Тіл біліміне кіріспе


Он екінші дәріс Қазақстан Республикасындағы Тіл саясаты



бет42/45
Дата16.10.2022
өлшемі0,75 Mb.
#43424
түріКонспект
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45
Байланысты:
Жармакин-О.-Тіл-біліміне-кіріспе

Он екінші дәріс Қазақстан Республикасындағы Тіл саясаты

Қазақстан Республикасындағы «Тіл туралы заң» баспасөзде 1997 ж., 11-шілдеде жарияланды. Бұл Тіл туралы 2-ші заң, ал алғашқысы 1989 ж. ҚазССР халық депутаттары Жоғарғы Кеңесінде қабылданған болатын.


Жаңа Заң Қазақстан Республикасында тілдердің қолданылуының құқықтық негіздерін, мемлекеттің оларды оқып-үйрену мен дамыту үшін жағдай жасау жөніндегі міндеттерін белгілейді, республикамызда қолданылатын барлық тілге бірдей құрметпен қарауды қамтамасыз етеді. Осы Заң 6 тарау, 27 баптан тұрады. Әрбір баптың негізгі қағидасы оның тақырыбында берілген.


1-тарау. Жалпы ережелер


1-бапта осы Заңда қолданылатын негізгі ұғымдар берілген
Диаспора - өзінің тарихи Отанынан, тегінен шығу, тысқары елде тұратын этникалық қауымдастық;
Ономастика – тіл білімінің жалқы есімдерді зерттейтін бөлімі (собственные имена);
Орфография – дұрыс жазу ережесі, сөйлеген сөздің жазбаша бірізділігін белгілейтін ережелер жүйесін зерттейді (передача речи на письме);
Топонимика – ономастиканың географиялық объектілерінің, нысандарының атауларын зерттейтін бөлімі;
Транслитерация – бір графикалық жүйедегі мәтіндер мен сөздерді басқа графикалық жүйенің құралдарымен әріппе - әріп арқылы беру (побуквенная передача);
2-бап. Осы Заңның реттейтін мәселесі, тақырыбы
Мемлекеттік, мемлекеттік емес ұйымдар мен жергілікті өзін - өзі басқару органдарының қызметінде тілдерді қолдануға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастар- осы заң реттейтін мәселесі.
3-бап. Қазақстан Республикасындағы тіл туралы заңдар
Қазақстан Республикасындағы тіл туралы заңдар Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы заңнан және де осы мәселеге байланысты өзге нормативтік құқықтық актілерден тұрады.
4-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі.
Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын тіл.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет