жігіттер, үйдің шаңырағын көтеруге көмектесіп жіберейік.
6. Жә, үндемеген сайын басына береді екенсіңдер.
7. Тәйт, мұндай жаман қылығыңды анаң екеуміз екінші рет естімейтін де,
көрмейтін де болайық!
8. Ой, қойған затым қайда кетті екен!?
Жауабы:
1. Әй, бәрің маған неге қарап қалғансыңдар?
2. Ау, халайық! Шешімін айтыңдар.
3. Түу, болар болмас нәрсені айтып отыра береді екенсің.
4. Қаз-қаз, балам, қаз балам!
Қадам бассаң, мәз болам.
5. Кәне, жігіттер, үйдің шаңырағын көтеруге көмектесіп жіберейік.
6. Жә, үндемеген сайын басына береді екенсіңдер.
7. Тәйт, мұндай жаман қылығыңды анаң екеуміз екінші рет естімейтін де,
көрмейтін де болайық!
8. Ой, қойған затым қайда кетті екен!?
қыстырма сөздердің берілуі
1-жаттығу
Қыстырма сөздерді анықтаңыз.
Определите вводные слова.
1. Дүниеде, сірә, сендей маған жар жоқ,
Саған жар, менен артық табылса да (Абай).
2. Менің ойымша, біз адамның сыр келбетіне қарап баға берген сияқтымыз.
3. Алдымен, сен ұйықтап дем алып ал, сосын екеуіміз бақшаны суғарамыз.
4. Осының бәрі, әрине, оның адамгершілігін танытады.
5. Қорыта келгенде, дәріні ішкен кезде дәрігер жазып берген кеңесті бұлжытпай
орындаңыз.
6. Қысқасы, латынға көшудің техникалық қиындықтары – шешуге болатын іс.
7. Емханада:
– Дәрігер, маған кімнің миын ауыстырып салғансыз?
– МАИ қызметкерінің.
– Бәсе, қолымды шошайтып, ысқыра беремін, ысқыра беремін...
(Алматтың әзілі)
8. Кино қарағанды хобби көресіз бе? Мысалы, мен қымбатқа түсірілген тарихи
киноларды жақсы көремін.
9. Негізінен, патриотизм өзіңнің отбасыңнан басталады. Сен ата-анаңды қалай
сүйсең, Отан да саған сондай ыстық болуы керек.
10. Дағдарыс қайталануы мүмкін, бірақ біз оған дайынбыз.
218
Жауабы
:
1) сірә
2) менің ойымша
3) алдымен
4) әрине
5) қорыта келгенде
6) қысқасы
7) бәсе
8) мысалы
9) негізінен
10) мүмкін
219
Достарыңызбен бөлісу: |