Тіл – құрал. Қазақ тілін меңгеру деңгейін тестілеу əдісімен бағалау емтиханына дайындық үшін оқу-əдістемелік құралы



Pdf көрінісі
бет57/162
Дата16.12.2023
өлшемі3,42 Mb.
#140056
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   162
Байланысты:
КАЗТЕСТ Учебно-методическое пособие (Тіл – құрал) B1

61
62
63


81
ЛЕК
СИКА-
ГР
АММА
ТИКА
ЛЫҚ БӨЛІК
Болымсыз мəнді сөйлемді көрсетіңіз.
Укажите предложение со значением отрицания.
А) Адамның мінезі ісіне сай болса ғой.
В) Шынайы сезім болмаса, махаббат та болмайды.
С) Парасатты, ақылды адамдарды аса қадірлеймін.
D) Ержан өзін үнемі бірқалыпты ұстайтын шығар.
64
Етістіктің мақсатты келер шағы (болымсыз түрі)
Келешекте істелетін іс-əрекеттің жүзеге асу, аспауының мақсатын білдіретін 
етістіктің түрін етістіктің мақсатты келер шағы деп атаймыз. Етістіктің мақсатты 
келер шағы етістіктерге есімшенің -мақ/-мек, -бақ/-бек, -пақ/-пек жұрнақтары үстеліп, 
жіктелуі арқылы жасалады. Мысалы: бармақ, келмек, жазбақ, сүзбек, айтпақ, кетпек. 
Мақсатты келер шақтың болымсыз түрі емес көмекші етістігі тіркесіп, жіктелуі арқылы 
жасалады. Мысалы: Мен бүгін базарға бармақшы емеспін. Ол жуыр маңда қалаға 
қайтадан кетпекші емес.
♦ Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.
Вместо многоточия вставьте нужное слово.
Ұлттық мəдениеті жоқ ел ешқашанда егеменді ел ... емес.
А) болмақ 
В) жасамақ
С) жүрмек
D) шығармақ
1) болмақ сөзі сөйлем мазмұнына сəйкес келеді; 
2) жасамақ сөзі сөйлемдегі ой желісіне сəйкес емес;
3) жүрмек сөзі сөйлем мазмұнымен үйлеспейді;
4) шығармақ сөзі сөйлемді мағыналық жақтан толықтыра алмайды.
♦ Көп нүктенің орнына тиісті сөз тіркесін қойыңыз.
Вместо многоточия вставьте нужное словосочетание.
Мен уақытымды бос ... .
А) болмақ емес
В) жүрген жоқпын
С) өткізбек емеспін
D) шұғылданған жоқпын
1) болмақ емес тіркесі бос сөзімен тіркесе алмайды, сондықтан сөйлемді толықтыра 
алмайды;
2) жүрген жоқпын тіркесі уақытымды сөзімен тіркесе алмайды
3) өткізбек емеспін тіркесі уақытымды сөзімен тіркесе алады, сөйлем мазмұнына 
сəйкес келеді;
4) шұғылданған жоқпын тіркесі сөйлем мағынасына сəйкес келмейді.


82
♦ Мақсатты түрде орындалмаған қимылды табыңыз.
Найдите преднамеренно несовершенное действие. 
А) Айжан ата-анасына жиналыс жайлы айтпады.
В) Қалижан ағасына мұғалімнің ескертпесі туралы айтпақшы емес. 
С) Гүлжиһан мен Бану ұстаздарының ескертуінен қорытынды шығарды.
D) Марат ата-анасына мектептегі жиналыс болатынын айтуды ұмытыпты.
1) сөйлемде орындалған қимыл туралы айтылған; 
2) сөйлемде мақсатты түрде жүзеге асырылмаған əрекет туралы баяндалған;
3) сөйлемдегі іс-əрекет болымды мəнде берілген;
4) сөйлемде мақсатты түрде орындалмаған іс-əрекет емес, аңдаусызда 
орындалмаған оқиға сипатталған.
Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.
Вместо многоточия вставьте нужное слово.
Бұл мəселені бүгін ... емеспін.
А) таппақ
В) жинамақ
С) талқыламақ 
D) жауап бермек
Көп нүктенің орнына қажетті тіркесті қойыңыз.
Вместо многоточия вставьте нужное словосочетание.
Енді ол досымен жиі ... .
А) шығармақ 
В) тапқан жоқ
С) аяқтамақ еді
D) кездеспек емес 
Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.
Вместо многоточия вставьте нужное слово.
Осыдан кейін ол ауыр жұмыс ... емес.
А) сенмек
В) істемек
С) бармақ
D) қайтпақ
Мақсатты түрде орындалмаған іс-əрекетті табыңыз.
Найдите преднамеренно несовершенное действие.
А) Студенттер ертең жорыққа шығады. 
В) Студенттер биыл жорыққа көп шыққан жоқ.
С) Осы демалыста студенттер жорыққа шықпақ емес.
D) Студенттер өткен аптада жорыққа шықпаған болатын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет