Мақсаты: Оқушылардың білімдерін жинақтап, тереңдету, қызығушылықтарын арттыру, шапшаңдыққа баулу, белсенділіктерін арттыру. Топпен жұмыс істей отырып, өзгенің пікірін құрметтеуге, ұйымшылдыққа баулу.
Ойын барысы:
І. Ұйымдастыру. Ойынның тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.
Бәйгеге түсіп жарыспай
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып,
Тәрбие, тәлім табар мән.
Бұл бәйге ойдың бәйгесі
Кім жүйрік ойға, сол алда,- дегендей, бүгінгі интеллектуалды ойынымыз сайыс түрінде өтеді. Осы уақытқа дейін алған білімдеріңді көрсетіп, ортаға салыңдар.
Ойынға 4 топ қатысады. Ойын V айналымнан тұрады.
Ойын ережесімен таныстыру.
Ойынды бастамас бұрын әр топ өзін, ұранымен таныстырады.
Енді ойынымыздың І - айналымын бастаймыз.
І айналым «Сиқырлы алаң» 10 ұяшық Зымыран деген сөздің орысша аудармасы. Ракета
20 ұяшық: Өзіңе дос, құшағы кең кім? Ана
30 ұяшық: Өзі талды, өзі қорған не? Талдықорған.
40 ұяшық: Ұйқышыл, маймақ не? Аю
50 Жарқыраған жұлдыз. Жымыңдаған жұлдыз деген не? Сөз тіркесі
60 Нені қазып қала болған?Жезқазған
70 Суы да ала, тауы да ала,Бар ма екен осыны білетін бала? Алатау, Алакөл.
80 Р,л,м әріптері қандай дыбыстарға жатады? Дауыссыз, үнді
90 Нүкте деген не? Бір нәрсені хабарлап айту
100 Батыл, батыр, ержүрек бұлар? Синоним сөздер
110 «Таяқ» сөзінде неше әріп, неше дыбыс бар? 4 әріп, 5 дыбыс
120 Ұяң дауыссыз дыбыстарды айтыңдар? Б,в, г, ғ, д ,ж ,з
ІІ айналым: «Спинер» ойыны
1. Сөздің әрі қарай бөлінбейтін, мағыналы бөлігі. (түбір)
2. «Бесінші» сөзі қандай сұраққа жауап береді(нешінші?)
3. Сын есімнің сұрақтары. (қ ндай? қай?)
2 топ
1. «Алтау» сөзі қандай сұраққа жауап береді? (нешеу?)
2. Әдемі сөзіне жуық мәндес сөзді ата. (сұлу, көркем)
3. Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымша қалай аталады? (жалғау)
ІІІ айналым «Сәттілік фортунасы» Бұл айналымда жұмбақ жасырамын, сендер жұмбақтың шешуін 3 тілде (қазақша, орысша, ағылшынша) айтуларың керек. Әр топ кезекпен 1 жұмбақты оқып, шешуін айтады.
1 топ
1. Қолы менен қаламы жоқ,
Бірақ сурет салады көп. (аяз – мороз)
2. Бірін - бірі қоштаған,
Бір үйден көрдім,
Қырық екі дос - жаран. (әріп – буква)
3. Жұқа тақтай бөлшегі,
Ұзындықтың өлшемі. (сызғыш – линейка)
2 топ
1. Қалқиып екі құлағы,
Елеңдеп, қорқып тұрады. (қоян - заяц)
2. Жолбарыстан аумайды,
Тышқандарды аулайды.(мысық – кошка)
3. Аяғы бар, басы бар,
Арқалаған тасы бар. (тасбақа - черепаха - tortoise)
ІІІ айналым «Сәттілік фортунасы»
«Айшықты сөздер»
Бұл айналымда бірнеше тұрақты сөз тіркестері беріледі. Бұл сөздермен біз ана тілі пәнінен шығармаларды оқығанда танысқанбыз. Ойланып, мағынасын айтуларың керек. (оқытып, жауабын тыңдау)
1топ
1. Төбесі көкке жетті (қуанды)
2. Ине шаншар жер жоқ (бос жер жоқ)
3. Қой аузынан шөп алмас (жуас)
2 топ
1. Төбе шашы тік тұрды (қорықты)
2. Қас пен көздің арасында (лезде, жылдам)
3. Қабағынан қар жауды (ашуланды)
3 топ
1. Бетінен оты шықты (ұялу)
2. Ит өлген жер (алыс)
V айналым «Сиқырлы сандық» «Естімеген елде көп» логикалық тапсырмалар
1. Су астында сіріңке жағуға бола ма? (болады егер сүңгуір қайықта болсаң)
2. Қандай сұраққа иә деп жауап бере алмайсың? (Ұйықтап жатырсың ба?)
3. Қандай ыдыстан тамақ жеуге болмайды? (бос)
4. Жұмылған көзбен не көруге болады? (түс)
5 Адам үйден биік секіре ала ма? (үй секірмейді)
6. Шайды қай қолмен араластырған дұрыс? (қасықпен)
7. Аспанда аяқ бола ма? (ай ақ болады)
8. Боранда тауық болады ма? (тау ық болады)
9. Анаң нені «төртке бөлген»? (ұйқысын төртке бөлген)
10. Бірін – бірі көрмейтін көрегендер не? (көз)
11. Еститін, бірақ көрмейтін не? (құлақ)
12. Иісшіл егіздер не? (мұрын)
13. Қандай тілдер болады?
(ҚАЗАҚ ТІЛІ, САҒАТ ТІЛІ, ӨТКІР ТІЛ, АНА ТІЛІ, ШЕТ ТІЛІ, АЩЫ ТІЛ, КӨРКЕМ ТІЛ, БАЛА ТІЛІ, БУЫНСЫЗ ТІЛ)
14. Көздің тілімізде кездесетін бірнеше түрі бар. Осы көз түрлерін тауып жаз
(күннің көзі, су көзі, ақпарат көзі, білім көзі т. б) Сайыс болған жерде жеңімпаз болу керек. Ендеше жеңімпаз қай топ екенін білейік. Жеңімпаздарды анықтап, марапаттау
Қорытынды Арғымаққа міндім деп,
Артқы топтан адаспа.
Күнінде өзім болдым деп,
Кеңпейілге таласпа.
Артық үшін айтысып,
Достарыңмен санаспа.
Ғылым жұрттан асты деп,
Кеңессіз сөзді бастама.
Жеңемін деп біреуді,
Өтірік сөзбен қостама - дей отырып, сайысымызды аяқтаймыз.
Келесі ойындарда кездескенше күн жақсы.
Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.