Тіл дамыту жұмысында



бет13/32
Дата25.04.2022
өлшемі4,21 Mb.
#32226
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   32
Мәтін бір рет оқылады.

Жоспар тақтада жазулы тұрады. Бірақ жоспарды ретімен жазбай, ауыстырып жазу керек.

Мысалы: 1. Заминге көмек.

2. Су алуға келген Замин.

3. Өзен жағасында.

Балалар жоспарды оқиды, мәтінді тыңдап отырады. Жоспарды түзетеді. Жоспарды түзетіп болған соң мәтін тағы бір рет оқылады. Мәтіннің мазмұны жоспар бойынша айтқызылады.


7. Мазмұндама. III жақты I жаққа айналдырып жазу. 5 сынып.

«Айқұлақ» мәтіні бойынша мазмұндама жазыңдар.

«Айқұлақ»-ұлттық ойын. Бұл ойын көктем, жаз айларында ойналады. «Айқұлақ» ойнау үшін кешқұрым ауыл балалары жиналып, орталарынан үш баланы шығарады. Олардың бірі –қасқыр, бірі-қойшы, бірі ит болады. Қасқыр болатын баланың маңдайын орамалмен байлайды, арасына киім-кешек тығып томпайтады. Балалар қасқырды жасырады. «Қойшыға» жыртық шапан, басына жаман бөрік кигізеді, қолына таяқ ұстатады. «Ит» қойшыға еріп, қойдың қасына жатады. Қалған балалар қой болады. Содан соң « қойлар» дүр етіп үркеді, «ит» абалайды, «қойшы» «қойларды» айырып алады. «Қасқыр» қайта-қайта шауып, бірде құр кетіп, бірде алып кетіп жүріп, «қойлардың» бәрін тауысады. Осылай ойын аяқталып, алғашқы тәртіппен қайта басталады.

Сұрақтар бойынша мазмұны талданады.

Сұрақтар:

  1. «Айқұлақ» ойыны қай кезде ойналады?

  2. Ойынның шарты бойынша қандай кейіпкерлер болады?

  3. «Қасқыр» болатын бала қалай киінеді?

  4. «Қойшы» болатын бала балаға не кигізеді?

  5. Қалған балалар нелер болады?

  6. Ойынның шарты қандай?

Мәтінге жоспар жасалады.

1. «Қасқыр» болатын бала.

2. «Қойшы» болатын бала.

3. «Ит» болатын бала.

Жоспар I жаққа айналдырылады. Әңгімеден түсінгендерін жазады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет