146
А) Күй – әнсіз туынды
В) Күй – музыкалық туынды
С) Күй – сан-салалы туынды
D) Күй – көп жанрлы туынды
Мәтіннің екінші азатжолына дәлірек тақырыпша таңдаңыз.
Выберите наиболее подходящий заголовок для второго абзаца.
15
1) Күй «әнге қосылмайтын», яғни әнсіз туынды деген тақырып екінші азатжолындағы ақпаратқа
сәйкес келеді.
2) Мәтінде күйді музыкалық туынды деп айта алмаймыз, өйткені бұл ақпарат нақты емес.
3) Қазақ күйлері сан-салалы туынды деген ақпарат мәтіннің аталған бөлігінде қосымша
ақпарат ретінде күйді суреттеу үшін берілген.
4) Мәтінде күйдің түрлі жанрлары туралы ақпарат қамтылмағандықтан оны тақырып етіп
таңдай алмаймыз.
Өнерпаздар сайыстарының бір түрі халықаралық фестиваль. Біздің
республикамызда осындай фестиваль дәстүрлі мереке болып есептеледі. Оларға
әлемнің көптеген елдерінің дарынды өнер иелері қатысады. Қазақ сахнасында
Жапон, Үндістан, Қытай, Малайзия сияқты елдердің әндері орындалады. Бәсекеге
нағыз дарындар түседі. Фестивальда қазіргі қазақстандық әндер де сүйіспеншілікпен
шырқалады. Қазақстандық әншілер де фестивальға белсенді қатысады. Халықаралық
фестивальдар елімізде Астана, Алматы сияқты қалаларда жиі ұйымдастырылады.
Олар сұлу саздың және адал достықтың мерекесі. Мұндай өнер сайыстарына
қатысу үлкен абырой болып есептеледі.
«Азия даусы» халықаралық фестиваль. Фестивальға еліміздің және шетелдердің
талантты жастары қатысады. Бәсекеге нағыз талантты дарын иелері түседі.
Халықаралық музыка фестивалі «Азия даусы» өнерсүйер қауымды қуанта береді.
Ол әсем ән мен мың бұралған бишілердің, жалпы музыка өнерінің мерекесі.
Мұндай өнер сайыстарына қатысу кімге де болса зор мақтаныш болып табылады.
«Азия даусы» музыка өнеріндегі танымал әндер мен талантты орындаушылардың
жыл сайын Қазақстанда өтетін халықаралық байқауы. Бірінші рет 1990 жылы
29 шілдеде Медеу мұзайдынының кешенінде өтті. Бұл сайыста бас жүлдені
Өзбекстаннан келген «Карс» тобы жеңіп алды.
Фестивальда қазіргі қазақстандық әндердің байқауы да өтеді. Таңдаулы қазақ
әндеріне «Алтын домбыра» жүлдесі беріледі. «Алтын домбыра» жүлдесін алғашқы
жылы Мақпал Жүнісова мен Нағима Есқалиева, 1997 жылы Роза Рымбаева жеңіп
алды. «Азия даусы» байқауының Бас жүлде, алтын, күміс және қола бәйгесіне
қоса Алматы қаласының әкімі, демеушілер тағайындаған әр түрлі ынталандыру
сыйлықтары бар. Фестиваль Алматы қаласындағы Медеу мұзайдыны сахнасында
жылына бір рет жазда өткізіледі.
4-мәтін
А) Мәтінде Медеу мұзайдынының келбеті суреттеледі.
В) Мәтінде дәстүрлі қазақ әндері туралы баяндалады.
С) Мәтінде халықаралық фестиваль туралы ақпарат беріледі.
D) Мәтінде «Азия даусы» фестивалінің демеушілері туралы ақпарат берілген.
Мәтіндегі негізгі ойды анықтаңыз:
Определите основную мысль текста:
Достарыңызбен бөлісу: