Мөж тақырыбы: Таласбек Әсемқұлов «Талтүс» шығармасы



бет1/6
Дата05.03.2023
өлшемі212,66 Kb.
#71568
  1   2   3   4   5   6

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

МӨЖ

Тақырыбы: Таласбек Әсемқұлов «Талтүс» шығармасы


Орындаған: 7M01701-қазақ тілі мен әдебиеті
1 курс магистранты Аубакир Дана
Тексерген: ф.ғ.к., аға оқытушы Сатемирова Дариға

Алматы, 2022 жыл




Кіріспе: постмодернистік ойын


«Талтүс» романы постмодернистік эксгибиционизммен айналыспайды. Түрлі инновациялық әдеби тәсілдерді қолдану арқылы постмодернизмнің авангарды болуға да ұмтылмайды. Десе де, автор қолданған нарратив стратегиялары, романның ризоматикалық сипаты және философиясы шығарманы постмодернистік интеллектуалды ойынның айқын мысалы ететіндей. Постмодернизм – жалаңаштану емес. Таласбек Әсемқұловтың өзі айтқандай, «постмодернизм – интеллектуалды ойын». Бұл жазушы мен оқырман арасындағы екіжақты ойын-диалог. Ал «Талтүс» – жоғары санаттағы ойын. Жазушы қолданған кейде экстремалды, кейде жасырын, кейде екіойлы тәсілдер «Талтүс» романының қазақ әдебиетінің дара романы атануына жол ашады.
Таласбек Әсемқұлов бір сөзінде «Мен экспериментке көп барамын. Мен жасаған эксперименттің қасиеті сол – ол көзге көп түсе бермейді» деген екен. Мақаланың мұраты – сол эксперименттердің сырын ашуға тырысу. Бүгінгі күнге дейін «Талтүс» жайлы айтылған ойлардың көбі рухани және ұлттық мәдениет бағытында өрбіді. Мысалы, романның алғашқы бетінде-ақ қолданылған флешбэк техникасы жайлы жазылған мақалаларды табу қиын. Шығарманыңнарративі мен онда қолданылған әдеби тәсілдер жайлы айтылған сөз көлемі романның даралығын көрсетпейтіндей. Мақалада неге бұлай болғандығын да түртіп өтеміз.
Ішкі тұрақталған фокализация тәсілінің экстремалды қолданылуын; азды-көпті байқалатын нарратордың санасы мен нарраторлық интрузиясын; Әжігерейдің ой-ақыл ағымын және верисимилитюд принциптерін бұзатындай қайғыға берілуі мен Гүлшаттың қоштасуда айтқан сөздерін және басқа да нарративке қатысты эксперименттік тәсілдерді (флешбэк, флешфорвард) анықтау арқылы біз романды жаңаша оқуды ұсынамыз. Әрине, мақалада айтылған тоқтамдармен келіспеу өз еркіңізде. Егер сол келіспеуден жауап туып жатса және жауабыңызды дәлелдеп жатсаңыз, құба- құп.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет