26
емес, бірден бірнеше мағынаны білдіре алады. Мысалы, гост+ям деген сөздегі -ям
аффиксі әрі барыс септігінің (дател.падеж), әрі зат есімнің көпше түрін
білдіреді
(гости+ям гостям). Барыс септігінің жекеше түрі — ю (гост+ю). Қазақ тіліңде бұлар
(көптік мағына мен барыс септігі) өз алдына бөлек-бөлек аффикстер арқылы беріледі:
конақ+тар+ға. Ол аффикстер бірінің үстіне бірі жалғана береді.
Бұл - түркі тілдеріндегі аффикстер негізінен алғанда дара мағыналы сөз болады
деген сөз. Алайда түркі тілдерінде бірнеше грамматикалық
мағынаны білдіретін
аффикстердің де бар екендігін жоққа шығаруға болмайды. Мысалы: жер жырттық, егін
салдық дегеңдердегі -қ аффиксі әрі жақтық (1-ші жақ, жіктік жалғауы),
әрі көпше
мағынаны білдіреді. Кездесеміз, сөйлескенбіз дегендердегі –міз бен -біз аффикстері де дәл
осындай. Бірақ түркі тілдерінде бірден бірнеше грамматикалық мағынаны білдіретін бұл
тәрізді аффикстер орыс тіліне қарағанда сирек ұшырасады.
Ескертетін нәрсе: түркі тілдерінде бір сөздің құрамыңда бірнеше аффикс
қабаттасып келсе, түбірге алдымен жұрнақтар, онда да сөз тудыратын жұрнақтар (ес-кер),
содан кейін сөз түрлендіретін жұрнақтар (ескер+іп), ақырында сөз түрлендіретін
жалғаулар (ескеріп+піз) жалғанады. Сөз құрамында бірнеше сөз түрлендіретін
жалғау
қабаттасып келсе, алдымен көптік жалғауы, одан соң тәуелдік жалғауы, мұнан соң септік
жалғауы, оның үстіне жіктік жалғауы жалғанады. Мысалы: ауыл+дар+ыңыз+дан+быз.
Орыс тілінде түбір мен аффикс бір-бірімен әбден жымдаса, кіріге қосылса (бег -
бежать), түркі тілдерінде олар жай ғана жалғаса қосылып,
морфемалардың ара жігі
аңғарылып тұрады (жүгір- жүгірді - жүгірген). Осыған орай,
орыс тіліндегі
түбір мен аффикстердің
жымдаса, кіріге қосылуы - фузия (лат. балқу, еру) деп аталса,
түркі тілдеріндегі жалғаса қосылу —
агглютинация деп,
фузия үнді, еуропа
тілдеріне тән, агглютинация түркі, монғол, угоро-фин тілдеріне тән.
Достарыңызбен бөлісу: