Тіл біліміне кіріспе



Pdf көрінісі
бет13/52
Дата11.04.2023
өлшемі0,71 Mb.
#81405
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   52
Байланысты:
тбк

5. Бісінші дәріс Морфология 
5.1 Морфологияның жалпы мәселелері 
Сөздер өзара байланыспай, бір-бірімен тіркеспей тұрғанда ойды білдіре алмайды. 
Егер олар сөйлем ішінде бір-бірімен байланысса, онда ойды білдіре алады. Сөздердің бір-
бірімен байланысуы, тіркесуі грамматика арқылы, нақтырақ айтсақ, морфология мен 
синтаксис арқылы іске асады. 
Грамматика, ең алдымен, сөздердің бір-бірімен қатынасын білдіреді. Ол қатынас - 
грамматикалық қатынас. Яғни сөйлемдегі сөздер грамматикалық формалар (жұрнақтар, 
жалғаулар) арқылы бір-бірімен байланысып, грамматикалық қатынасқа түседі. Сөйтіп, 
грамматика ойды түсінікті етеді. 
Грамматиканың екі саласы бар: морфология және синтаксис. Морфология — 
сөздердің морфологиялық кұрылымы мен типтері, морфема мен оның түрлері, сөздердің 
түрленуі, олардың формалары, сөз таптары туралы ілім. Ал синтаксис - сөз тіркесі мен 
сөйлем, олардың құрылымы мен түрлері, сөздердің сөйлемдегі қызметі, сөйлем 
мүшелері туралы ілім. 
5.2 Сөздің морфологиялық құрылымы 
Сөздің морфологиялық құрылымына талдау жасау үшін, ең алдымен негізгі 
морфологиялық ұғымдарды біліп алуымыз керек. Ол ұғымдар: морфема, түбір морфема, 
аффикстік морфема - дегендер. 
Морфема дегеніміз - сөздің ары қарай бөлшектеуге келмейтін ең кіші мағыналық 
бірлігі. Морфема түбір морфема, аффикстік морфема болып екіге бөлінеді. 
Мысалы, оның анасы кім? дегендегі ана+сы сөзінде екі морфема бар. Ана — түбір 
морфема, -сы (тәуелдік жалғауы) — аффикстік морфема. Оның деген сөз де солай: о — 
түбір морфема, ның — аффикстік морфема, кім - түбір морфема. Морфемалар мағынасы 
мен қызметі жағынан әр түрлі. |Морфемалардың ішінде негізгі лексикалық мағынаны 
білдіретіндері, грамматикалық мағынаны білдіретіндері де бар. Мысалы, 
үйшіктерге деген сөзінің құрамында төрт морфема бар. Оның біріншісі — үй, ол 
заттық мағынаны білдіреді; екіншісі - шік, бұл кішірейткіш мағынаны білдіреді, 
үшіншісі — тер, көптік мағынаны білдіреді, төртіншісі — ге, бағыт мағынасын 
білдіреді. Бұлардың ішіндегі үй морфемасы
түбір сөз болғандықтан - заттық, 
лексикалық мағынаны, үйшік туынды түбір болғандықтан - лексика-
грамматикалық мағынаны, ал қалғандары (-тер, -ге) аффикстік морфемалар 
болғандықтан - грамматикалық мағыналарды білдіріп түр. Лексикалық мағынаны 
білдіретін морфема түбір морфема немесе негізгі морфема деп аталады да, лексика-
грамматикалық немесе грамматикалық мағыналарды білдіретін морфемалар — 
аффикстік морфема немесе көмекші морфемалар деп аталады. Түрлі тілдердегі түбір 
морфема мен аффикстік морфемалардың табиғаты әр түрлі болып келеді. Мысал 
үшін қазақ тілі мен орыс тілін салыстырып көрелік. Қазақ тіліндегі жаз+у, жаз+ба, 
жаз+ыл+ған деген сөздерді орыс тіліндегі пис+ать, за+пис+ка, пере+пись деген 


22 
сөздермен салыстырсақ, қазақ сөздерінің түбірі жаз — орысша сөздердің түбірі - 
пис. Жаз түбірі өздігінен жеке, сөз ретінде қолданыла алады, ал орыс тіліндегі пис
түбірі өздігінен дербес қолданыла алмай, сөз құрамында ғана (письмо, писание, 
письменный) қолданылады. Оның үстіне пис- түбірі тек заттық мағынаны ғана білдірсе, 
жаз түбірі әрі заттық мағынаны (жаз ісі), әрі лексикалық мағынаны (бір нәрсені хатқа 
түсіру), әрі грамматикалық мағынаны (етістіктің бүйрық райы, екінші жақ) білдіреді. 
Пис- сияқты орыс тілінде дербес қолданыла алмайтын түпкі түбірлерді тіл 
білімінде "өлі түбірлер" деп атайды. Жоғарыда айтылғандарға қарап, қазақ тілінде өлі 
түбірлер мүлде жоқ екен деген қорытынды шықпауға тиісті. Онда да өлі түбірлер бар. 
Бірақ тым аз. Мысалы, бүл+ік, бүл+ін, бүл+дір деген сөздерді бір-бірімен 
салыстырсақ, олардың өлі түбірі - бүл деген де, ал -ік, -ін, -дір дегеңдер - сөз 
тудыратын аффикстер. Семіз, семір сөздерінің өлі түбірі сем-, ал жақ, жан сөздерінің 
өлі түбірі — жа-. Тырдай, жұрдай, нарттай сөздерінің аффикстері - дай да, ал олардыц 
түбірлері — тыр-, жұр-, нарт-. 
Бұлардың өлі түбір болатын себебі - олар өздеріне тиісті қосымшаларынсыз жеке 
тұрып, қолданыла алмайды. Тек қосымшаларымен бірге алынғанда ғана олар сөз 
ретінде ұғынылады. Бұл жерде біз тарихи тұрғыдан алғанда ғана олар түбір бола 
алатындығын айтып отырмыз. Әйтпесе бұлар қазақ тіл білімінде қосымшалармен бірге 
бір сөз ретінде қабылданып кеткен. Сондықтан да, қазақ тіліндегі түбір мейлі 
мағынасы жағынан болсын, мейлі формасы жағынан болсын түбір ретінде де, бір-
бірімен сәйкес келе береді. 
Бұл жердегі "түбір" деген мен "түбір сөз" деген бір емес. Мәселен, орыс 
тіліндегі пис- морфемасы - түбір, ал писать – түбір сөз. Қазақ тіліндегі жаз 
морфемасы — әрі түбір, әрі түбір сөз. Өйткені пис морфемасы дербес қолданыла 
алмаса, жаз түбірі дербес сөз ретінде қолданыла береді. Қазақ тіліндегі бұл қасиет түркі 
тілдері мен ағылшын тіліне де тән.
Жоғарыда біз "пис — түбірі тек заттық мағынаны ғана білдіреді» дегенді 
айттық. Орыс тіліндегі кейбір түбірлер (негізгі морфемалар) мағынаны да білдіруі 
мүмкін. Мұндай жағдайда заттық мағынаны білдіретін түбір лексикалық мағынаны 
білдіретін сөз ретінде қолданылады да, заттық мағына мен лексикалық мағына бір-
бірімен астасып, қабаттасып кетеді. Мысалы, орыс тіліндегі бег (бежать), дар 
(дарить), дом (домик) дегендер - пис түбірі сияқты түбір морфемалар. Солай бола 
тұрса да, бұлар лексикалық мағыналары бар дербес сөздер ретінде де қолданылады. 
Демек, орыс тілінде түбір (корень) деген үғым өз алдына дербестігі жоқ 
пис(писать), веж- (вежливый) тәрізді түбірлерді де, өз алдына дербестігін сақтаған 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет