Тіл – құрал. Қазақ тілін меңгеру деңгейін тестілеу əдісімен бағалау емтиханына дайындық үшін оқу-əдістемелік құралы



Pdf көрінісі
бет100/162
Дата16.12.2023
өлшемі3,42 Mb.
#140056
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   162
Байланысты:
КАЗТЕСТ Учебно-методическое пособие (Тіл – құрал) B1

Оқылым бөлігі
Мәтінде жауабы бар сұрақты таңдаңыз.
Выберите вопрос, ответ на который присутствует в тексте.
А) Дәуреннің атасының жасы нешеде?
В) Досымың отбасында неше адам бар? 
С) Әкесінің қандай жеке кәсіпорны бар?
D) Зәмзә сауда экономикалық колледжінің оқытушысы ма?
Мәтінге сәйкес ақпаратты таңдаңыз.
Выберите информацию, соответствующую содержанию текста.
А) Дәуреннің ағасы – есепші.
В) Дәуреннің әкесінің аты – Олжас.
С) Досымның атасы мен әжесі – зейнеткерлер.
D) Досымның жеңгесі мен қарындасы – мұғалім.
Оқылым бөлігі. қорытынды тест
блок Чтение. Итоговый тест
3
Досым Дәуреннің отбасында 8 адам бар. Олар: атасы, әжесі, әкесі, шешесі, 
ағасы, жеңгесі, қарындасы. Атасы Қадір мен әжесі Зәмзә зейнеткерлер. Анасы
Айша сауда экономикалық колледжінің оқытушысы, әкесі Талғат
жаттықтырушы. Ағасы Олжас жеке кәсіпкер. Оның шағын кәсіпорны бар. Жеңгесі 
Балнұр – мұғалім, облыстық дарынды балаларға арналған гимназияда оқу ісінің 
меңгерушісі болып жұмыс істейді. Ол отбасында тәрбиелі, үлгілі келін. Қарындасы 
Анар әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенті. Ол
президенттік шәкіртақы иегері. Досым Дәурен есепші. Олар Алматы қаласында 
тұрады. Олардың үйі Құрманғазы Сағырбаев атындағы көшенің бойында. Үйлерінің 
алдында Шоқан Уәлихановқа арнап қойылған ескерткіш бар. Отбасы мүшелері кешке 
қарай үнемі осы ескерткіштің жанындағы саябаққа келіп тынығады. 
Дәуреннің отбасы өзара тату. Әкесі мен ағасының табысы жақсы. Отбасының 
шығынын әкесі мен ағасы есептейді.
Дәуреннің отбасы барлық қазақ отбасыларындай өте қонақжай. Үйлеріне келген 
қонақтарға үнемі үлкен ілтипат білдіріп, сыйлайды. Дастарқандарын жайып, төрге 
отырғызады. Олар ұлттық салт-дәстүрлерді үнемі сақтап отырады. Қазақта 
асқа үлкен адам бата беру дәстүрі бар. Сол дәстүрді досымның отбасы ешуақытта 
бұзған емес. Атасы үнемі асқа бата қайырады. Дастарқанға ас қайыру үлкен 
ізеттіліктің белгісі. 
Әжесі Зәмзә қолөнер шебері. Жасының ұлғайғанына қарамай үйде бос отырмайды. 
Ұршық иіріп, тоқыма тоқиды. 
Жеңгесі Балнұр мен қарындасы Анар сырлас достар. Балнұр Анарды үнемі 
еркелетіп отырады. Анар да жеңгесінің көңілін қалдырмауға тырысады. 
Дәуреннің отбасы үлгілі, қонақжай қазақ отбасыларының бірі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет