бег, дар, дом тәрізді түбір сөздерді де (пис-, веж-, деген сөздер емес, олар тек
түбірлер) қамтиды. Ал қазақ тілінде пис-, веж- сияқты түбірлер жоқ, онда оқы(-
ған), жаз(-ған), бүлін (-ген) деген тәрізді түбір сөздер бар.
Енді түбір мен негіз деген терминдердің мән-мағынасына келелік.
Түбір (корень) деп - сөздің ешбір жұрнақсыз-ақ, заттық (кейде лексикалық)
мағына бере алатын, ары қарай бөлшектеуге келмейтін түп бөлшегін айтамыз. Мысалы,
письмо, писать, выписка, опись сөздеріндегі пис- морфемасы немесе столик, столовая,
настольный, сөздеріндегі стол - морфемасы түбір болып саналады.
Негіз (основа) деп - сөздің ешбір жалғаусыз-ақ (жұрнақсыз емес) өз алдына
тұрып, лексикалық мағына бере алатын, өзгермейтін, түрленбейтін негізгі
23
бөлшегін айтамыз. Негіз әдетте түбірден де, түбір мен жұрнақтың қосындысынан
да жасалына береді. Яғни, түбір сөз де, туынды сөз де негіз бола алады. Осыған орай
олар түбір негіз, туынды негіз деп те аталынады. Мысалы: дом, холод, один, завтра,
комнат+а, бел+ый, смотре+ть — бұлар түбір негіздер; надомн+ый, комнатушк+а,
холодноват+ый, побелеев+ший посмотре+ть - бұлар туынды негіздер. Болмаса
қазақ тіліндегі егіншіліктің деген сөзді талдап көрелік. Мұның түбірі (түбір негізі) - ек,
бірінші туынды негізі — егін, екінші туынды негізі — егінші, үшіншісі туынды негізі
— егіншілік; ал -тің — аффикстік (көмекші) морфема.
Түбір әр түрлі сөз таптарына ортақ морфема ретінде қызмет ете алады. Мысалы,
бас түбірі бастық, басшы, басшылық, баспа, баспалдақ деген зат есімдердің де,
басты, бассыз деген сын есімдердің де, баста, басқар, бастат деген етістіктердің де
түбірі болып саналады.
Негіз белгілі бір сөз табына жататын әр түрлі формаларға ортақ морфема ретінде
қызмет етеді. Мысалы, басқар+ып, басқар+ғалы, басқар+ған, басқар+ар, басқар+атын
дегендердің бәрі етістіктер. Бұлардың ортақ негізі (основа) — басқар морфемасы. Дәл
осылар сияқты бастық+тар, бастық+қа, бастық+тан, бастығ+ың деген зат есім
формаларының ортақ негізі - бастық сөзі.
Аталған мысалдардан байқалатын бір нәрсе — орыс тіліндегі көптеген негіздердің
құрамында олардың қай сөз табына тән екендіктерін аңғартатындай грамматикалық
көрсеткіштер (аффикстер) болады. Мысалы: комнат +а, комнатушк+а — бұлар зат
есімдер; бел+ый, побелевш+ий - бұлар сын есімдер; смотре+ть, посмотре+ть - бұлар
етістіктер. Егер осы сөздердің кұрамындағы -а, -ый/ий, -ть грамматикалық
көрсеткіштерін негіздерден бөліп алсақ, онда ол негіздер өздігінен дербес қолданыла
алмайды. Ал қазақ тіліндегі негіздердің құрамында ол сөздердің қай сөз табына
қатысты екендігін аңғартатындай грамматикалық көрсеткіштердің болуы шарт емес.
Мысалы: бас — I) зат есім, 2) етістік; бастық- (зат есім, етістік), басшы (зат есім,
етістік); ақ- 1) сын есім, 2) етістік. Соған қарамастан бұл түбір негіздер (бас, ақ) және
туынды негіздер (бастық, басшы) дербес сөз ретінде жеке қолданыла береді.
Бұл құбылыс жалғыз қазақ тілінде ғана емес, бүкіл түркі тілдері мен
ағылшын тілінде де солай. Оны мына салыстырудан көруге болады: книг+а —
кітап — Ьоок; больш+ой — үлкен — big; чита+ть— оқы - read. Мұндағы орыс сөздері
екі морфемадан - аффикстік морфемадан, ал қазақ, ағылшын тілдеріндегі балама
сөздер бір ғана түбір морфемалардан құралған.
Қазақ тіліндегі түбір (негізгі) морфемаларда дербестік бар. Олар дербес сөз
ретінде қолданыла алады. Ал аффикстік морфемаларда мұндай дербестік жоқ.
Олар әрқашан сөз құрамында ғана қолданылады және сөзден тыс ешқандай
мағына білдіре алмайды. Түбір морфема мен аффикстік морфемалардың
тағы бір айырмашылығы — егер аффикстік морфемалар сөздердің белгілі бір
тобының (мысалы, зат есімнің немесе сын есімнің) кұрамында ғана қолданылса,
түбір морфемалар бір емес, әр басқа сөз табына қатысты сөздердің кұрамында
ұшыраса береді. Мысал, білімнен (біл+ім+нен) деген сөздің кұрамындағы -ім және
-нен аффикстік морфемалары сөздердің зат есім деп аталатын тобында ғана
ұшырасса, біл деген түбір морфема сөздердің зат есім (мысалы: білім) тобында ғана
емес, сонымен бірге, етістіктер тобында (білдіру, біліну, білісу), сын есімдер тобында
да (білгіш, білімді) ұшыраса береді. Бір сөзбен айтқанда, аффикстік морфемалар
24
белгілі бір сөз табына ғана телулі болады.
Аффикстік морфемалар мағынасы мен қызметі жағынан түрліше болып
келеді. Олардың ішінде түбір морфемаға жалғанып, ол түбірдің мағынасын нақтылай,
саралай түсетін аффикстер бар. Ол аффикстің атын — жұрнақ деп атайды. Мысалы,
көлшік деген сөздің құрамындағы -шік жұрнағы заттық ұғымды білдіретін көл
деген түбірге жалғанып, оның лексикалық мағынасын нақтылап тұр (ойыс жерге
жиналып қалған су, кішкентай ғана көл).
Сондай-ақ, түбір
морфемаға жалғанып, бір
сөзді
екінші сөзбен
байланыстыратын, олардың өзара қарым-қатынасын білдіретін аффикстер болады.
Олардың атын - жалғау деп атайды. Мысалы, көлдің жағасы дегендегі -дің мен -сы
аффикстері сөз тудырып тұрған жоқ, көл, жаға деген сөздерді бір-бірімен
байланыстырып тұр.
Түбір морфемадан сөз тудыратын аффикстерді - сөз тудырушы аффикстер дейміз.
Сөз тудырушы аффикстердің мағынасы деривациялық мағына деп аталады. Сөз бен
сөзді байланыстырып, олардың бір-біріне қатынасын білдіретін аффикстер — сөз
түрлендіруші аффикстер, ал олардың грамматикалық мағыналары реляциялық
мағына деп аталады.
Сөйтіп, аффикстер (аффикстік морфемалар) екі үлкен топқа бөлінеді екен. Олар:
жұрнақ пен жалғау. Жұрнақ (суффикс) — сөз тудырады, ал жалғау (окончание
немесе флексия) — сөз түрлендіреді. Ескерте кететін нәрсе — жұрнақтардың ішінде
де жаңа сөз тудырмай, сөз формасын өзгертетін, сөздерді бір-бірімен байланыстырып
тұратын жүрнақтар болады. Мәселен, қазақ тіліндегі көсемше, есімше жұрнақтары
сондай жұрнақтар. Мысалы: кел+іп кетті, жүр+гелі отыр, т.б.
Әрбір жеке тілде олардың грамматикалық құрылысының ерекшеліктеріне
қарай жұрнақ үш түрге жіктелінеді. Олар: 1)приставка, 2) инфикс, З) суффикс
(постфикс). Префикс түбірдің алдына қосылады. Мысалы: в+ходи+ть, ис+ходи+ть,
на+ходи+ть, по+ходи+ть, с+ходи+ть, у+ходи+ть, со+труд+ник/ница,
пре+по+дава+тель+ница. Инфикс түбірдің ішіне қыстырылады. Бұл латын тілінде бар,
орыс тілінде жоқ. Ал суффикс түбірден соң жалғанады. Мысалы: бала+лық,
жылқы+шы, работ+ник, учи+телъ, дом+ик.
Орыс тілінде префикс пен суффикс бар. Казақ тіліндегі жұрнақ орыс тіліндегі
суффикске сәйкес келеді де, түбірден соң жалғанады. Түркі тілдерінде орыс тіліндегі
тәрізді префикстер жоқ. Түркі тілдерінің бірі — казақ тіліндегі бей+маза, бей+таныс,
бей+уак, бей+хабар, на+разы, на+мақүл деген сөздердің құрамындағы бей-, -на
морфемаларының префикс екендігі рас. Бірақ ол қазақ тілінде префикс ретінде қызмет
атқармайды. Бей-, на- префикстері иран тілдерінен енген сөздердің құрамында ғана
қолданылып, сол сөздермен бірге келген, бөлшектенбейтін біртұтас тұлға (форма)
ретінде ұғынылады.
Жалғаулардың жұрнактардан айырмашылығы — жұрнақгар сөз тудырса,
жалғаулар форма тудырады. Сөз тудырушы жұрнақ өзі жалғанған сөзіне жаңа
мағына үстеп, туынды сөз жасайды.
Жасалған туынды сөздердің әрқайсысы дербес лексикалық бірлікке (сөзге)
айналып, бүтін сөз ретінде қаралады. Мысалы, су деген түбірге жұрнақ жалғасақ,
су+лы, су+лык, су+ла, су+лан+дыр+у деген туынды сөздер жасалады. Бұлардың
мағыналары әр басқа. Ал сол су деген түбірге жалғау жалғасақ, су+ға, су+ым, су+лар
25
деген сөз
формалары жасалады. Бұл соңғы сөздердің лексикалық мағыналары — біреу
ғана, ал формалары - әр түрлі. Ол жалғаулар тек грамматикалық мағыналар
туғызады. Айталық, су+ға дегенде - септік мағына, су+ым дегенде — тәуелділік
мағына, ал су+лар дегенде - көптік мағына бар.
Жалғаулар әр уакыт тек грамматикалық мағына туғызады десек біз қателесеміз.
Кейде оның жұрнақ орнына жұмсалып, лексикалық мағына да туғызатын кездері болады.
Мысалы, босқа, текке, бекерге, кешке деген сөздерді тарихи түрғыдан бос+қа, тек+ке,
бекер+ге, кеш+ке деп, түбір және аффикстік морфемаларға жіктеуге болады. Мүндағы -
Достарыңызбен бөлісу: |