Тіл адамның адамдық белгісінің зоры, жұмсайтын қаруының бірі. Осы дүниедегі адамдар тілінен айырылып, сөйлеуден қалса, қандай күйге түсер еді?



бет6/7
Дата06.01.2022
өлшемі19,62 Kb.
#15814
1   2   3   4   5   6   7
Генетикалық әдіс көркем жазуда әріп элементтерін жазып үйренуді талап етеді. Балалар әріп таңбаларын алфавит ретімен жазып үйренбейді, алдымен оңай әріптерді жазып үйренеді, соңынан біртіндеп жазылуы күрделі әріптерді таңбалауға үйретеді.

Тактикалық немесе ритмикалық әдіс. Ритм – бүкіл жазу элементтерінің лайықты үйлесімін табуға көмектесетін амал. Тактылау (санау) – қозғалысты бір қалыпты жетілдіріп, оқушылардың жазу қарқының жеделдетуге әсер етеді, жазу процесінде жасалатын қол қимылдарының дұрыс та айқын болуын дамытады, сыныптың бір мезгілде жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Алайда, бұл әдістің бірнеше кемшіктері бар екендігі дәлелденді.

Карстер әдісі қолдың қозғалысын дамыту үшін жасалынатын жаттығулар жүйесі. ХІХ ғасырдың басында ағылшын Карстер енгізген бұл әдіс ең алдымен 19 элементті, одан кейін жазылуы қиын штрихтары бар әріптерді, сөздерді жазуға үйретеді. Бұл әдісті ересектерге каллиграфиясын түзеу үшін пайдаланған тиімді.

Оқушының көркем және сауатты жазуы үшін бірнеше жаттығулардың түрлерін ұсынамын. Бұл жаттығулар балалардың көркем жазу дағдысын қалыптастырады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет