Мұғалім балалардың қыс мезгілін жақсы көретін, көрмейтіндерін сұрайды. Оқушылар өз ойларын айтады.
Сурет бойынша сөйлем құрастырғызылады. Оларға дұрыс бағыт беру үшін мұғалім өзі сұрақ қояды: Суретте жылдың қай мезгілі көрсетілген? Ауа райы қандай деп ойлайсыңдар? Неліктен күн жақсы деп ойлайсыңдар? Балаларға ат қойыңдар. Балалар қалай ойнап жүр?
Тақтада мынадай сұрақтар жазу керек: Ауа райы қандай еді? Балалар қайда шықты? Асқар шаңғы теуіп жүріп қайтті? Қуаныш қалай ойнап жүр? Мұз үстіндегі балалар не істеп жүр? Сен қыстыгүні қалай ойнағанды жақсы көресің?