біріншісі - әріптерді мәнерлі жазуға және жеке әріптерді өзара құрастыра білу;
екіншісі – әріп элементін дұрыс жазуға дағдыландыру;
үшіншісі – жазу жұмысына өте ұқыпты, мұқият болуды қалыптастыру.
Жас жеткіншектің көркем жазу дағдысы біртіндеп қалыптасады. Осы орайда оқытудың әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалана білу керек. Түрлендірілген жұмыстар оқушыларды қызықтырып қана қоймай, логикалық ойлауын арттырады. Сауат ашудың дайындық кезеңінде оқушының икемділігі мен көз мөлшерлеу қабілетін жетілдіру, графикалық дағдыларды қалыптастыру үшін суретті және сызықты жаттығуларды орындатады. Сонымен бірге бұл кезде штрихтау жаттығуларын орындатудың мәні зор. Мектепке алғаш келген баланың жетекші әрекеті – ойын, ал штрихтау ойын түрінде жүргізіледі. Әр түрлі зат бейнесін, геометриялық фигураларды штрихтау баланың қолын жаттықтырмайды, оның сөйлеуі мен ойлауын жетілдіреді. Штрихтау арқылы сурет салу жаттығуларын сурет альбомына орындатқан жөн. Сурет альбомы беттеріне жазу сызықтары сызылады да, жаттығулар жазу дәптеріндегі үлгідей орындалады.
Оқушылар заттардың пішінін, құрылысын жазықтықта орналасу қалпын еркін қабылдап, оң, сол, жоғары, төмен, түзу, қисық, дөңгелек ұғымдарын меңгереді. Ал, сауат ашу кезеңінде әріптерді жазып үйренеді. Демек, әрбір әріпті жазып шығу дегеніміз – көп қырлы таңдау процесін атқару деген сөз. Ал, мұның өзі мектеп табалдырығын алғаш аттаған бала үшін аса күрделі іс-әрекет. Әр әріп элементтерін жазып үйрену ең алдымен, оның неше элементтен тұратынын, екіншіден, ол әріпті қай жерде қалай бағыттап жазуды меңгеруіне септігін тигізеді. Жазуға үйретудің алғашқы күнінен бастап, оқушыларды үзбей жазуға дағдыландыру қажет.
Сауат ашу кезеңінде оқушы сөйлем, сөз, буын, дыбыс ұғымдарын дұрыс меңгеругенде ғана сауатты жазу орын алады. Сауатты жазу дегеніміз – әріптерді тастамай, шатастырмай жазу. Оқушыға буындап оқыту, сөздерді буынға дұрыс бөлгізу керек. Буынды дұрыс меңгерген оқушы сауатты жазады.
Жазуға үйрету жүйесінде әр түрлі әдістер ХІХ-ХХ ғасырдың бас кезінде-ақ мектептерге енгізіліп, қазіргі кезде кеңінен қолданылады. Бұл әдістерге: көшіре жазу әдісі, сызықтық әдіс, ритмикалық әдіс, генетикалық әдіс, Карстер әдісі жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |