Жазу әрекетін бағалау тәсілдері
Жазу әрекетін бағалауда ұсынылатын жұмыс түрлері:
көшіріп жазу;
белгілі бір тапсырмаларды орындай отырып көшіру;
естігенді жазып ала білу;
диктант жазу;
тақырып бойынша, мәтін бойынша түсінгенін немесе тиісті тапсырманы орындай отырып жазу;
мәтіннің мазмұнын толық жазу;
мазмұндама жазу;
шығарма, мақала жазу;
резюме, реферат жазу;
жоспар құру:
жай сөйлемдерді құрмалас сөйлемдерді, төл сөздерді қолданып жазу;
іс қағаздарын жазу;
орфоэпия мен еміле нормаларын сақтап жазу.
ІІІ.Мазмұндама нормалары
Сыныбы
|
Мазмұндама саны
|
Сөздер саны
|
5
|
2
|
4 немесе 5 сөйлем
|
6
|
2
|
5 немесе 6 сөйлем
|
7
|
2
|
6 немесе 7 сөйлем
|
8
|
2
|
7 немесе 8 сөйлем
|
9
|
2
|
8 немесе 9 сөйлем
|
10
|
2
|
9 немесе 10 сөйлем
|
11
|
2
|
10 немесе 11 сөйлем
|
ІV.Шығарма нормалары
Сыныбы
|
саны
|
сыныпта
|
үйде
|
5
|
4
|
3
|
1
|
6
|
4
|
3
|
2
|
7
|
4
|
3
|
2
|
8
|
4
|
3
|
2
|
9
|
4
|
4
|
2
|
10
|
4
|
4
|
2
|
11
|
4
|
4
|
2
|
V.Бағалау нормалары.
Баға
|
Қателер саны
|
«5»
|
1/0 1/0 0/1
|
«4»
|
3/3 2/4 1/5
|
«3»
|
6/5 5/6 3/8
|
«2»
|
9/5 8/9
|
ЖАЗБА ЖҰМЫСТАРЫНА ҚОЙЫЛАТЫН НЕГІЗГІ ТАЛАПТАР
Қазақ тілі мен әдебиетіндегі тіл дамыту жұмыстарын мынадай мақсаттар негізінде жүргізуге болады:
а) аз сөзге терең мағына сыйғызу (нақтылық, дәлдік);
ә) ойын бейнелі, көркем айшықты да шешен оралымдарды пайдалана отырып жеткізу (ауызша да, жазбаша да);
б) ауызекі сөйлеу тіліндегі мәнерлілік, айқындық, нақтылық, дәлдік, жүйелілік, еркіндік;
в) жазба тілдеріндегі жатықтық, сөздерді түрлендіре пайдалану, шешендік сауаттылық, жазу мәдениетіне қойылатын талаптарды меңгеру, көркем әдебиеттен алған білімдерін қазақ тілі сабақтарында, қазақ тілінен алған білімдерін әдебиетте пайдалана білу.
Шығарма жазуға үйрету жолдары
Жас ұрпаққа білім беруде олардың пәнге деген көзқарасын қалыптастыру үлкен рөл атқарады.Шығарма жазу үшін және оған жоспар құру әдістері оқушылардың ой – қабілеттерін арттыра түсетіні белгілі.Әдебиет сабағынан шығарма жазу - әдебиетті оқыту процесінің сапаға айналған нәтижесі болып табылады.Мұғалімнің педагогтік шеберлігі мен еңбегін айқындайтын, оқушының әдебиеттік ұғымын, білімін байқайтын, сынайтын көрсеткіш.
Арнайы нұсқау:
1.Бірінші беттің ортасына жұмыс иесінің аты- жөні жазылады.
2.Екінші бетке екі жол төменірек ашық және айқын етіп тақырып жазылады.Егер тақырып үзінді болып келсе, онда оның астына автордың аты жазылады.
3.Тақырыптан екі жол төменірек шығарманың жоспары жазылады.
Мектептегі шығарма жұмысы оқушының дүниеге көзқарасын қалыптастыруда игі ықпал ететіні сөзсіз.Олай болса шығарманың негізгі мақсаты – осы.Мектепте шығарма жазу жұмысының қай түрі болса да өте күрделі ой еңбегі, шығармашылық іс.Оқушының ақыл – ой қабілетін дамытып, белсенділігін арттыруда шығарма жұмысы орасан зор міндет атқарады.Сондықтан мұндай күрделі ақыл – ой еңбегін «шығармашылық» немесе «шығармашылық емес» деп атау ыңғайсыз – ақ.
Шығарманың өзін бірнеше топқа бөлуге болады:
1.Оқушының өз тәжірибесіне, алған әсеріне байланысты.
2.Еркін тақырыпқа жазылған шығарма.
3.Әдеби тақырыпқа жазылған шығарма.
Сонда оқушының өмірден көрген, бақылаған өз тәжірибесі, өз өміріне байланысты, осы негізде жазған шығармалары бірыңғай жүйеленеді.
Шығармашылық талапты орындау, оқушының алған тақырыпты толық меңгеріп, оған қажетті материалдарды саралап, тақырыпқа тікелей байланысы жоқ жанама мәселелерден аулақ болу жазу жұмысының тиімділігін арттырудың айғағы екенін мектеп тәжірибелерінен көруге болады.Жоғары сыныптағы шығарма жұмыстарының шығармашылық толғаныспен жазылуы үшін ең алдымен жазу жұмысының теориялық негіздерін білу шарт.
Шығарманың құрылысына назар аударғанда мына схемалық жүйені есте сақтау керек:
Достарыңызбен бөлісу: |