234
1-мәтін
Киіз үй – қазақтың баспанасы. Мал баққан көшпелі халықтар қысы-жазы киіз үйде
отыратын болған. Ол тез тігіп, тез жығуға ыңғайлы.
Сонымен бірге оның ауасы таза,
салқын болады.
Киіз үй ағашының уақ-ірілігіне қарай төрт қанат, алты қанат, сегіз қанат, он екі қанат, он
сегіз қанат болып бөлінеді. Ал салтанатына қарай «ақ орда», «ақ отау», «қараша үй»,
«жолым үй» сияқты түрлері бар. Оның сүйегі «қазақ» және «қалмақ» үлгісімен екі түрде
жасалады.
Киіз үйдің сүйегі дегеніміз – оның ағаштан жасалған бөлшектері. Оларт – кереге, уық,
шаңырақ, сықырлауық. Киіз үйдің сүйегі арнайы дайындалған ағаштан жасалады. Кереге
– киіз үйдің шеңбер қабырғасын құрайды. Кереге жасау үшін шыбық талды кептіріп, оны
қоламтаға (жанған оттан қалған ыстық күл) төсеп балқытып, арнаулы үлгімен қатырады.
Ол тор көз етіп жасалады.
Уық – шаңырақ пен керегені байланыстыратын бөлшек. Уық та керегеге ұқсас әдіспен
дайындалады.
Шаңырақ – киіз үйдің күмбезді төбесін құрайтын ең жоғарғы бөлшегі. Қазақ ұл-қызына
бата бергенде, «Шаңырағың биік болсын!» деуі осыдан шыққан. Жалпы, қазақ шаңырақты
қасиетті санаған. Бата-тілек бергенде, «Шаңырағың шайқалмасын!» деп жатады.
Шаңырақтан кейінгі ерекше қастерленетін киіз үйдің бөлшегі – босаға. Жаңа қосылған
жас жұбайларға үлкендердің «Босағаң берік болсын» немесе балаларға «босағаны
керме, бақытсыздық орнайды» деуінде үлкен мән бар.
Киіз үйдің сыртқы бөліктері киізден жасалады. Олар – туырлық, үзік, түндік, іргелік.
Бұлар күн сәулесі мен су өткізбеу, жылу сақтау қызметін атқарады. Олар пісірілген ақ
киізден пішіп, ою-өрнекті жіппен жиектеу, ою бастыру арқылы тігіледі. Киіз үйдің іші алуан
түрлі ою-өрнекті бау, басқұрлармен әшекейленеді.
Киіз үйді сәулеттендіріп жасау – халық шеберлерінің ғана қолынан келетін үлкен өнер.
2-мәтін
Қажымұқан Мұңайтпасұлы –
қазақтың әлемге әйгілі балуаны, классикалық күрестің
асқан шебері. Оның балуан ретінде алғаш танылуы О.Масляков деген орыс саудагерінің
үйінде жалшылықта жүрген кезінен басталады. Бірде боранды күні шөп алып келе
жатқанда, шанасы қарға тіреліп тұрып қалады. Атына көмектеспек болады. Шананың
артынан бар күшімен итеріп қалғанда,
шана жылжып кетіп, ат астында қалып өледі.
Басқа амалы қалмаған ол атты шөптің үстіне тастап, шананы қалаға сүйреп әкеледі. Бұл
қала тұрғындарына аңыз болып тарайды.
Қажымұқанның балуандық жолы – Омбы қаласында өткен балуандар чемпионатында
Иван Злобинмен кездесуінен басталады. Ол – орыстың атақты, тәжірибелі балуаны.
Бұдан кейін Қажымұқан Петербургтегі бүкіл Ресейге танымал Иван Лебедевтің балуандар
мектебінде тәрбиеленеді. Осында цирк ойындарын көрсетуге машықтанады.
1908 жылы күрестен әлем чемпионы Георг Лурихтің ұйымдастыруымен Ресейдің ірі
қалаларында өткен чемпионаттарға қатысады. Бұдан кейін ол Оңтүстік Американың
қалаларын аралайды. Варшавада өткен дүниежүзілік чемпионатта кіші алтын медальмен
марапатталады. Түрік еліне барған сапарында түрік елі оның күшіне риза болып, оған
«Қажы» деген атақ береді. Бұрын оның азан шақырып қойған аты Мұқан болса, енді ол
Қажы Мұқан аталады. Балуанның осы аты бүкіл өміріне қалады.
1913 жылы Троицк қаласында халықаралық ең ірі чемпионат өтеді. Қажымұқан осы
чемпионатта он сегіз балуанмен күресіп, соның бәрін де жығады.
Қажымұқан барлығы 48 алтын, күміс,
қола медальмен, «Құрмет белгісі» орденімен
марапатталған. Оған 1937 жылы Орынборда өткен ең ірі чемпионатта бірінші орын
алуына орай Қазақстан Орталық Атқару Комитеті «Қазақ даласының батыры»
деген
атақ берген.