Тіл біліміне кіріспе



бет39/45
Дата16.10.2022
өлшемі0,75 Mb.
#43424
түріКонспект
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   45
Байланысты:
Жармакин-О.-Тіл-біліміне-кіріспе

11.1 Түсіндірме сөздік
Түсіндірме сөздік қазіргі әдеби тілдегі жиі және жалпылама қолданылатын сөздерді қамтып, олардың мағынасын талдап, түсіндіруді мақсат етеді.
Түсіндірме сөздікте сөздер семантикалық, грамматикалық және стилистикалық тұрғыдан түсіндіріледі.
Сөздікке еңгізіліп, мағынасы түсіндірілетін сөз реестр сөз деп аталады. Әрбір реестр сөзден кейін ол сөздің қай сөз табына қатысты екенін көрсететін белгілер қойылады. Егер сөз белгілі бір стильге тән болса, оған стилистикалық мінездеме беріліп, тиісті белгі қойылады. М., зат. (зат есім), сын. (сын есім), үс. (үстеу) және т. б., одан кейін ол сөзге анықтама беріледі, анықталғаннан кейін сол сөздің мағынасын ашатындай әдебиеттен мысалдар, цитаталар беріледі, оны сөздік мақала (словарная статья) дейді.
“Қазақ тілінде түсіндірме сөздіктің” І томы 1959 жылы, ал ІІ томы 1961 жылы жарыққа шықты. Сөздіктің жалпы редакциясын басқарған І. Кеңесбаев “Кіріспе” мақаласында былай дейді: “Сөздік қазіргі қазақ әдеби тілінің сөздігі қорындағы барлық сөзді, сөздік құрамындағы жиі қолданылатын сөздің денін қамтып, жеке сөздердің мәнін, сырын, сипатын ашу, мағынасына түсініктеме беруді мақсат етеді. ”
Бұл сөздер қазақ тілінде түсіндірме сөздікті жасаудың ең алғашқы тәжірибесі болғандықтан, кемшіліксіз де емес. Полисемантизм, омоним сөздерді шатастырушылық, сөздердің стильдік - мінездерін аңғартарлық белгілердің аз болуы, басқа тілден кірген сөздердің қай тілден алынғаны көрсетілмеуі сияқты кемшін жақтары бар.


11.2 Диалектологиялық сөздік
Диалектологиялық сөздік әдеби тілдің лексикасынан тыс жатқан, бірақ ұлттық тілдің жергілікті тармақтары болып табылатын диалектілер немесе говорларға тән сөздер мен сөз тіркестерін қамтиды. Белгілі бір диалектілерге тән сөздерді жинап, олардың сөздігін құрастырудың және оларды жете білудің тілдің тарихи даму жолдарын, оған тән заңдылықтарды айқындауда үлкен мәні бар. Ұлт тілінің ішіндегі жергілікті диалектілерге тән әр түрлі ерекшеліктерді салыстыру тілдің тарихи дамуын танып білуге көмектеседі.
Қазақ тілінде «Қазақ тілінің жергілікті ерекшеліктері (лексика)» деген атпен 1965 жылы жергілікті диалект сөздердің жинағы шықты.
Ж. Досқараевтің диалектологиялық сөздік түрінде жазылған жоғарыда аталған еңбегінен бінеше мысал:
«Далан. Сенек, ауыз үй, кіре берістегі бөлме: балалар даланда отыр (балалар сенекте отыр). Далан кішкене болғандықтан кейбір нәрсе үйде тұрады (Кег. АЛОМ). Далан сөзі кейбір түркі тілдерінде де бар: қырғызша далан ауыз үй, алдыңғы бөлме (Киргизско - русский словарь, 1940); түрікменше далан - үй алды (веранда, баллон) (Туркменско - русский словарь, 1940) және т. б.»
«Мият. Болысу, біреудің сөзін сөйлеу, жақтау; сен оған мият болма; миятшылық істеме. «Мият, мияттың түбі ұят» (Шу ШҚОМ). Мият сөзі қырғыз тілінде де көрсетілген мағынада қолданылады (Киргизско - русский словарь, 1940). Бұл сөз (мият) оңтүстіктегі халықтың сөйлеу тілінде бірнеше сөз тіркесінде қолданылады: мият болу, мият болып бірігу, миятка шақыру т. б.»
Сөздіктегі шартты түрде қысқартылып алынған сөздерге түсінік:
Кег. АЛОМ. - Кеген, Алматы отрядінің материалы.
Шу. ШҚОМ. - Шу, Шу - Қараал отрядінің материалы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет