Синхрониялық лингвистика (орыс. синхроническая лингвистика, (гр. synchronos гр. syn - бірге + гр. chronos - уақыт) (статикалық, сипаттамалық) — тілдің тарихи дамуының бір дәуіріндегі заңдылықтарды зерттейтін тіл білімінің саласы.
Әр дәуірдегі заңдылықтардың зерттелуі арқылы тарихи даму процесінің хронологиялық жүйесі қалыптасады.
Тілді белгілі бір дәуірдегі қалпы тұрғысынан зерттеп, сипаттама беретін тіл білімі синхрониялық тіл білімі деп аталады. Синхрония бойынша бір мезгілде қатар өмір сүруші құбылыстардың арасындағы қатынастар қарастырылады.
Тілді зерттегенде ондағы құбылыстарды диахрониялық тұрғыдан да, синхрониялық тұрғыдан да қарастыру қажет және ол өте маңызды болып табылады.
Диахрониялық лингвистика(тарихи, эволюциялық) (гр. dia гр. chronos - уақыт орыс. диахроническая лингвистика) — тілдің тарихи даму процесінде байқалатын заңдылықтарды зерттейтін тіл білімінің саласы.
Диахрониялық лингвистика тілдік құбылыстарды олардың нақты тарихи дамуымен байланысты зерттеу нәтижесінде пайда болған. 20 ғасырдың 2-жартысынан бастап диахрониялық лингвистика тіл жүйесіндегі диахрондық өзгерістерді, онда олардың алатын орнын зерттеуге бағытталды.
Тіл білімі тілдің белгілі бір дәуірдегі қалпын, оның тарих бойында өзгеруі мен дамуын зерттейді. Тіл, тілдік құрылым уақыт өткен сайын дамып, жетіліп отырады. Сондықтан да, оны зерттегенде оған тілдің қазіргі қалпы тұрғысынан қарау жеткіліксіз, сонымен қатар тілге оның шығу тегі, дамуы тұрғысынан да қарау қажет.
Тарихи тіл білімі – тіл тарихы туралы ғылым. Зерттеу нысанасы – бүкіл тіл жүйесіндегі тарихи өзгерістер. Тілді шығу тарихы мен тарихи даму тұрғысынан зерттейтін тіл білімі диахрониялық тіл білімі деп аталады. Тілдегі құбылыстардың шығу тегін, тарихи өзгеруі мен дамуын білу оның қазіргі күйін, қыр-сырын жете танып білуге мүмкіндік береді.
Жалпы тіл білімі — жалпы тілдерге ортақ, универсалды мәселелерді зерттейтін тіл білімінің бір саласы.Жалпы тіл білімінің теориялық топшылаулары мен қорытындылары жеке тілдерді зерттеу үшін қажет. Ал жалпы тіл білімі жеке тілдерді зерттеуге бағыт-бағдар сілтейді. Сүйтіп, жалпы тіл білімі тілдің мәні мен қызметін, оның ойлаумен ара қатынасын, байланысын, адам баласы тілінің пайда болуын қарастырады; тілдің даму заңдарын айқындайды; дүниежүзі тілдеріне классификация жасайды; ғылымдар жүйесінде тілдің алатын орнын айқындайды. Жеке тіл білімі-жеке, нақты, туыстас тілдер тобын зерттейді. Туыстас тілдер тобын тюркология (түркі тілдер). Славянистика (славян тілдері), германистика (герман тілдер) т.с.с. зерттейді.
Жеке тіл білімі дегеніміз бір тілдің жүйесі мен құрылысын және оның даму заңдарын зерттеп айқындайтын лингвистиканың саласы (частное языкознание) Мәселен, француз тілі, араб тілі, орыс тілі, ағылшын тілі секілді. Ал, жалпы тіл білімі деп отырғанымыз қатынас құралы ретінде қаралатын адам баласы тілінің дамуының жалпы заңдары туралы ғылым. Демек жалпы тіл білімі мен жеке тіл білімі бір емес, алайда бұл екеунің өз ара байланысы мен қарым-қатынасы әрдайым сақталады.
6. Болмыстағы құбылыстардың бір тобы – жаратылыс кұбылыстары болса, екінші тобы – қоғамдық құбылыстар. Жаратылыс құбылыстарын жаратылыстану ғылымдары (физика, химия, биология, математика т.б.) зерттесе, қоғамдық құбылыстарды - қоғамдық ғылымдар (тарих, философия, психология, логика, саяси экономия, заң, тіл, әдебиет т.б. ғылымдар) зерттейді. Осыған орай, ғылым атаулы, әдетте, екі топка бөлінеді: оның бірі – жаратылыстану ғылымдары, екіншісі – қоғамдық ғылымдар.
тіл білімі - дербес ғылым. Ол әр түрлі қоғамдық және жаратылыстану ғылымдарымен де қарым-қатынаста, өзара байланыста болады.
Тіл білімі, бірінші кезекте,