қа/-ке, -ға/ге аффикстері барыс септік жалғауы екендігі ақиқат. Бірақ олар бүл жерде
сөз түрлендіруші қызметінен айырылып, сөз тудырушы қызметке ауысқан. Сөйтіп,
олар өзі жалғанған сөздерді үстеулерге айналдырған. Тіліміздегі жатыс, шығыс,
көмектес септіктерінің жалғаулары да дәл осындай қызмет атқара алады. Мысалы:
баяғы+да, күн+де, әуел+ден, кенет+тен, төте+сі+нен, рет+і+мен, кезек+пен т.б.
Қазақ тілінде -у жалғауы жалғанған біраз етістіктер тұйық етістік формасынан
зат есімдерге айналған. Мысалы: жабу, егеу, көсеу, қашау, бояу т.б. Бұлардың
құрамындағы -у морфемасы о баста форма тудырушы (тұйық етістік формасы) қосымша
болған. Қазір ол форма тудырушы емес, сөз тудырушы жұрнақ ретінде танылып жүр.
Шындығында да солай. Ол тұйық етістіктің жалғауы бола тұрып, кейінгі ғасырларда зат
есім, сын есім (бітеу, түзу) тудыратын жұрнақтарға айналған. Сондықтан, қазіргі
кезде оны (У морфемасын) қазақ тілі оқулықтарында "тұйық етістіктердің
жұрнағы" деп атайды.
6. Алтыншы дәріс Грамматика. Грамматикалық тәсілдер мен формалар және олардың мағыналары 6.1. Грамматикалық тәсілдер Біз сөзде лексикалық және грамматикалық мағына болады дегенді
айттық.Грамматикалық мағыналар тіл-тілде әр түрлі грамматикалық тәсілдер
арқылы беріледі. Ол тәсілдер мыналар: 1) аффиксация тәсілі, 2) ішкі флексия
тәсілі, 3) қосарлану тәсілі, 4) көмекші сөздер тәсілі 5)сөздердің орын тәртібі тәсілі,
6) екпін тәсілі, 7) интонация тәсілі. 1. Аффиксация тәсілі. Түбірге немесе негізге
аффикстер жалғану арқылы грамматикалық мағынаның берілуі - аффиксация тәсілі
деп аталады. Бұл тәсіл әсіресе түркі тілдерінде жиі қолданылады. Мысалы , -шік, - ғыш, -дыр жұрнақтары қосылып, үйшік, жазғыш, жаздыр деген сөздерде
лексикалық (деривациялық) мағынаны білдірсе, үйлерімізде деген сөзде -лер, -і, -