Тіл біліміне кіріспе


Он екінші дәріс Қазақстан Республикасындағы Тіл саясаты



Pdf көрінісі
бет47/52
Дата11.04.2023
өлшемі0,71 Mb.
#81405
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   52
Байланысты:
тбк

Он екінші дәріс Қазақстан Республикасындағы Тіл саясаты 
 
Қазақстан Республикасындағы «Тіл туралы заң» баспасөзде 1997 ж., 11-
шілдеде жарияланды. Бұл Тіл туралы 2-ші заң, ал алғашқысы 1989 ж. ҚазССР 
халық депутаттары Жоғарғы Кеңесінде қабылданған болатын.
Жаңа Заң Қазақстан Республикасында тілдердің қолданылуының құқықтық 
негіздерін, мемлекеттің оларды оқып-үйрену мен дамыту үшін жағдай жасау 
жөніндегі міндеттерін белгілейді, республикамызда қолданылатын барлық тілге 
бірдей құрметпен қарауды қамтамасыз етеді. Осы Заң 6 тарау, 27 баптан тұрады. 
Әрбір баптың негізгі қағидасы оның тақырыбында берілген.
1-тарау. Жалпы ережелер 
 
 
1-бапта осы Заңда қолданылатын негізгі ұғымдар берілген 
 
Диаспора - өзінің тарихи Отанынан, тегінен шығу, тысқары елде тұратын 
этникалық қауымдастық; 
Ономастика – тіл білімінің жалқы есімдерді зерттейтін бөлімі (собственные 
имена);
Орфография – дұрыс жазу ережесі, сөйлеген сөздің жазбаша бірізділігін 
белгілейтін ережелер жүйесін зерттейді (передача речи на письме); 
Топонимика – ономастиканың географиялық объектілерінің, нысандарының 
атауларын зерттейтін бөлімі; 
Транслитерация – бір графикалық жүйедегі мәтіндер мен сөздерді басқа 
графикалық жүйенің құралдарымен әріппе - әріп арқылы беру (побуквенная 
передача); 
2-бап. Осы Заңның реттейтін мәселесі, тақырыбы 
Мемлекеттік, мемлекеттік емес ұйымдар мен жергілікті өзін - өзі басқару 
органдарының қызметінде тілдерді қолдануға байланысты туындайтын қоғамдық 
қатынастар- осы заң реттейтін мәселесі. 
3-бап. Қазақстан Республикасындағы тіл туралы заңдар 
 
Қазақстан 
Республикасындағы 
тіл 
туралы 
заңдар 
Қазақстан 
Республикасының Конституциясына негізделеді, осы заңнан және де осы мәселеге 
байланысты өзге нормативтік құқықтық актілерден тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет