55
фразеологиялық
оралымдар қамтылып, олардың мағыналары талданған және
айқындайтындай әдебиеттен мысал берілген. Мақала былайша құрастырылған:
Воспрянуть (восстать) ото сна. Выйти из состояния апатии, подавленности,
застоя, оживиться, пробудиться.
Товарищ, верь: взайдет она, Звезда
пленительного счастья; Россия вспрянет ото сна, И на обломках самовластья
Напишут наши имена. Пушкин, К. Чаадаеву.
Фразеологиялық сөздік бір тілдік түсіндірме сөздік түрінде де, екі тілдік
аударма сөздік түрінде де жасалады.
Фразеологиялық сөз тіркестері белгілі дәрежеде түсіндірме
сөздіктерде де
қамтылады. Фразеологиялық сөз тіркестерін, мақал
мен мәтелдерді өте - мөте
қамтыған сөздік - В. И. Даль құрастырған орыс тілінің түсіндірме сөздігі.
Орыс тілі мен қазақ тілінде және т. б. Тілдерде қанатты сөздердің жинақтары
бар. «Қазақтың қанатты сөздерді» атты жинақта (авторы - Н. Төреқұлов)
фразеологиялық оралымдарды бір түрі - қанатты сөздерге талдау жасалып,
төмендегі түрде түсіндіріледі:
«Шықбермес Шығайбай.
Қазақ ертерек, аңыздарында Шықбермес Шығайтай аты аталады. Бұл -
өз құлқынынан басқаны ойламайтын, ешкімге еш нәрсесін бермейтін, ауысып -
түйіспейтін нағыз барып тұрған сараңдардың бейнесін көрсететін жинақты
ат.
Ел арасында кездесетін осы сияқты сараңдарды қазақ «нағыз Шықбермес
Достарыңызбен бөлісу: