Оқылым бөлігі
3) Бұл ақпарат бірінші азатжолдың негізгі ақпараты емес.
4) Мәтіннің бірінші азатжолында автордың негізгі ойы "Хабар" телеарнасы туралы, оның
республикамыздағы жетекші телеарналарының бірі екендігін айту.
А) Министрдің есебінен
В) Елбасы назарындағы телеарна
С) Телеарна саласындағы өзгерістер
D) «Хабар» телеарнасының даму жолы
Мәтіннің екінші азатжолына дәлірек тақырыпша таңдаңыз.
Выберите наиболее подходящий заголовок для второго абзаца.
32
1) Мәтіннің екінші азатжолында министрдің сөзі бар, бірақ бұл тақырып нақты емес, өйткені
есеп бергені жайлы ақпарат жоқ.
2) Елбасының басты назарындағы телеарна деген ақпарат мәтіннің екінші азатжолына дәлірек
тақырыпша бола алады.
3) Мәтін мазмұнындағы телеарна саласындағы өзгерістер туралы ақпарат екінші азатжолға
дәлірек тақырыпшаға келмейді.
4) Мәтіннің екінші азатжолында «Хабар» телеарнасының даму жолы жайлы ақпарат берілмейді.
Мәтіннің үшінші азатжолына дәлірек тақырыпша таңдаңыз.
Выберите наиболее подходящий заголовок для третьего абзаца.
А) Тіл үйренушілер бағдарламасы
В) "Хабар" агенттігінің басты міндеттері
С) Қазақ тіліндегі хабарлардың санын көбейту
D) «Хабар» - қазақи ортаны қалыптастыратын арна
33
1) Мәтін мазмұнының үшінші азатжолында жалпы агенттіктің негізгі міндеттері туралы ақпарат
ашылмаған.
2) Мәтіннің үшінші азатжолында тіл үйренушілерге арналған бағдарлама туралы ақпарат
берілмеген.
3) Мәтіннің үшінші азатжолында телеарнаның қазақи ортаны қалыптастыруы алдына қойылған
міндет, ал оған жетудің бір жолы қазақ тіліндегі хабарлар санын көбейту керек деген.
4) Мәтіннің үшінші азатжолында қазақи ортаны қалыптастыру міндеті жайлы айтылады.
Мәтінге нақтырақ тақырып таңдаңыз.
Выберите наиболее подходящий заголовок к тексту.
А) «Хабар» агенттігінің қаржысы
В) «Хабар» телеарнасының болашағы
С) Еліміздегі мықты телеарналардың бірі
D) «Хабар» телеарнасы сандық телеарнаға көшуде
34
1) «Хабар» агенттігінің қаржысы жайлы ақпарат мәтіннің екінші азатжолында ғана аталып
отырғандықтан бүкіл мәтінге ол нақтырақ тақырып бола алмайды.
2) Мәтінде «Хабар» телеарнасының болашағы туралы ақпарат мәтін мазмұнында қамтылмаған.
3) «Хабар» телеарнасының жетекші телеарналардың бірі екендігі туралы ақпарат мәтін
мазмұнын нақты көрсетіп, тақырып мәтін мазмұнына сәйкес келіп тұр.
4) «Хабар» телеарнасының сандық телеарнаға көшуі қосымша ақпарат қана болып табылады.
Мәтіндегі негізгі ойды анықтаңыз.
Определите основную мысль текста.
А) "Хабар" агенттігінің қазіргі хал-жағдайы мен даму жолдары
В) Телеарнадағы қызметкерлер жұмысы жайлы сипатталады.
С) Республикамыздағы айтулы телеарналардың бірі туралы
D) «Хабар» телеарнасы бағдарламаларының жағдайы баяндалады.
35
154
1) Мәтінде "Хабар" агенттігінің толық хал-жағдайы мен даму жолдары анықталмаған, тек
министрдің баяндамасынан кейбір үзінділері келтірілген.
2) Мәтінде «Хабар» телеарнасының қызметкерлерінің атқаратын жұмысы сипатталмайды.
3) Мәтінде «Хабар» телеарнасы еліміздегі айтулы телеарналардың бірі екендігі туралы
баяндалады.
4) Мәтінде «Хабар» телеарнасының бағдарламаларының жағдайы толық ашылмайды.
Есте жоқ ерте заманда бидай өз бетімен өседі екен. Бір жылы қуаңшылық болады.
Тіршілік үшін жанталасқан өсімдік атаулы Ақ бидайды жан-жағынан қаумалап,
астындағы суды тартып алады. Кейбір бойшаң бұталар күннің көзіне қасақана тұрып
алып, жарық түсірмейді. Сөйтіп, Ақ бидайдың жағдайы күннен-күнге нашарлай
бастайды. Ақырында өлер халге жетеді. Содан соң олай-бұлай өткен әр түрлі
аңдардан жәрдем сұрайды. Үстінен әрлі-берлі қалықтап ұшып жатқан үлкенді-кішілі
құстарға жалбарынады. Бірақ оның өтінішіне, мұң-зарына ешкім құлақ аспайды.
Енді өлдім ғой деген сәтте Ақ бидайға садақ асынған, қолында найзасы бар, аң аулап
жүрген Адам тап болады. Бидай байғұс көзінің жасын төгіп тұрып, Адамға мұңын
шағады. Адам ойланып тұрып, ақырында оның өтінішін қабыл алады. Садағын жерге
қойып, найзасын бұтаға сүйей салады да, білегін сыбанып жіберіп, іске кіріседі. Ақ
бидайдың айналасындағы шөптің бәрін қолымен отап, тып-типыл қылады. Олардың
бидайға ауыз салып жатқан тамырларын найзасының ұшымен қопарып тастайды.
Бұлаққа барып тақиясына толтырып су әкеледі. Әлсіреп қалған Ақ бидай мөлдір
суға қанып бой түзеп, құлпырып сала береді. Адам да жиі-жиі келіп, бидайға қамқор
болып жүреді. Қаскөй шөп, тікендерді оның қасына жуытпай, мезгіл-мезгіл суарып
тұрады. Күзге салым бидай піседі. Баданадай дәндерінің бір түйірін де шашау
шығармастан, Адамға тарту етеді. Адам сыйға алған дәнін бір қыс сақтайды.
Көктем шыққанда ол үйшігінің жанындағы тәуірлеу жерді қопсытып, соған әлгі дәнді
себеді. Жаз бойы арам шөбін жұлып, мезгілімен суарып, баптап тұрады. Ақырында
еңбегі зая кетпей, күзде Адам бір дорба бидай алады. Келер жылы бір қап, содан
соң он қап, одан соң мың қап, қойшы, адамзат бидайды әлденеше миллион қап етіп
алатын болды. Адам мен Ақ бидайдың айырылмас достығы ерте заманда осылай
басталған екен.
8-мәтін
Мәтінге нақтырақ тақырып таңдаңыз.
Выберите наиболее подходящий заголовок текста.
А) Ақ бидайдың өтініші
В) Ақ бидай туралы әңгіме
С) Адам мен Ақ бидайдың жағдайы
D) Адам мен Ақ бидайдың достығы
36
1) Мәтінге «Ақ бидайдың өтініші» деген тақырып нақты бола алмайды, себебі ол ақпарат тек
бірінші азатжолда ғана қамтылып отыр.
2) Мәтіндегі «Ақ бидай туралы әңгіме» деген тақырыпта «әңгіме» деген сөз жанрды
көрсеткенімен, нақты тақырып емес.
3) Адам мен Ақ бидайдың жағдайы нақты тақырып бола алмайды, себебі мәтінде бидайдың
жағдайын суреттеп қана қоймай, олардың арасында достық пайда болғаны туралы айтылады.
4) Бұл жауаптағы ақпарат мәтінге нақты тақырыпқа сай келеді.
155
Достарыңызбен бөлісу: |