қорытынды тест бойынша аудиожазба мәтіндері Тексты аудиоматериалов итогового теста 1-диалог – Төрге шығыңыз! Сыйлы қонақты қазақ халқы төрге шығарып отырғызады.
– Оның ұлттық ерекшелігі бар ма? Ол нені білдіреді?
– Қонақты жоғары шығару – құрметтеудің белгісі. Асықпаңыз сыбағаңызды жеп кетесіз.
– Сыбаға деген не?
– Сіз шетелде жүріп, қазақтың дәстүрлерін әбден ұмытыпсыз ғой. Қазақ отбасы сыйлы
қонақтың сыбағасын сақтайды. Етті сүрлеп қояды. Сүрленген ет дәмді болады. Дәмін
татқасын, бағасын өзіңіз берерсіз. О, міне, ет те келді. Алыңыз.
– Шындығында, өте дәмді екен.
– Енді сорпа алыңыз. Сорпадан кейін ас қайырамыз.
2-диалог – Сіз отандық өнімдерді пайдаланасыз ба?
– Әрине, өйткені мен сапасы жоғары тауарларды тұтынамын.
– Отандық өнімдердің сапасы жоғары дегіңіз келе ме?
– Иә, қазір отандық өнімге сұраныс артып келеді. Қазақстанда қазір өнімді жаңа
технологиямен дайындайды. Отандық кәсіпкерлер тұтынушы қажеттілігін өтеу үшін
сапалы өнім шығару керектігін түсінді.
– Етігімнің табаны ашылып кетті. Мен де енді отандық өнімді алып көрейін. Қандай
дүкендерде сатылады?
– Табаны ашылған етікті етікшіге жөндетуге болады ғой. Жаңасын аламын десең,
дүкенге ертіп апарайын.
3-диалог – Концертке келгеніміз қандай жақсы болды, Асқар! Әншінің даусы қандай?! Айтқан
әндері қандай?!
– Иә, тамаша әсер алдық. Бәрінен де әншінің домбырасы тамаша екен.
– Сен домбыраны жақсы білуші ме едің?
– Мектепте домбыра үйірмесіне қатысқанмын. Әкем – домбыра жасаудың шебері.
Мына домбыра да шебер қолдан шыққаны көрініп тұр. Сүйегі мықты екен.
– Бәрекелді, онда сен домбыра тартады екенсің ғой.
– Иә, арнайы музыкалық білімім болмаса да, әкемнен дарыған талантымның арқасында
аздап күй шертетінім бар. Көп күй білмесем де, үйірмеде жүргенде және әкемнен үйренген
он шақты күйді әжептәуір тартамын.
4-диалог – Туристік фирмалармен қалай танысуға болады?
– Теледидар жарнамалары арқылы танысуға болады.
– Бірінші рет туристік сапарға шыққалы отырмын. Неден бастау керек екенін білмеймін.
Тіпті қайда баратынымды да әлі анықтаған жоқпын.
– Туристік сапарға шықпас бұрын туристік бағдарламамен танысу керек. Туристік
сапарларға арналған фирмалар қалада көп қой.
– Қандай жеңілдік болады екен?
– Егер ерте алсаңыз, жолдамаға да, жол ақысына да жеңілдіктер болады. Барлық
мәліметті фирмадан барып білгеніңіз жөн.