Тіл біліміне кіріспе



бет30/45
Дата16.10.2022
өлшемі0,75 Mb.
#43424
түріКонспект
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   45
V. Түркі тілдері семьясы. Бұлар ең алдымен а) батыс хун бүтағы және ә) шығыс хун бұтағы деп, екіге топтастырылады:
А. Батыс хун бұтағы төртке бөлінеді:

  1. Оғыз (Оңтүстік Батыс) тобы: түрікмен, азербайжан, түрік, гагауз.

  2. Қыпшақ (Солтүстік Батыс) тобы: қазақ, қарақалпақ, татар, башқұрт, ноғай, карайым, құмық, қарашай, балқар, қырым татарлары.

  3. Қырғыз-қыпшақ тобы: қырғыз, алтай.

  4. Бұлғар тобы: чуваш.

Ә. Шығыс хун бұтағы екіге бөлінеді:

  1. Қарлұқ (Оңтүстік Шығыс) тобы: өзбек, жаңа ұйғыр.

  2. Ұйғыр-оғыз (Солтүстік Шығыс) тобы: якут, тува, хакас, шор, көне ұйғыр.

ҮІ. Монгол тілдері семьясы. Оған мына тілдер енеді: монғол, бурят, қалмақ, моголь (Ауғанстан), монгор (Қытай), дагур (Солтүстік Шығыс Қытай).
ҮІІ. Тұңғыс-манжұр (тунгус-маньчжур) тілдері семьясы. Бұл тілдер екі топқа бөлінеді.

  1. Тұңғыс тобы: эвенк, эвен, орок, ороч.

  2. Манжур (маньчжур) тобы: манжүр, негидаль, нанай, удэгей, ульч т.б.

ҮІІІ. Қытай-тибет тілдері семьясы. Бұлар да екі топқа бөлінеді:

  1. Тай-қытай тобы: қытай, дүнген, тай, лаос, въетнам.

  2. Тибет-бирма тобы: тибет, бирма, лоло, акха, тангут, качин

IX. Палеоазиат тілдері семьясы. Бұл үш топқа бөлінеді:

  1. Чукот-камчат тобы: алютор, ительмен, коряк, чукот тілдері.

  2. Эскимос-алеут тобы: алеут, эскимос.

  3. Нивх-юкагир тобы: кет, нивх, юкагир.

X. Самоди тілдері семьясы. Бұған ненец, энец, тавгий, нганасан, селькуп тілдері жатады.
Бұл семьялардың ешқайсысына жатпайтын тілдер де бар. Олар: жапон, корей, т.б. тілдері. Себебі бұлар әлі тұгел зерттелініп біткен жоқ. Зерттеушілердің айтуынша жапон, корей тілдерін алтай тілдері тобына жатқызуға болатын сияқты.
"Алтай тілдері" демекші, кейбір ғалымдар жоғарыда аталған біраз тілдер семьяларын біріктіріп, Алтай тілдері және Орал тілдері деп екіге бөледі де, Алтай тілдеріне: түркі, монгол, түңғыс-манжүр, корей, жапон тілдерін, ал Орал тілдеріне: фин-угор, самодей, дарвид (Үндістанда) тілдерін жатқызады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет