Тіл білімі және оның зерттеу нысаны, салалары. Тіл білімінің ғылымдар жүйесінде алатын орны, басқа ғылымдармен байланысы



бет3/3
Дата11.12.2023
өлшемі25,18 Kb.
#137172
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
1 практикалық сабақ 1

әдебиетпен байланысты. Өйткені "тіл - әдебиеттің бірінші элементі". Әдеби шығарма лингвистер үшін өте құнды материал. Әсіресе тіл білімінің стилистика саласы әдебиеттанумен тығыз байланысты.
Тіл білімі философиямен тығыз байланысты. Философия тек тіл білімінің ғана емес, күллі ғылымдардың методологиясы болып саналады. Философия да, тіл білімі де барлық құбылыстарды бір- бірімен өзара байланыста қарастырады. Философия табиғат пен қоғам өміріндегі барлық құбылыстар қозғалу, өзгеру, даму күйінде болады деп үйретсе, тіл білімі де тілдік кұбылыстарға солай қарайды. Өйткені тіл де басқа коғамдық құбылыстар сияқты өзгереді, дамиды. Бірақ, ескертетін нәрсе: тілдегі өзгеру тым баяу өтеді. Ал қоғам мен жаратылыстағы өзгерістер тілге қарағанда тезірек өтеді. Тіл білімі психологиямен де байланысты. Психология түйсік пен қабылдауды, ес пен ойды, сезім мен зейінді зерттейді. Ал бұлардың сөйлеу процесіне (оны қабылдап, түсіну процесіне) тікелей қатысы бар. Өйткені біреудің айтқанын қабылдау, оны ұғыну процесі болмаса, қарым-қатынас жасасу, пікір алысу да болмаған болар еді. Лингвистиканың тіл дыбыстарын зерттейтін саласы — фонетика физиологиямен байланысты. Өйткені сөйлеу – дыбыстау мүшелерінсіз (ауыз, тіл, тіс ...) мүмкін емес. Тілдің шығуының өзі алғашкы адамдардың сөйлеу мүшелерінің жетіліп дамуына тәуелді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет