Тіл – құрал. Қазақ тілін меңгеру деңгейін тестілеу əдісімен бағалау емтиханына дайындық үшін оқу-əдістемелік құралы



Pdf көрінісі
бет143/162
Дата16.12.2023
өлшемі3,42 Mb.
#140056
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   162
Байланысты:
КАЗТЕСТ Учебно-методическое пособие (Тіл – құрал) B1

3
4
5
6


221
қОС
ым
ША
л
АР
№ Сөйлем
Дұрыс
Қате
1
Қазір елімізде спорттық барлық түрі дамыған.
2
Ұлттық спорт ойындары назардан тыс қалуда.
3
Тәуелсіз Қазақстан 1991 жылы Дүниежүзілік 
Олимпиада комитетіне мүше болды.
4
Сидней 
олимпиадасында 
спортшыларымыз 
табысқа жетті. 
5
Атақты спортшыларымыз аз емес.
Кестені толтырыңыз.
Заполните таблицу.
7
Спортшының 
аты-жөні
Спорт түрі Қай жарыстың 
чемпионы
Жарыс 
өткізілген 
жыл
Жарыс өткен 
қала
5-мәтін
Мен 3 жасымнан би билеп, 5 жасымнан сахнаға шығып, ән айтып келемін. 
Ең алғаш мектепте «Бота, бота» деген әнді айтқанмын. 6 жасымда «Әнші 
болғым келеді» байқауына қатысып, «Домбырасыз ән қайда?» деген әнмен бас
жүлдеге ие болдым. Ең алғашқы байқауым сол болды. Одан кейін көптеген 
байқауларға қатысып жүрдім. Бәрінен жүлделі орындарға ие болдым.
Репертуарымда «Мектебім», «Бозқараған», «Бала қиял» деген әндермен қоса 
патриоттық әндер де бар. Әкем Ерғали әскери адам болғаннан кейін, «Туған 
ел», «Жас ұлан» деген патриоттық әндерді жаздырдым. Болашақта патриоттық 
әндердің орындаушысы болғым келеді. 
Анам Бақыт пен әкем Ерғалидың менің өнеріме қосқан үлесі зор. Олар алғаш 
«Әнші болғым келеді» продюсерлік орталығына апарып, өнерімді шыңдауға 
жол ашып берді. Сол кезден бастап әнге деген қызығушылығым күн санап арта 
түсті. Алдағы уақытта үлкен мамандық иесі болуды армандаймын. Еліме деген 
өзімнің аз да болса үлесімді өнеріммен қоссам деймін. Қазір репертуарыма 
жаңа ән жазып жүрмін. Болашақта осы әнге клип түсіру ойымда бар. Мен де 
Бибігүл Төлегенова, Роза Рымбаева апайларым сияқты әнші болғым келеді. 
Қазақ өнері әлемге танылса деп тілеймін. Қазақтың өнерін дүниежүзіне паш 
еткізе алатын өнер иесі болсам екен деймін.
Мәтін мазмұнындағы негізгі ойды табыңыз.
Найдите основную мысль текста. 
1) Мен әнші болуды армандадым.
2) Менің отбасым – өнерге жақын адамдар.
3) Мен атақты әншілермен бірге ән салдым.
4) Мен шетелде өзімнің әншілік өнерімді көрсетіп қайттым. 
8


222
Мәтінге нақтырақ тақырып таңдаңыз.
Выберите наиболее подходящую тему текста. 
1) Мен өнерді сүйемін
2) Әнші болу – арманым
3) Маған әншілік ұнайды
4) Менің сүйікті әндерім
6-мәтін
Денсаулық – адам өміріндегі баға жетпейтін ең бағалы дүние. Өмірдің шаттығы 
мен қызығы денсаулыққа байланысты. «Денсаулық – зор байлық», - дейді қазақ. 
"Денсаулықты сақтап, оны үнемі нығайтып отыру керек", - дейді ғалымдар мен 
биологтар. Денсаулықты сақтаудың жолын үйрену – әрбір адамның басты міндеті. 
Әркім өзінің денсаулығының нашарлауына өзі кінәлі. Ауруды ағзаларға жолатпау 
– адамдардың өз қолында. Денсаулықтың нашарлауына көңіл-күйдің де әсер 
ететіні белгілі. 
Денсаулықты қалай сақтау керек? Аурудың алдын алу шараларына не жатады? 
Осы сұрақтарға жауап беру – валеологияның міндеті. Валеология – денсаулық 
және салауатты өмір сүру салты туралы ғылым.
Адам – жердегі табиғаттың асқақ туындысы. Адам – күрделі және нәзік жүйе. 
Алайда табиғат қазынасы игілігін көру үшін адам дені сау әлеуетті және ақылды 
болуы тиіс. 
Қазақ халқының денсаулық туралы мақал-мәтелдерінен мысалдар келтіре 
кетелік. 
мысалы:
1. Ауырып ем іздегенше,
Ауырмайтын жол ізде.
2. Денсаулық ғанибет,
Сырқаулығы болмаса.
3. Миға көнген дене азбас.
4. Жарлының байлығы,
Денінің саулығы.
Ақылды адамдардың дені сау, бақытты болатын реті бар. Өйткені олар әр 
нәрсені ақылға салып, көзін, тетігін, кемістігін таба біледі, болжайды, мақсатына 
жете алады. Орынсыз ешнәрсеге ұрынбайды. Олар аурулардың қауіптілігінен, 
зиянды әдеттерден сақтанады. Өз бойында бар күш-қуатты ауруға қарсы орынды 
жұмсай алады, ерік күші бар. 
Мәтін мазмұнын нақтылайтын қорытындыны табыңыз.
Выберите вывод, конкретизирующий содержание текста.
1) Денсаулықты жас кезден күту керек.
2) Әрбір адамның денсаулығын күту – оның өз қолында. 
3) Денсаулық туралы мақал-мәтелдерді біліп жүрген пайдалы.
4) Адамның денсаулығы оның баға жетпес байлығы болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет