Тіл – құрал. Қазақ тілін меңгеру деңгейін тестілеу əдісімен бағалау емтиханына дайындық үшін оқу-əдістемелік құралы



Pdf көрінісі
бет89/162
Дата16.12.2023
өлшемі3,42 Mb.
#140056
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   162
Байланысты:
КАЗТЕСТ Учебно-методическое пособие (Тіл – құрал) B1

Оқылым бөлігі
Бұл тапсырма тіл үйренушінің келесі білік-дағдыларын қалыптастырады және бағалайды:
- мәтіндегі ақпаратты жалпылау;
- мәтіндегі жалпы ақпаратты жүйелеу;
- мәтіндегі жалпы ақпаратты қортындылау;
- мәтіндегі негізгі ақпаратты қосымша ақпараттан ажырата білу;
- автордың негізгі идеясын білдіретін ақпаратты анықтау.
1) Мәтін мазмұнынан мүсін өнерінің сыр-сипаты туралы мәліметті ала аламыз.
2) Мәтін мазмұнында досы Саматтың сыртқы келбеті сипатталмаған, тек «қабағын түйгенде 
қос сызық пайда болады» дегеннен басқа еш ақпарат берілмеген. 
3) Мәтінде «бала кезімнен мүсінші болуды армандайтынмын, мектепте оқып жүргенде 
сазбалшықтан мүсін жасайтынмын, ауылда мүсінші бала», - дейтін деген жалпылама ақпарат 
берілгенмен, кейіпкердің балалық шағы туралы нақты ақпарат берілмеген.
4) Мәтінде бала кезінен мүсін өнерін ұнататындығы туралы ақпарат бар, бірақ бүкіл мәтіннің 
емес, бірінші азатжолының негізгі ақпараты.
2
А) Мүсінші бала
В) Мүсін туралы кітаптар
С) Мүсінші баланың арманы
D) Мүсін өнерінің ерекшелігі
Мәтінге нақтырақ тақырып таңдаңыз.
Выберите наиболее подходящий заголовок к тексту.
Бұл тест тапсырмасы мәтіндегі негізгі ойды ескере отырып, мәтінге нақты және сәйкес 
тақырып болатын жауапты талап етеді. Мәтінді оқымас бұрын негізгі мазмұнын, яғни мәтін не 
жайлы екендігін алдын ала аңғара білетіндей болуы керек. Дұрыс емес жауаптарда мәтінде 
бар ақпарат, бірақ негізгі, басты ақпарат болмайтын атаулар берілуі мүмкін. 
Тестовое задание формирует навык определения основной мысли автора текста, так как 
здесь необходимо выбрать наиболее подходящий заголовок к тексту. Неправильные варианты 
ответов содержат информацию, которая лишь затронута в тексте и не является основной мыс-
лью автора. 
Тапсырма тіл үйренушінің келесі білік-дағдыларын қалыптастырады және бағалайды:
- мәтіндегі негізгі ақпараттарды жүйелеу;
- мәтіндегі негізгі ақпараттарды біріктіру;
- автордың негізгі ойын білдіретін ақпаратты таба білу;
- мәтіндегі негізгі ақпаратты қорытындылау;
- мәтінде берілген негізгі ақпаратты нақты түсіну;
- мәтін мазмұнына сәйкес тақырып таңдай білу.
1) Мәтінде балалық шағы туралы емес, ересек адамның өміріндегі оқиға негізгі ақпарат болып 
отыр.
2) Мәтінде «қолым бос кезде мүсін өнері туралы жазылған кітаптар оқып, түрлі мүсін жасағанды 
ұнатамын» деген ақпарат берілгенмен, ол кітаптар жайлы ақпарат жоқ. 
3) Мәтін мазмұнында мүсінші адамның балалық шағы емес, ересек кездегі әрекеті туралы 
баяндалады.
4) Мәтінде мәрмәр тасты қашау, тұлғасын ою, адамның ажарын, денесін жасаудың өзіндік 
қиындықтары туралы ақпарат бар. 
3
А) Бұл – жұмыстың ең қиын жері. 
В) Мүсін – бейнелеу өнерінің бір түрі.
С) Мүсінші бала – менің оқушы кездегі атым.
D) Мүсін өнері – барлық өнердің ішіндегі ең нәзігі.
Мәтін мазмұнын нақтылайтын қорытындыны таңдаңыз.
Выберите вывод, конкретизирующий содержание текста.


140
Берілген тест тапсымасы мәтіндегі ақпаратты жалпылай отырып, нақты қорытындысын таба 
білуді қажет етеді. Тіл үйренуші жауаптарды салыстыра отырып, дұрыс емес жауаптардағы 
қосымша немесе маңызды емес, бейтарап ақпаратты, мәтін мазмұнындағы фактілерді 
баяндайтын ақпаратты ажырата білу керек.
В данном тестовом задании необходимо найти вывод, который обобщает и уточняет
какую-либо информацию по тексту. В неправильных вариантах ответа может бать дана 
нейтральная, второстепенная информация, лишь констатирующая факты. 
Тапсырма тіл үйренушінің төмендегідей білік-дағдыларын қалыптастырады және бағалайды:
- мәтіндегі негізгі және қосымша ақпараттарды таба білу;
- мәтіндегі негізгі және қосымша ақпараттарды талдай білу;
- мәтіндегі негізгі және қосымша ақпараттарды салыстыра білу;
- мәтіндегі ақпараттарды жүйелей білу;
- мәтіндегі негізгі ақпарат пен қосымша ақпаратты ажырата білу;
- мәтін мазмұнын нақтылайтын қорытынды ақпаратты таба білу.
1) Берілген жауап «адамның ішкі жан дүниесін көз, бет әлпеті, дене ишараты арқылы білдіру 
жұмыстың ең қиын жері» деген ақпараты бойынша алынған, бірақ бұл ақпарат нақты емес. 
2) Мәтін мазмұнында мүсін өнерінің ерекшелігі, оның түрлері туралы ақпарат берілмеген.
3) Мәтін мазмұнында мүсінші бала деген аттың бала кезіндегі екінші аты екендігі туралы 
ақпарат берілгенмен, бұл ақпарат мәтін мазмұнын нақтылайтын қорытынды емес.
4) Мәтінде мүсін өнерінің нәзік әрі қиын өнер екендігі туралы ақпарат бар және бұл ақпарат 
мәтін мазмұнын нақтылайтын қорытынды бола алады.
А) Мүсінші бала атым өзіме ұнайтын.
В) Тас мүсінге қарап, өз ісіме риза болдым.
С) Ішкі жан дүниесі мен сыртқы бейнесін үйлестіру қажет. 
D) Уақытымның көбін досымның мүсінін жасаумен өткізудемін.
Мәтіндегі маңызды емес ақпаратты таңдаңыз.
Выберите менее важную информацию по содержанию текста.
4
Тест тапсырмасы мәтін мазмұнынан маңызды емес, қосымша, бейтарап ақпаратты таба білуді, 
ақпараттың маңыздылығын анықтауды қажет етеді. Берілген жауаптардың үшеуінде маңызды, 
мағыналы ақпарат, біреуі – маңызды емес, қосымша ақпарат, кейбір маңызсыз деректерді 
баяндайтын жауап болуы мүмкін. 
Тестовое задание требует разграничения значимой информации и второстепенной. В трех 
неверных вариантах ответа представлена содержательная, важная информация по тексту, в 
правильном ответе – малозначимая информация, какие-либо детали, незначительные факты.
Бұл тапсырма тіл үйренушінің келесі білік-дағдыларын қалыптастырады және бағалайды:
- мәтіндегі маңызды және маңызды емес ақпараттарды саралау;
- мәтіндегі маңызды және маңызды емес ақпараттарды өзара салыстыру;
- мәтіндегі маңызды және маңызды емес ақпараттарды жауаптарда берілген ақпаратпен 
салыстыра білу;
- жауаптардағы ақпараттардың шынайы немесе шынайы емес екендігін анықтау;
- мәтіндегі маңызды ақпараттан маңызды емес ақпаратты ажырата білу.
1) Балалық шағындағы мүсінші бала аты мәтіндегі аса маңызды ақпарат емес.
2) Бұл жауап өз ісіне деген ризашылығын, жұмысының ойдағыдай орындалғандығын білдіріп 
тұрған маңызды ақпарат болып табылады.
3) Мәтінде «ішкі жан сезімі мен сыртқы бейненің үндестігін, сұлулығын, бірін-бірі толықтырып 
тұрған қасиетін келтіру керек» деген ақпарат берілген. Мүсін жасауда ішкі жан дүниесі мен 
сыртқы кейіпті үйлестіре білу маңызды рөл атқарады.
4) Жауап қолға алған ісінің орындаушы үшін маңызды іс екендігін көрсетеді.


141


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет