Тіл – құрал. Қазақ тілін меңгеру деңгейін тестілеу əдісімен бағалау емтиханына дайындық үшін оқу-əдістемелік құралы



Pdf көрінісі
бет91/162
Дата16.12.2023
өлшемі3,42 Mb.
#140056
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   162
Байланысты:
КАЗТЕСТ Учебно-методическое пособие (Тіл – құрал) B1

7


143
Оқылым бөлігі
1) Мәтін мазмұнында ананың батырлығы емес, анаға деген құрмет туралы айтылады. 
Сондықтан да ол мәтінге тақырып бола алмайды.
2) Мәтінде анасының мамандығы туралы мәлімет қосымша болып саналады және ол
маңызды орын алмайды.
3) Мәтінде балаларының, отбасының анаға деген құрметі жайында көп мәлімет 
қамтылғандықтан мәтінге нақтырақ тақырып болуға жарайды. 
4) Үлгі боларлық аналар туралы ақпарат мәтіннің негізгі ойы емес, сөз бастамасы. 
А) Қазақ халқында үлгілі аналар көп.
В) Анам үшін шәкірттерінің келгені – үлкен қуаныш.
С) Наурыз айында анамыздың мүшелтойын тойладық.
D) Менің анам – ұзақ жылдар еңбек еткен, абыройлы, отбасы мен көпшілікке 
сыйлы, аяулы да ардақты жан.
Мәтін мазмұнын нақтылайтын қорытындыны таңдаңыз.
Выберите вывод, конкретизирующий содержание текста.
8
1) Мәтін мазмұнында елімізде үлгілі аналардың баршылық екендігі шынайы ақпарат 
болғанымен, мәтін мазмұнын нақтылай алмайды.
2) Мәтінде шәкірт пен ұстаз қарым-қатынасы мәтін мазмұнын нақтылайтын қорытынды емес.
3) Мәтіндегі анасының 70 жылдық мерейтойын тойлағандары қосымша ақпарат, ол мәтін 
мазмұнын нақтылайтын қорытынды ақпарат бола алмайды. 
4) Мәтіндегі аналарының еңбекқорлығы, сыйлы да абыройлы жан екендігі туралы ақпарат – 
мәтін мазмұнын нақтылайтын қорытынды. 
А) Анам – қазір құрметті демалыстағы аяулы жан.
В) Менің анамның 70 жылдық мерейтойын тойладық.
С) Менің анам – сыйлы, аяулы, ардақты аналардың бірі.
D) Анам көптеген шәкірттерді тәрбиеледі және оларға білім берді.
Мәтіндегі маңызды емес ақпаратты табыңыз.
Выберите менее важную информацию по содержанию текста.
9
1) Автор анасының зейнет жасындағы аяулы ана екені жайлы ақпарат – маңызды ақпаратқа 
жатады.
2) Мәтін мазмұны бойынша анасының мерейтойын өткізуі жайлы ақпарат мәтіндегі маңызды 
ақпарат болып табылмайды.
3) Анасының отбасындағы сыйлы, ардақты жан екендігі маңызды ақпарат болып табылады.
4) Мәтін мазмұнында анасының ұзақ жылдар ұстаздық етіп, қазір құрметті демалыстағы ана 
екендігі маңызды ақпарат.
А) Өнегелі өмір 
В) Ана мерекесі
С) Аяулы аналар 
D) Ардақты ұстаз
Мәтіннің бірінші азатжолына дәлірек тақырыпша таңдаңыз.
Выберите наиболее подходящий заголовок для первого абзаца.
10
1) Мәтіннің бірінші азатжолында белгілі бір адамның өмір жолын басқаларға өнеге тұту 
жайында емес. Онда жалпы аяулы аналар есімдері беріледі.
2) Мәтіннің бірінші азатжолында аналар мерекесі туралы ақпарат айтылмайды. 
3) Мәтіннің бірінші азатжолында есімдері ел есінде сақталған, өмірлері өнегелі ардақты
аналар – Зере әжеміз, ұлт анасындай болған Абай атамыздың анасы – Ұлжан, Шоқанның 
Айғаным әжесі, батыр атамыз Бауыржан Момышұлының келіні – Зейнеп Ахметова апаларымыз 
туралы ақпарат бар.
4) Анасының ұзақ жылдар ұстаздық қызмет атқарғандығы туралы мәлімет мәтіннің бірінші 
азатжолда айтылмаған. 


144
Қазақ халқы ән мен күйге аса бай халық. 
ХІХ
ғасырдағы қазақтың музыка 
мәдениетін зерттеушілер қазақ халқының мың ән, бес жүз күйі барлығын жазған 
болатын. Қазақтың музыка мәдениеті дәуірден-дәуірге дамып келеді. Қазақтың 
жыршылары мен әншілері, ақындары мен жыраулары өлең-жырларды, ұзақ 
дастандарды домбыраға қосып әнмен айтқан. Эпостық немесе тарихи жырлардың 
қысқа қайырылатын баяу әндері болады. Қазақтың лирикалық әндері көтеріңкі 
айтылып, неше түрлі сарынға салынып, құйқылжи айтылады. Қазақ ән мен күйге 
аса құмар халық.
Сазгерлердің эпостық, тарихи және түрлі тақырыптарға арналған музыкалық 
аспаптармен орындауға негізделген шығармалары «күй» деп аталады. Күй әнге 
қосылмай, тек музыкалық аспаппен ғана орындалатын туынды. Әрбір күйдің өзіндік 
тарихы бар. Күйшілер шаршы топ алдында күйді орындарда күйдің шығу тарихын 
баяндай келе: «Ал енді, осы күйді тыңдаңыздар», - деп, күйді жорғалата жөнелген. 
Қазақ күйлері сан-салалы, онда өзен ағысы, теңіз толқыны, аққу мен бұлбұлдың 
әні, аттың жүрісі, сан алуан табиғат құбылыстары, адамның сан қырлы көңіл 
күйі қамтылады.
Қазақтың ертеден келе жатқан тарихи күйлерінің бірі «Бозторғай» күйі. 
Күйде өзінің балапанын жыланнан қорғаған бозторғайдың жан таласы, үрейі ұшқан 
балапанның шиқылы, жыланның ысылы, ана торғайдың қанатының діріл қағуы, 
ақырында балапанын қорғап қалу үшін өз жанын қиып, жыланның аузына түскен 
кездегі оның ақтық рет шиқ еткен даусы домбыраның үнімен берілді. 
Қазақтың ежелгі күйлерінің бірі «Ақсақ құлан» күйі. Бұл эпостық күй 
ХІІІ 
ғасырда Шыңғысхан дәуірінде шыққан. Тарихи аңызда айтылуына қарағанда 
Шыңғысханның үлкен ұлы Жошы хан аң аулап, жаралы ақсақ құланды қуып жүріп 
қаза табады. Мұны іштей сезген Шыңғысхан "суық хабар естірткен адамның 
көмейіне қорғасын құямын" деп жарлық қылады. Ханның қаһарынан қорыққан 
адамдардың бірде-бірі бұл қайғылы хабарды айтуға бата алмайды. Шыңғысхан одан 
әрмен ашуланып, халыққа қаһарын шашады. Жұрттың ауыр азабын жеңілдетуге 
ұмтылған найман тайпасының күйшісі Кербұға бұл хабарды Шыңғысханға «Ақсақ 
құлан» атты шығарған күйімен естіртеді. Шыңғысхан өз жарлығына сәйкес Кербұға 
күйшінің домбырасының көмейіне қорғасын құяды. Бұл күй ханның қаталдығын, 
халықтың ауыр азабын, аңшылық өнерді, адамзат баласының сан алуан көңіл 
күйін бейнелейді. 
Міне, осы сияқты әр күйдің астарында аңыз әңгімелер, тарихи оқиғалар жатыр. 
Күй халқымыздың аспаптық пьесасы.
3-мәтін
А) Қазақ күйлерінің шығу тарихы баяндалады.
В) Қазақ халқының тарихи күйлері суреттеледі.
С) Қазақтың ән мен күйлерінің тақырыптары сипатталады.
D) ХІХ ғасырдағы қазақ музыкасын зерттеушілері туралы айтылады.
Мәтіндегі негізгі ойды анықтаңыз.
Определите основную идею текста.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет