Тіл – құрал. Қазақ тілін меңгеру деңгейін тестілеу əдісімен бағалау емтиханына дайындық үшін оқу-əдістемелік құралы



Pdf көрінісі
бет102/162
Дата16.12.2023
өлшемі3,42 Mb.
#140056
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   162
Байланысты:
КАЗТЕСТ Учебно-методическое пособие (Тіл – құрал) B1

14
11
12
13


165
Оқылым бөлігі
15
Мәтінде жауабы бар сұрақты таңдаңыз.
Выберите вопрос, ответ на который присутствует в тексте.
«Ақбұлақ» шипажайы қай жерде орналасқан?
А) Талғар қаласында 
В) Алматы қаласында 
С) Талғар қаласының орталығында 
D) Талғардағы Шымбұлақ шатқалында
Жер жаннаты Жетісудағы «Ақбұлақ» шипажайы Алматы қаласынан
15 км жерде, Талғар ауданының Алатау бөктеріндегі Шымбұлақ шатқалында 
орналасқан. Бүгінгі заманның талабына сай күрделі жөндеуден өткен шипажай 
кезінде ғарышкерлердің ұшып келгеннен кейін денсаулығын сауықтыру орны болғаны 
бекер болмаса керек. 
Шипажай орналасқан жердің табиғаты әсем. Оның 250 метр тереңдіктен 
шығатын минералды суы бар. Шипажай маңында қысы-жазы сылдырлап өзен ағып 
тұрады. «Ақбұлақ» шипажайын қайың, шырша, емен ағаштары көмкеріп тұр. 
Шипажайдағы жүзу бассейні мен спорттың түр-түріне арналған орындары толық 
демалып, денені сауықтыруға оң әсерін тигізеді. Онда денсаулықты сауықтыруға 
және нығайтуға барлық жағдай жасалған. 
Шипажай аумағына 2002 жылы 3 қабатты жаңа емдеу орталығы салынды. Бұл 
орталық бүгінгі заманның талабына сай диагностика, емдеу құрал-жабдықтарымен 
қамтамасыз етілген. Емдеу орталығында жүрек, асқазан, ішек, бүйрек, жыныс 
бездері, бауыр, өкпе, жүйке жүйесі, буын, сүйек, омыртқа, тері ауруларына арнайы 
жобамен емдеу тәсілдері жолға қойылған. Емдеу тәсілдері адамның жасына, қан 
құрамына, өмір сүру тәртібіне, тамақтану әдісіне байланысты әр адамға жеке 
бағдарламамен қолданылады. Емдеу түрлері табиғи, халықтық медицинасына 
сүйене отырып, шөптің бірнеше түрлерімен, балшықпен, минералды суменен, 
инемен, сүлікпен, тұзды немесе оттегімен азондалған ауамен, денені шлактан, 
улы заттардан тазарту әдістерімен, тағамның ішу тәртібін реттеу немесе 
аспен емдеу, қымыз, шұбатты пайдалану, әртүрлі дене шынықтыру тәсілдерімен 
ауру денені қалпына келтіру, тоқпен, жарықпен, шунгит тасымен және денені 
үзу, су астында омыртқаны созу, массаждың әртүрлі әдістерін қолдану сияқты 
ем -шаралар қолданылады. Онда денені тазартудың қан тазарту, бауыр өтін 
жуу, ішекті минералды сумен тазарту әдістері кеңінен пайдаланады. Емдеу 
тәртібі сенбі, жексенбі күндерінде де жалғасады. Шипажайға келген адамдар ем 
алумен қатар Алматы, Алматы облысының тарихи ескерткіштері мен сәулет 
өнерінің туындыларына экскурссия жасайды. Бос уақыттарында би, ойын-сауық, 
кино, концерт тамашалап, спорттың түр-түрімен айналыса алады. Бөлмелерге
ыстық-мұздай минералды су қосылып, тоңазытқыш, көгілдір экран, телефон және 
ұялы телефонның бәрімен байланыс орнатылған. 
«Денсаулық зор байлық», - дейді дана халқымыз. Ендеше, денсаулықтың 
жақсы болуы үнемі күтіп, уақытылы емделгенде ғана болатынын ұмытпайық. 
3-мәтін


166
Мәтінге сәйкес ақпаратты таңдаңыз.
Выберите информацию, соответствующую содержанию текста.
А) «Ақбұлақ» – сауықтыру спорт кешені. 
В) «Ақбұлақ» – тек сүлікпен емдейтін орталық.
С) «Ақбұлақ» – денсаулықты, сауықтыру орталығы.
D) «Ақбұлақ» – тек инемен емдейтін шипажайдың бірі. 
Мәтіндегі басты тірек сөздерді табыңыз.
Найдите главные ключевые слова текста.
А) денсаулық, ауру, емен, шипажай
В) денсаулық, шипажай, ем, сауықтыру
С) денсаулық, шипажай сүйек, шұбат, ем
D) денсаулық, бауыр, бүйрек, бұлшықет
Мәтін бойынша толық және нақты ақпаратты табыңыз.
Найдите наиболее полную и точную информацию по тексту.
А) Шипажай жанында жыл бойы сылдырлап өзен ағады.
В) «Ақбұлақ» орналасқан жерде қайың, шырша, емен ағаштары өсіп тұр.
С) Шипажайдағы жүзу бассейні денені сауықтыруға көп пайдасын тигізеді. 
D) Шипажайда денсаулықты сауықтырып, нығайтуға барлық жағдай жасалған. 
Мәтін мазмұнына сәйкес жауапты табыңыз.
Выберите ответ на вопрос, соответствующий содержанию текста.
Шипажайдағы емдеу орталығы қандай жабдықтармен қамтамасыз етілген?
А) жүрек қызметін реттейтін құралдармен 
В) заманға сай диагностика, емдеу құралдарымен
С) түрлі ауруларды анықтайтын құрал-жабдықтармен
D) өкпе ауруларын тексеретін бүгінгі заманғы құралдармен
Мәтіндегі негізгі ойды анықтаңыз.
Определите основную мысль текста.
А) Талғар ауданындағы шипажай туралы баяндалады.
В) Минералды судың пайдасы туралы ақпарат беріледі.
С) Денсаулықты сақтау жолдары туралы ақпарат беріледі. 
D) Телеграф байланысының маңызы туралы ақпарат беріледі.
Мәтінге нақтырақ тақырып таңдаңыз.
Выберите наиболее подходящий заголовок текста.
А) Балшықпен емдеу орны
В) Денсаулықты сауықтыру орны
С) Халықтық медицина орталығы
D) Минералды сумен емдейтін шипажай


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет