Тіл білімінің зерттеу нысаны


“Қоғамдық шарттасу”теориясы



бет3/8
Дата15.12.2023
өлшемі54,14 Kb.
#139764
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
ТБК ЖАУАПТАРЫ (копия) 4

4. “Қоғамдық шарттасу”теориясы:
Бұл теория бойынша алғашқы адамдар сөздерді өздері өз ара келісіп таңдап алған да, осыдан келіп тіл жасаған. Бұл теорияны жақтаушылар тілдің шығуында адамдардың саналы қызметі айрықша қызмет атқарады деп ойлап саналықтың өзі тілмен бірге туып, тілмен бірге дамитындығын ескермейді
5. “Еңбек айқайы”теориясы:XIXғ. Людвиг Нуаре, Карл Бюхер
Тілдің шығуы туралы еңбек теориясының авторлары адамдардың еңбек актілерімен қатар шығарған айқайынан, ең алдымен етістік сөздер жасалған деп байымдайды. Бұл теорияның қателігі сол оның авторлары тілді қатынас құралы ретінде емес, тек қана еңбекті қостаушы екінші қатардағы көмекші құрал ретінде қарап, тілдің шығуын осы соңғы позиция тұрғысынан түсіндіреді. Олардың тілдегі алғашқы сөздер етістіктер еді деген қөзқарасының да ешбір ғылыми негізі жоқ. Еңбек процесінде шыққан рефлексті айқайлардың тілге тән ешбір белгілері мен қызметтері жоқ. Олар ешбір ұғымды білдіре алмайды, және қатынас жасауға қажетті қызмет те атқара алмайды.
5. Тілдің таңбалық сипаты. Тілдік таңбалар мен шарттытаңбалар жүйесі:
Таңба-шартты белгі мағынасын білдіреді.Семиотика — хабаршы таңбалар туралы жалпы теориялық ғылым. Ол таңбалардың табиғатын, жүйесін, түрлерін, қолдану процесіндегі құбылыстарын, таңбалардың бір-бірімен және өздері білдіретін мағынамен қарым-қатысын зерттейді.Тілдік семиотиканың объектісі — тілдің таңбалық сипатын зерттеу, тілдік таңбалардың тек өзіне ғана тән белгілерін, басқа таңбалар жүйелерінен ерекшеліктерін, таңбаның өзі білдіретін хабармен қарым-қатысын ашу.Барлық басқа таңбалар сияқты тілдік таңба да сезім мүшелерінің біріне білінетін материалды болады, бір нәрсе жайын хабарлайды, коммуникативтік қызмет атқарады, белгілі бір мағынаға, мазмұнға бағытталады, онымен шартты қатынаста болады, өзі білдіретін мағынамен қатынасы еркін болады, олардың арасында табиғи байланыс болмайды, өз жүйесіндегі басқа таңбалардан бір немесе бірнеше айырым белгілері арқылы жекеленіп танылады.
Тілдік және соның бір көрінісі болып есептелетін субституттық (материалдық) таңбалар — лингвистикалық семиотиканың негізгі объектісі болып табылатын негізгі таңбалар. Олардың көмекші таңбалардың барлық түрлерінен де ерекше тұратын көптеген күрделі өзгешеліктері бар, сондықтан оларды ерекше бөліп алып қарау қажет.Сонымен, семиотикалық сипаты жағынан тілдік тұлғаларды таңбалар жүйесі, фигуралар жүйесі деп екіге белуге болады. Таңбалар жүйесіне сездер, сөйлемдер жатады да, фигуралар жүйесіне фонемалар мен морфемалар жатады. Бұлардың алдыңғылары екі жақты тұлғалар да, соңғылары таңба құрайтын материалдар болғандықтан бір жақты тұлға болып есептеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет