Он екінші дәріс Қазақстан Республикасындағы Тіл саясаты Қазақстан Республикасындағы «Тіл туралы заң» баспасөзде 1997 ж., 11-
шілдеде жарияланды. Бұл Тіл туралы 2-ші заң, ал алғашқысы 1989 ж. ҚазССР
халық депутаттары Жоғарғы Кеңесінде қабылданған болатын.
Жаңа Заң Қазақстан Республикасында тілдердің қолданылуының құқықтық
негіздерін, мемлекеттің оларды оқып-үйрену мен дамыту үшін жағдай жасау
жөніндегі міндеттерін белгілейді, республикамызда қолданылатын барлық тілге
бірдей құрметпен қарауды қамтамасыз етеді. Осы Заң 6 тарау, 27 баптан тұрады.
Әрбір баптың негізгі қағидасы оның тақырыбында берілген.
1-тарау. Жалпы ережелер 1-бапта осы Заңда қолданылатын негізгі ұғымдар берілген Диаспора - өзінің тарихи Отанынан, тегінен шығу, тысқары елде тұратын
этникалық қауымдастық;
Ономастика – тіл білімінің жалқы есімдерді зерттейтін бөлімі (собственные
имена);
Орфография – дұрыс жазу ережесі, сөйлеген сөздің жазбаша бірізділігін
белгілейтін ережелер жүйесін зерттейді (передача речи на письме);
Топонимика – ономастиканың географиялық объектілерінің, нысандарының
атауларын зерттейтін бөлімі;
Транслитерация – бір графикалық жүйедегі мәтіндер мен сөздерді басқа
графикалық жүйенің құралдарымен әріппе - әріп арқылы беру (побуквенная
передача);
2-бап. Осы Заңның реттейтін мәселесі, тақырыбы Мемлекеттік, мемлекеттік емес ұйымдар мен жергілікті өзін - өзі басқару
органдарының қызметінде тілдерді қолдануға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастар- осы заң реттейтін мәселесі.
3-бап. Қазақстан Республикасындағы тіл туралы заңдар Қазақстан
Республикасындағы
тіл
туралы
заңдар
Қазақстан
Республикасының Конституциясына негізделеді, осы заңнан және де осы мәселеге
байланысты өзге нормативтік құқықтық актілерден тұрады.