Бастауыштың қатысу-қатыспауына қарай жайсөйлем жақты және жақсыз болып бөлінеді.
Бастауышы қатысқан немесе жасырынтұрғанда баяндауышы арқылы қиыстырабайланыстырып табуға болатын сөйлем жақты сөйлемдеп аталады.
Жақты сөйлемнің негізгі белгілері: 1)баяндауыштарыбастауышпен жақ жағынан қиыса байланысады. Мысалы: Бұлкезде тоғай дакемелінекеліптолықсыптұрады.Қайсардыңшешесі Бәденапай –шалқыпсөйлейтінадам. 2) жақты сөйлемдердің бастауыштары сөйлем ішіндеерекше айтылмаса да, оның қай сөз екені айқын болып тұрабереді. Мысалы: Біркездеқасқааттықалттоқтатып,артынабұрылды.Былтыржаздадемалысалып,ауылғабардым. Біріншісөйлемде бастауыш ашықайтылмағанмен, баяндуышына қарап ол, ал екіншісөйлемде мен деген жіктеу есімдігі екенін тауып алуғаболады. Сонымен, жақты сөйлемнің құрамындабастауыш болады.
Бастауыш қатыспайтын, сөйлемге баяндауыш негізболатын сөйлем жақсыз сөйлем деп аталады. Мысалы: МеніңТортайдыңқасынанкеткімкелмеді. Жақсыз сөйлемнің баяндауышының жасалу жолдары: 1) -қы, -ғы, кі, -гі жұрнақты қалау райлы етістіктенжасалады. Мысалы: Баланыңбілгенүстінебіле түскісі келді. 2) барыс септікті тұйық етістікке бол, жара, тура, кел көмекші етістіктердің тіркесуі арқылы жасалады. Мысалы: Бұлжұмыстыоған тапсыруға болады.Бізгешындықты айтуға тура келді. 3) есімше, көсемше тұлғалы етістікке керек, жөн, мүмкін, қажет деген бейтарап сөздердің тіркесуі арқылыжәне бол етістігі көмекші болу арқылы жасалады. Мысалы: Әржұмыстыөзуақытында бітіргенжөн. Тапсырмағатиянақты дайындалу керек. Болғанжайдыжасырмай айтып беруі мүмкін. 4) -ып, -іп, -п көсемше тұлғалы етістікке бол көмекшіетістігінің тіркесуінен жасалады. Мысалы: Оныңмінезін түсініп болмайды. 5) баяндауыштың құрамында тұрақты тіркес – идиома – болады. Мысалы: Жарасбайдыңөзіноққабайлапотырғанына көзі жетті. Тұрлаусыз мүшелердің қатысу-қатыспауына қарай жайсөйлем жалаң және жайылма болып бөлінеді.
Тұрлаусыз мүше қатыспайтын, тек тұрлаулы мүшеден – бастауыш пен баяндауыштан – ғана құралғансөйлем жалаң сөйлем деп аталады. Мысалы: Есілтасыпжатыр. Жағасы–бал-құрақ. Атыжүйрік екен. Тұрлаулы мүшемен бірге тұрлаусыз мүше қатысқансөйлем жайылма сөйлем деп аталады. Мысалы: Жақпартастыңарасындасарымсақөседі.Түнібойыақжауынсіркірептұрды. Ойға қатысты айтылатын сөйлем мүшелерінің қатысу-қатыспауына қарай жай сөйлем толымды жәнетолымсыз болып бөлінеді.
Ойға қатысты айтылуға тиісті сөйлем мүшелері толыққатысқан сөйлем толымды сөйлем деп аталады. Мысалы: ЖайлаудыңжадырағанашықкүндерініңбіріндеТортайекеумізбұзаубағуғашықтық. Бұл сөйлемде ойғақатысты айтылуға тиіс сөйлем мүшелері толық қатысыптұр.
Айтылатын ойға қатысты сөйлем мүшесінің бірі түсіпқалған сөйлем толымсыз сөйлем деп аталады. Толымсызсөйлемдер диалог жағдайында көп кездеседі. Мысалы:
– Атыңды сатамысың? – Сатамын. Түсіп қалған немесе қажет сөзді орнынақойғанда толымсыз сөйлем толымды сөйлемге айналады.
Бастауыш пен баяндауыштан құралмай, заттың, құбылыстың, мезгілдің, мекеннің атауын білдіретін сөзден, сөз тіркесінен жасалған сөйлем атаулы сөйлем депаталады. Мысалы: Қоңыркүз.Жоллайсаң. 16желтоқсан. 1986жыл.Автобекет.Сапырылысқанхалық.
38. Құрмалас сөйлем және оның түрлері
Құрамындағы жай сөйлемдердің салаласа, сабақтасабайланысуына орай құрмалас сөйлемдер: салаласқұрмалас, сабақтас құрмалас және аралас құрмаласболып үш түрге бөлінеді.
САЛАЛАС ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМ
Құрамындағы жай сөйлемдерінің мағыналық қарым-қатынасына қарай салалас құрмалас сөйлем алты түрге бөлінеді: 1) ыңғайлас салалас, 2) себеп-салдар салалас; 3) қарсылықты салалас, 4) кезектес салалас, 5) түсіндірмелі салалас; 6) талғаулы салалас.
САБАҚТАС ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМ
Құрамындағы жай сөйлемдерінің алғашқысының баяндауышы тиянақсыз болып, соңғысына бағына байланысқан құрмалас сөйлемнің түрі сабақтас құрмалас деп аталады.
Сабақтас құрмалас сөйлем құрамындағы бағыныңқы мен басыңқы сөйлемдерінің мағыналық қарым-қатынасына қарай алты түрге бөлінеді: 1) шартты бағыныңқы; 2) қарсылықты бағыныңқы; 3) себеп бағыныңқы; 4) мезгіл бағыныңқы; 5) қимыл-сын бағыныңқы; 6) мақсат бағыныңқы.
1. Шартты бағыныңқы сабақтас. Құрамындағы жай сөйлемдерінің біріншісі екіншісіндегі істің орындалу не орындалмау шартын білдіретін құрмаластың түрі шартты бағыныңқы сабақтас деп аталады. Мысалы: Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей. Шартты бағыныңқы сабақтастың құрамындағы жай сөйлемдердің бағыныңқы сыңарының баяндауышы тиянақсыз болып, сабақтаса байланысады. Шартты бағыныңқы сабақтас сөйлемнің сыңарларының арасына үтір қойылады.
2. Қарсылықты бағыныңқы сабақтас. Қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемнің бағыныңқы сыңары мен басыңқы сыңары бір-біріне қарама-қарсы мағынада қолданылады. Қарсылықты бағыныңқы сабақтастың бағыныңқы сыңары қайтсе де, не етсе де, қайткенмен, не еткенмен, қайткенше, не еткенше, қайткеніне (не еткеніне) қарамастан, қайте тұра, не ете тұра? сұрақтарына жауап береді. Жұмыс уақыты әлдеқашан аяқталса да, (қайтсе де?) Рахмет пен Лиза ертеңгі жиналыстың барысын талдап ұзақ отырды. Теңіз бетінен қаншама биік болғанмен (қайткенмен?), осы өңірдің кез келген жерінен су шығады.
3. Мезгіл бағыныңқы сабақтас. Құрамындағы жай сөйлемдердің біріншісінде айтылған іс екіншісінде айтылған істің мезгілін білдіретін құрмаластың түрі мезгіл бағыныңқы сабақтас деп аталады.Мезгіл бағыныңқы сабақтастың құрамындағы жай сөйлемдер сабақтаса байланысады. Мезгіл бағыныңқы сабақтас сөйлемнің бағыныңқы сыңары қашан, қашанға дейін, қашаннан бері, қай кезде? деген сұрақтарға жауап береді.
4. Себеп бағыныңқы сабақтас. Бағыныңқысы басыңқыдағы айтылған ойдың себебін білдіреді. Мысалы: Қожық Көкшетау оязына қарайтын жерде отырғандықтан, Есенейдің қолына түспей кетті. Осы құрмалас сөйлемдегі Қожық Көкшетау оязына қарайтын жерде отырғандықтан деген алғашқы сөйлем Есенейдің қолына түспей кетті деген екінші сөйлемнің себебін білдіріп тұр.Себеп бағыныңқы сабақтас неліктен? не себепті? неге? не деп? деген сұрақтарға жауап береді.
5. Қимыл-сын бағыныңқы сабақтас. Құрамындағы жай сөйлемдердің бағыныңқысы басыңқыдағы істің, қимылдың қалай орындалғанын білдіретін құрмаластың түрі қимыл-сын бағыныңқы сабақтас деп аталады. Мысалы: Күн батар алдында балықшы жігіт сыртқа әлденеше рет шығып, биік жар басынан теңіз жаққа көз салды.Қимыл-сын бағыныңқы сабақтастың бағыныңқы сыңарына қалай, қайтіп? деген сұрақтар қойылады.
6. Мақсат бағыныңқы сабақтас. Құрамындағы жай сөйлемдердің бағыныңқысы басыңқыдағы істің, қимылдың мақсатын білдіретін құрмаластың түрі мақсат бағыныңқы сабақтас деп аталады. Мысалы: Жалпақ ел жауабын өз аузынан айтпақ болып (не етпек болып?), ұлыққа таң атпай келіп еді.
Мақсат бағыныңқы сабақтастың бағыныңқы сыңарларына не үшін, не мақсатпен, не деп, неге? сұрақтары қойылады.
39. Тілдердің генеологиялық классификациясы
40. Тілдердің типологиялық классификациясы
41. Ғалымдардың тілдің табиғаты туралы тұжырымдарынкластер арқылы түсіндіріңіз
42. Прономиналдану құбылысын түсіндіріңіз. Мысалдаркелтіріңіз
43. Қазақ жазуының даму кезеңдерін кластер арқылытүсіндіріңіз
44. Тілдік таңбалар мен шартты таңбалардыңайырмашаылықтары мен ұқсастықтарын Венн диаграммасы арқылы түсіндіріңіз
45. Тілдің табиғаты туралы ғылыми тұжырымдарғаталдау жасаңыздар
46. Субстантивтену құбылысын мысалдар арқылыт.үсіндіріңіз
47. Тілдің құрылымы мен жүйесін, жүйеаралыққатынастарды кестеге салып көрсетіңіз
48. Үндестік заңын басқа тілдермен салыстыра отырыптүсіндіріңіз
49. Ассимиляция және диссимиляция құбылыстарынмысалдар арқылы түсіндіріңіз
50. Қазақ тіл біліміндегі тарихи-салыстырмалызерттеулер
51. Сөз тіркесінің түрлері. Фразеологиялық тіркестіңбасқа тіркестерден айырмашылығы
52. Қазақ тіліндегі сан-мөлшер категориясы
53. Дисфемиз және эвфемизим құбылыстары
54. Пиктографиялық жазудың бүгінгі элементтері. Көнеескерткіштердегі жазбалардың маңызы
55. Агглютинативті тілдердің құрылымдық ерекшеліктері
56. Түркі тілдері семьясының ареалдық жіктелімі
57. Ф.де Соссюрдің лингвистикалық тұжырымдарынаталдау жасаңыз
58. Тіл біліміндегі натуралистік көзқарастар. А.Шлейхар. Ф.Бопптың тілдің табиғаты туралы тұжырымдары
59. А.Байтұрсынұлы және қазақ терминологиясы